Сурет, сөз ойыны Жарайсыңдар!



бет12/15
Дата07.11.2022
өлшемі21,71 Mb.
#48286
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Лекция 7

Конституциональды ПДТ
Бұл гармониялық инфантилизмнің нақты көрінісі. Мұнда эмоциональды-ерікті саласы, дамудың ерте сатысында тоқтап қалған. Демек, қалыпты дамудағы сәби, баланың деңгейінде. Ойынға деген ынтасы басым, көңіл-күйлері үнемі жоғары, сенгіш. Мектеп жасына жеткенде, ойынға деген қызығушылықтары басым болады.
Соматогендік ПДТ
Бұл топқа жататын балалар түрлі соматикалық әлсіздіктерімен көзге түседі. Ұзақ уақытқа созылған жұқпалы аурулар, аллергиялық күйлер, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық кемістіктер, баланың психикалық дамуының тежелуіне себеп болады. Соматикалық әлсіз балаларға, танымдық белсенділіктің төмендігі, шаршағыштық тән, интеллектуалды және дене қуатын қажет ететін жаттығулардан олар тез шаршайды. Бір тапсырманы орындау үшін, ұзақ уақытты қажет етеді, сондай-ақ бұл балалардың жеке тұлғалық дамуында эгоцентризм мен өзімшілдік қалыптасады. Олар жұмыс істеуге құлықсыз, үнемі біреудің көмектесуі мен қамқорлық жасауына әдеттенген.
Психогендік ПДТ

Бұл тип, тәрбиедегі теріс әсерлердің салдарынан болады. Баланың жеке тұлғасы дұрыс қалыптаспайды. Аталмыш кемістіктің әлеуметтік генезі, оның патологиялық сипатын жоққа шығармайды. Баланың қоршаған ортасындағы психикасына әсер ететін келеңсіз жағдайлар, оның жүйке жүйесінде ауытқулар туғызуы мүмкін. Алдымен, вегетативті қызметтер бұзылады, одан соң, психикалық және эмоциональды салалар дамуында ауытқулар пайда болады. Кейде, мұндай жеке тұлғаның патологиялық дамуын, педагогикалық қамқорлықтан тыс қалған қалыпты дамудағы балалармен шатастырады. Әсіресе, психикалық тұрақсыз ПДТ түрінде анық көрініс береді. Оның себебі, қамқорлықтан тыс қалу, балада танымдық қызығушылық пен интеллектуалды қабілет дамымайды. Эмоционалды-ерікті саласының жетілмеуі, импульсивтіліктен байқалады. Жеке тұлға дамымауының тағы бір түрі, шектен тыс қамқорлық жасалған балаларда кездеседі. Бұл балаларда жауапкершілік сезімі, бастама, өз бетімен әрекет ету дағдылары қалыптаспайды.
ПДТ-ң бұл типінің пайда болуындағы негізгі фактор – әлеуметтік фактор, ол тежелудің патологиялық сипатын жоққа шығармайды. Демек, ПДТ-ң бұл түрінің пайда болуында, депривация (ада болу) немесе баланың өз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы жеткіліксіздіктер себеп бола алады. Дәстүр бойынша, депривацияның үш түрін ажыратады:
  • эмоционалды депривация – бала мен оны қоршаған орта арасындағы эмоционалды жақындықтың аздығы немесе мүлдем болмауы;
  • әлеуметтік депривация – баланың әлеуметтік қарым-қатынастарының аздығы немесе мүлдем болмауы;
  • сенсорлық депривация – баланы қоршаған ортада оның қабылдау, танымдық қабілеттерінің дамуына стимул жасаудың аздығы немесе мүлде болмауы;

  • Депривацияның ПДТ-н туғызатыны, арнайы коррекциялық, көмекке зәру жеке тұлғалық патологиялық дамуға себеп болуы, болмауы, педагогикалық көмекпен түзелетін «педагогикалық қамқорлықтан шет қалу» жағдайының пайда болуы– мұның барлығы, ең алдымен, баланың қай жаста депривацияға ұшырағанына, оның ұзақтығына байланысты мәселе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет