Свидетельство


  ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ


бет3/31
Дата15.03.2017
өлшемі
#9674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

20
 
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ

ретпен тіл қату,  өзінің қүрметін білдіру,  өтініш айту,  өмірлік жағдаяттарда 
көңілін сыпайы жеткізу,  жасалған  қүрметке  алғыс  білдіру,  т.б.  сол  сияқты 
қарым-қатынас түрін білдіретін сөздер мен сөз тіркестері қалыптасқан [1].
Тілдік қүралдарды таңдауды тілдің  сөйлеу  мәдениетінің  қатысымдық 
саласы   қарасты рады .  Сүхбаттасу  кезінде  әңгімеге  кем  дегенде  екі 
адам  қатысатындықтан  айтушының  сөзі,  ол  негізгі  ақпаратты  беруші 
болғандықтан, тындаушыға, негізгі ақпаратты қабылдаушыға, анық, түсінікті 
болумен  бірге,  айтушы  тілі  таза,  берілетін  мағына  дэл  болып,  ондағы  ой 
көркем сөйлемдермен  өрілуге  тиіс.  Мүндай қатысымдық  салаларға  сөздің 
дэлдігі,  түсініктілігі,  байлығы,  тілдің  тазалығы,  айқындылығы  сияқты 
мәселелер жатады.
Сөйлесу,  сүхбаттасу  кезіндегі  тілдік  қүрылымдардан,  сол  арқылы 
берілген  үлттық  стереотиптерден  эр  халықтың  түрмыстық  танымындағы, 
мінез-қүлқындағы, тілдесу эдебіндегі бірді-екілі басқа халықта байқалмайтын, 
тек сол халыққа ғана тэн ерекшелікті байқауға болады.  Мүндай ерекшелік 
қазақ халқында да бар. Мүны қазақ тіліндегі сүхбаттық тілдесім мәдениетінің 
семантикалық-қүрылымдық жэне стильдік табиғаты аңғартады.
Қазақ  сөйлеу  эдебінде  айтушы  өз  сөзінің  тыңдаушысына  түсінікті 
болуын ойлайды. Тыңдаушы да өз сөзін үзілді-кесілді етіп, батыл айтпайды. 
Айтушы  «осылай  жасасақ  қалай  болар  еді....»,  «меніңше  осы  дүрыс-ау 
деймін...»,  «сіз  қалай  ойлайсыз?...»  деген  формада  тындаушысына  назар 
аударады.  Ал тындаушысы да  «мен де  солай  ойлаймын...»,  «өзіңіз  біліңіз, 
маған да осы дүрыс сияқты...», «меніңше, былай болса деп едім, дүрысы сол 
шығар,  сіз  қарсы  емессіз  бе?...»  түрінде  келуі  мүмкін.  Басқаша  айтқанда, 
бірін-бірі тындау, бірінің сөзіне екіншісінің қүлақ асуы, сөзді тосып сөйлеу 
эдебі  қазақтардың  бірінен-бірі  өткен  шешендіктеріне  қарамай  жақсы 
сақталған.  Сондықтан да қазақ даласында ірі алқалы жиындарда, бірін-бірі 
тындамау, даурығу деген болмаған. Қайта керісінше, орынды айтылған сөзге, 
оны жас  адам айтса да,  тоқтаған.  Мүны «сөзге тоқтау» деп атаған.  Жалпы 
алғанда қазақ сыпайы сөйлегенді үнатады. Күнделікті түрмыста да мағынасы 
бердей екі сөйлемнің сыпайысын тандайды. Мысалы, театрда, көлікте, жалпы 
адам көп жиналған жерлерде  өтіп кету үшін «Былай түрыңызшы,  мен өтіп 
кетсем деп едім,  орныңыздан түрмас  па  екенсіз?!»  деуге де  болады.  Қазақ 
әдебі осының соңғысын тандайды, себебі соңғысы адамды мэжбүрлемейді, 
оған тандау мүмкіндігін туғызады.
Сөз  байлығы  -   күрделі  түсінік.  Ғылымда  тіл  мәдениеті  деп  жүрген 
саланы кейде сөз мәдениеті деп те атайды.
«Сөз  түзелді,  тыңдаушы  сен  де  түзел»,  «Сөз  айттым  Әзірет  Әлі, 
айдаһардың»  (Абай)  деген  жолдарында  сөз  деп  автор  поэзияны  меңзеп 
отьфса, «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез» дегендегі «сөз» ой- 
пікір деген мағынада айтылған.  Демек, тілдің эртүрлі мақсатта жүмсалуын
серия  Ф И ЛО ЛО ГИ ЧЕСКА Я .  2014.  № 2
 
