9. Қорғаныс рефлекстері. Пирамидалық жүйенің зақымдану симптомдарына, орталық сал ауруында байқалатын қорғаныс рефлекстері жатады. Қорғаныс рефлекстері дегеніміз – сал болып қалған аяқ–қолға тітіркендіргіштер әсер еткен кезде, ырықтан тыс жазылуы мен бүгілуі.
10. Патологиялық рефлекстер (жазылу және бүгілу). Патологиялық рефлекстер деп, ересек сау адамда пайда болмайтын, тек жүйке жүйесінің зақымдануында ғана байқалатын, мидың тежеуші әсерінің төмендеуімен байланысты рефлекстер (патологиялық рефлекстер пирамидалық жүйенің зақымдануынан пайда болады) аталады.
Патологиялық рефлекстер жазылу және бүгілу рефлекстері болып бөлінеді (аяқ-қол үшін). Бұл патологиялық рефлекстерпирамидалық жүйенің зақымдануында дами бастайтын, орталық (спастикалық) сал ауруының синдромын құрайды. 1 жасқа дейінгі балаларда, бұл рефлекстер патологиялық белгі болып саналмайды.
11. Позотондық рефлекстер Позотондық рефлекстер туа біткен, шартсыз рефлекстік қимыл-қозғалыс автоматизмдеріне жатады. Қалыпты дамудағы балаларда бұл рефлекстер, бала өмірінің алғашқы айларынан байқалады. Олардың біртіндеп жоғалуы, бала әрекетіндегі шартсыз рефлекторлық сатының пайда болуына қажет жағдай тудырады. Қалыпты дамуда 3 айдан кейін, позотондық рефлекстер мүлдем жоғалады. Ал бұл рефлекстердің сақталуы, ОЖЖ зақымдануының симптомы, яғни БЦП симптомы. Бұл рефлекстерді патологиялық рефлекстерге жатқызуға болады, себебі ересек сау адамдарда пайда болмайды. Церебральды сал аурулы балаларда аталған рефлекстер мектеп жасына дейін сақталады, келешекте бала денсаулығына ықпалы болады. Жоғары интегративті қозғалыс орталықтары, мидың қажетті, яғни рефлекторлық қозғалыс реакцияларын жүзеге асыратын бөліктеріне, тежеуші ықпал жасай алмайды, сондықтан оларды позотондық рефлекстерге жатқызады. Екінші жағынан, алып қарағанда, ми құрылымының белсенді қызметі, ырықты қимыл- қозғалысты, сөйлеуді және жоғары қыртыс қызметтерін реттейтін, ми қыртысының жоғары интегративті орталықтарының жетілуін тежейді.
Сөйлеу тек қана адамға тән, қайталанбас қабілет бола отырып, ойлау үдерісімен тікелей байланысты, адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін негізгі құралы.
«Сөйлеу патологиясы есту, көру және қозғалыс анализаторларының перифериялық және орталық бөліктерінің зақымдануы салдарынан болады. Есту анализаторларының перифериялық бөлігі зақымданған кезде, ауызша сөйлеуді қабылдау мүмкіндігі бұзылады. Бұл сенсорлық афазия немесе алалияны туғызады, сөйтіп, фонемалық қабылдау қабілеті зардап шегеді. Ал көру анализаторының кейбір бөліктерінің зақымдануы, жазба тілді қабылдау мүмкіндігін қиындатады. Сол сияқты, қозғалыс анализаторының моторлық аймақтарының зақымдануы, дыбыстаудың кемістігін тудырады. Себебі, артикуляциялық мүшелердің (тіл, ерін, таңдай) және статикалық мүшелердің (қатты таңдай), дыбыс шығару және тыныс алу мүшелерінің (көмей, өкпе, бронхылар, трахея, диафрагма) жұмыстары бұзылады. Жоғарыда аталғандардың барлығы, ғылыми әдебиеттерде сөйлеуге қатысатын қозғалыс анализаторының перифериялық бөлігі болып саналады.
Баланың құрсақтағы дамуы кезінде, миына әсер ететін түрлі қолайсыз, теріс жағдайлардың салдарынан, бала өмірінің алғашқы жылдарындағы алған жарақаттар т.б., сөйлеу патологиясын туғызады.
Сөйлеу кемістігінің құрылымы мен дәрежесі, мидың зақымдану деңгейімен және оқшаулануымен байланысты, ал бұл факторлар, миға әсер ететін патогендік себептердің уақытымен байланысты. Зақымданудың ең ауыр дәрежесі, эмбриогенез кезеңінде болады. Оның ішінде, алғашқы 3-4 ай немесе алғашқы триместр өте қауіпті кезең болып саналады. Ми жұмысының кемістігін туғызатын себептер, негізінен түрлі уланулар, жұқпалы аурулар, нейроинфекциялар т.б. (Н. С. Жукова, Е. М. Мастюкова, Т. Б. Филичева) болып саналады.