21

сөз деп айтамыз. Осы себептен «сөз мэдениеті» деген термин жеке сөздерді 
қолданудағы  дүрыстық  деген  мағынаны  емес,  жалпы  тілді  жүмсаудағы 
түзулік  деген  үғым  деп  тануға  әбден  болады,  сондықтан  оқулықтар  мен 
ғылыми  әдебиеттерде,  баспасөз  беттері  мен  радио -те лехабарларда  «тіл 
мәдениеті», «сөз мэдениеті» деген атаулар кездесе қалса, оларды бір мағына 
деп түсінуге болады.
Сөз  мәдениеті  туралы  сөз  қозғағанда  жазу  мэдениетін  айналып  өту 
мүмкін  емес.  Сөз  мэдениеті  мен  жазу  мәдениеті  деген  терминдер  қатар 
үғымда  жүмсалады.  Өзара  мағыналас  болғанмен,  олардың  бір-бірінен 
айьфмашылығы да бар.  Сөз мәдениеті дегеніміз -  тілдік, коммуникативтік, 
этикалық  нормаларды  сақтай  отырып,  тілдік  қүралдарды  қарым-қатынас 
ерекшелігіне  сәйкес  талғап,  таңдап  қолдану  арқылы  коммуникативтік 
мақсатқа жету мүмкіндігін тиімді түрде үйымдастыру  [8].
Қазақ тіл білімінде «тіл мәдениеті» үғымын қалыптастырған профессор 
М.Балақаев: «Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер тағы басқалар рухани өмір 
табыстарының жиынтығы да,  сөз  мәдениеті дегеніміз -  тілдік тэсілдердің 
ширау,  жетілу  дэрежесі.  Сонымен  қатар  ол  тіл  жүмсаудағы  ізеттілік, 
сауаттылық  қана  емес,  тілдік  тәсілдерді,  фонетикалық,  орфоэпиялық, 
орфографияльщ, морфологияльщ, синтаксистік, стильдікқүбылыстыүқыпты, 
дүрыс қолдану дағдысы»  [9] деп көрсетеді.
Демек сөз мэдениеті дегенде, ең алдымен, әдеби тілді қалай меңгергеніне 
көңіл бөлеміз.  Сөйлеуші өзіне тэн тілдік ерекшеліктерімен қатар, жалпыға 
ортақ әдеби тілдің нормасынан хабардар болуға міндетті. Оның толып жатқан 
арналары, жолдары бар: мектеп, жоғары оқу орны, кітап, газст-жүрнал. радио, 
теледидар т.б.  бэрі-бэрі жалпы мэдениетке,  соның  ішінде  сөз  мэдениетіне 
баулиды.
Тілдік норма тілдің ішкі занды жүйелері негізінде дамып, қалыптасады. 
Тілдің дыбыс жүйесі,  сөз байлығы,  сөз мағыналары тілдің грамматикалық 
қүрылысы -  көне заманнан келе жатқан занды ерекшеліктеріне негізделеді. 
Сонымен  қатар  ауызекі  сөйлеу  тілінде  заңдылықтардан  ауытқитын,  эдеби 
нормадан тыс жатқан қүбылыстар да болады.
Қазақ әдеби тілі  халық тілінен  өзіне  керегін тандап-талғап,  сүрыптап 
алып,  оларды  жалпы жүртқа  ортақ  етіп  бір  ізге  түсіреді.  Бүл үрдіс,  бірер 
жылда аяқталмайды, үздіксіз дамып отырады.
Көпшілік  қолданысына  ие  болу  -   нормалылықтың  бір  белгісі  болып 
танылғанда,  мүны  тек  жоғарыдағыдай  сөздің  мағынасын  ғана  көріп 
қоймаймыз, тәжірибеден де табамыз. Мысалы кейбір сөздердің тек жағымсыз 
не жағымды мағынада ғана қолданылатындығы,  сондықтан  өзіне  қатысты 
сөздерді таңдап тіркесетіндігі -  сөз мәдениеті нормасы. Айталық, арцасында 
сөзі  жағымды  мағынадағы  тіркес  қүрайды:  денсаулыцтыц  арцасында, 
байлыцтыц  арцасында,  таланттыц  арцасында,  ал  ауруиіацдыцтыц
22
 
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ

арцасътда,  жоцтыцтың  арцасътда,  дарътсыздыцтыц  арцасътда,  деп 
айтылмайды,  ол  сөз  мәдениеті  нормасына да,  ауьпскі  тілге  де  сыймайды. 
Ал  белшесінен  батты,  етек  алды,  man  болды  деген  фразеологизмдер 
тек  жағымсыз  мағынаны  білдіреді,  сондықтан  олар  жагымды  магынаны 
сөздермен тіркеспейді. Мысалы, цамцорлыц етек алды, цуанышца man болды, 
баіілыққа  белшесінен  батты  сияқты  қолданыстар  мүлде  дүрыс  емес.  Сол 
сияқты көптеген етістіктер тек қана болымсыз түлғада жүмсалады, олардың 
болымды  түлғасы  жоқ.  Мысалы,  бет  цалмады  (үялу),  бет  бацтырмады 
(сөйлетпеді, сөз бермеді), бет бүрдырмады (мүмкіндік бермеді), бетіне жан 
келтірмеді  деген тіркестердің  бет  цалды,  бет  бацтырды,  бет  бүрдырды, 
бетіне жан келтірді деген жағымды сыңарлары бола алмайды.
Т іл д ік   қаты н ас  ж асау  н ем есе  сү х б атты қ   т іл д е с ім   -  ө зін д ік  
лингвопсихологиялық  ерекшеліктері  бар  қүбылыс.  Сондықтан  белгілі  бір 
халықтың  тілдесу  барысындағы  мэдени  ерекніелігі  соңғы  кезде  көптеген 
ғылым  саласы  мамандарының  қызығушылықпен  зерттейтін  нысанасына 
айналды.  Сүхбаттық  тілдесімнің  пайда  болуы  -   сөйлеу  эрекетінің  жемісі. 
Сөзіне  қарап  адамның  психологиялық  көңіл-күйін  (толқып  сөйлеу,  шын 
сөйлеу, өтірік сөйлеу, еркелете сөйлеу т.б.), оның мақсатын (сендіре сөйлеу, 
үгіттеу,  хабарлау),  оның  қатысымдық маңызын  (мазмүнды сөз,  мағынасыз 
сөз, бос сөз, ойлы сөз), айтушының тындаушысына көзқарасын (келемеждей 
сөйлеу, мақтай сөйлеу, қорқыта сөйлеу, кінэлай сөйлеу) т.б. байқап аңғаруға 
болады.
Сүхбаттық тілдесімде тіл өзінің мэн-маңызын барынша толық корсете 
алады.  Сүхбат  ешбір  дайындықсыз,  ешкімнің  мэжбүрлеуінсіз,  кенеттен 
күнделікті өмір тақырыбына да, саяси, мәдени, эдеби, іскери тақьфыптарға 
да  жүре  береді.  Сүхбаттық  тілдесімдегі  сөз  қатаң,  талап  қоюға  көнбейді, 
онда қалыпты нормативтік грамматикадан ауытқу да кездеседі.  Сүхбаттық 
тілдесімде  дауыс  ьфғағының да ерекше  мэні бар.  Қорыта  келе,  сүхбаттың 
тілдесім - өзінше тілдік қатынастың жүйеге қүрылған бірлік,  ол жекелеген 
қатысымдық , жағдаяттық айтылыстар тізбегінен түрады.
Өзге тілді дәрісханадағы қазақ тілінің оқулықтарында эрбір сабақтың 
тақыры бына  лайықталған  дайын  сүхбаттар  бар.  Бүлар  сол  тақырып 
көлеміндегі  ғана  лексиканы  қамтиды.  Мүндай  сүхбаттарды  рөлге  бөліп 
оқуда да, мазмүнын сүхбат түрінде айтып беруде де жэне т.б. тапсырмаларды 
орындаудың  кез  келгені  тек  сол  тақырып  ауқымынан  аспайды.  Мүндай 
сүхбаттар оқу сүхбаттары деп аталады  [10].
Әдістемелік әдебиеттерде «аутентикалық мәтіндер» деп аталып жүрген 
мәтіндер қазақ тіл білімінде «ауызекі тіл» деп берілген. Р.Әміров:  «Ауызекі 
тілде  айтылған сөз тындаушысына  өтімді болып,  бір пікірді мойындатуды 
немесе  міндеттеуді  мақсат  етеді,  я  болмаса  естіген  хабарынан  туған 
әсерді түрліше  білдіреді,  осыған  орай  қүрамында  экспрессивті,  эмоциялы
серия  Ф И ЛО ЛО ГИ ЧЕСКА Я .  2014.  № 2
 
23

лексика,  синтаксистік формалар ерекше көп жүмсалады, тілдесушілер сөзі 
полемикалық қатынасқа қүрылады»,  [11]- дейді.
Кез келген адамньщ өзге халықтьщ түрмысы мен мәдениетімен танысуы 
барысында  ең  әуелі  көзге  түсетіні  -   сол  елдің  адамдарының  бір-бірімен 
қарым-қатынас жасау барысындағы, әсіресе сүхбаттыц тілдесім үстіндегі 
әдеп  әлемі.  Осыған  орай  адамдардың  мінез-қүлқындағы  ерекшелік тілдік 
қатынас жасау барысында байқалады. Сүхбаттық тілдесім үрдісіне дайындау 
деген  -   тек  қана  эртүрлі  сөйлеу  түрлерін,  сөйлеу  клишелерін,  қажетті 
айтылыстарды білу ғана емес, сүхбаттық тілдесім эдебіне, сүхбаттық тілдесім 
мәдениетіне эзірлеу,  мэдениетті сөйлеуге қажетті сөйлеу  эдебі үлгілерімен 
таныстьфу.  Сөйлеу  әдебі  үлттық  ерекшеліктермен  айқындалады.  Әрбір 
халық өзінің сөйлеу эдебінің жүйесін қалыптастырған. Тілдік қатынас жасау 
ерекшелігіне  байланысты  сөйлеу  эдебінің  негізін  сөйлеу  формулалары 
қүрайды.  Оларды  былайша  жүйелеуге  болады:  1)сүхбаттық  тілдесімнің 
басында  айтылатын  сойлеу  формулалары;  2)сүхбаттық  тілдесімнің  орта 
түсындағы  айтушының  негізгі  ойы  баяндалатын  сойлеу  формулалары;
3 )сөз соңында айтылуға тиіс сойлеу формулалары [12]. Осыған байланысты, 
сүхбаттық тілдесім барысында адамның әдеп әлемі мына мэселелер арқылы 
көрінеді:  біреудің назарын аудару үшін оған қайырылу,  танысу,  сәлемдесу, 
қоштасу,  кешірім  сүрау,  алғыс  айту,  қүттықтау,  тілек  айту,  қүптау,  көңілін 
көтеру, көңіл айту, шақыру, үсыныс жасау, кеңес беру, өтініш жасау, келісім 
беру,  немесе  одан бас тарту.  Бүлардың тіл-тілде  қалыптасқан түрі,  айтылу 
реті  бар.  Кез  келген  елді  бір-бірінен  ажыратып,  ерекшелендіретін  -   сол 
халықтың басқалар үнгін таңсық көрінетін одет—ғүрып. салт-дәстүрі, өзіндік 
дағды-машықтары. Ал олар сөйлеу тілінде көрініс береді.  Сондай-ақ эрбір 
үлттың жеке адамының сол қалыптасқан түрақтанған сөйлеу формулаларын 
өзінше  қолдануы да  -   сүхбаттасу  үстінде  байқалатын  ерекшелік.  Мүндай 
ерекшелік  сүхбаттасымен  арақатынасына  (жасына,  қызметіне,  таныстық, 
туыстық қатынасына т.б.) қарай байқалуы ыктимал. Бүл арқылы сүхбаттастар 
бір-бірінің алған тәрбиесін, білімін, мінез-қүлқын бағамдай алады.
Адамдардың қарым-қатынасы ең алдымен тіл арқылы басталады десек, 
сол  тілдің  көмегімен  эртүрлі  мәдениеттер  арасындағы  сүхбаттастықпен 
тамьфлана өркен жаяды. Тіл -  жалаң тілдесу қүралы ғана емес, ол эр үлттың 
дәстүрлі мэдениетімен астасып жатқан аса күрделі қарым-қатынас қүралы. 
Өйткені тілін  сүйген,  оны  қадірлей  білген  адам  өзін де,  өзгені  де,  мәдени 
қүндыльщтарын да бағалай алады. «Тілсіз үлт, тілінен айрылған үлт дүниеде 
үлт болып жасай алмақ емес. Ондай үлт қүрымақ. Үлггың үлт болуына біріннгі 
шарт -  тіл»  деп,  ақын М.Жүмабаев  айтқандай,  тіл -  үлттың мәдени  коды. 
Тіл -  халықтың мәдениеті мен қуатының көрінісі. Қазақстанның болашағы 
қазақ  тілінде  деген  Елбасының  жолдауы  да  тілдің  осындай  қүдіретінен 
шығып  отьф.  Тілдің  ғажайып  мүмкіншілігі  бағаланып,  ол  заңды  түрде
24
 
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ

мемлекетіміздің тілі ретінде  бекітілді  [13].  Осыған байланысты,  тіліміздің 
қогамдық, мәдени-ағартушылық, рухани қызметі кеңейіп, элеуметтік қуаты 
артып отьфғаны аян. Бүл үрдіс тіліміздің қоғам өмірінің сан алуан саласына 
қызмет етуіне, соған орай оның ойды беру мүмкіндіктерінің үштаса. саралана 
түсуіне  жағдай  жасайтыны  белгілі  Яғни  қазақ  тілінің  руханиятымыздың 
өзегі  болуы  да,  мемлекеттік  тіл  мәртебесін,  элеуметтік  жауапкершілігін 
сақтай  алуы  да  оны  өз  деңгейінде  бар  болмысымен  қиюын  тауып  қалап, 
қисынын келтіре қолданумен байланысты. Себебі қазіргі кезде халықаралық 
қатынастардың  күшейіп,  соған  байланысты  халықтар  арасындағы  өзара 
түсіністік мәселесінің алдыңғы қатарға шығуы жэне Елбасының «Бэсекеге 
қабілетті Қазақстан үшін, бэсекеге қабілетті халық үшін» атты Жолдауына 
сәйкес  бэсекеге  қабілетті  елу  елдің  қатарына  қосылу  талабы  қазақ  тілін 
өзге үлт өкілдеріне оқытуда тіл мен мәдениет мәселесінің ара қатынасына, 
олардың  өзара  байланысына,  эртүрлі  үлт  өкілдері  арасында  сүхбаттық 
тілдесім мәдениетінің өзара түсіністік,  ынтымақтастық жағдайында өрбіп, 
қалыптасуына  айрықша  маңыз  беруді  қажет  етеді.  Сонымен  бірге  бүл 
талап оқыту үрдісінде үлтаралық жэне мәдениетаралық қатысымды негізге 
ала  отьфып,  эр  халықтың  тілі  мен  мәдениетіндегі  үлттық  ерекшеліктерді 
сыйлап, қүрметтеуге бағытталады. Себебі үлтаралық жэне мәдениетаралық 
қарым-қатынаста эр халықтың тілі мен мәдениетіндегі үлттық ерекшелікті 
есепке  алу  -  тілді  өзге  тіл ретінде  оқытудың  нәтижесі  болуындағы  басты 
шарттардың бірі ретіндегі әлеуметтік лингвистика мен лингводидактиканың 
басты салаларының қатарына жатады. Сондай-ақ, эрбір адам басқа мәдениет 
өкілімен  тілдесу  үстінде  өзінің  туган  елінің  мәдениеті  атынан  сөйлейді. 
Ол  тілдік  қатынас  қүралы  ретінде  өзінің  ана  тілін  пайдаланады.  Тілдесу 
үстінде адам өз халқының мәдениетін, үлттық ерекшелігін тілдік бірліктер 
арқылы,  эртүрлі  тілдік  қүралдар  мен  үлттық  таным  арқылы  білдіреді. 
Сүхбаттасушылар  осылайша  тілден  алган  білімдерін  де,  өздерін  де  жеке 
түлга ретінде көрсетуге мүмкіндік алады.
Ойымызды  жинақтай  келгенде,  тіл  мэдениетінің  басты  мақсаты  тек 
тілдік  нормалардың  (ауызша  жэне  жазбаша)  сақталынуы  гана  емес,  оны 
іс  жүзіне  асырудагы  жеке  түлганың  сөз  қолданым  мэдениетіне  де  көңіл 
аударуды  қажет  етеді.  «Бүгінгі  таңда  ана  тіліміз  үшін  күрес  екі  майданда 
жүргізілуі керек, бірі -  қазақ тілінің әлеуметтік қызмет аясын кеңейту, оны 
әсіресе кеңсе-ісқагаздарының да,  гылымның да,  заң-сот істерінің де тіліне 
айналдьфу  болса,  екіншісі  одан  кем  түспейтін  -   тіл  мәдениетін  көтеру, 
тілімізді тек дүрыс қана емес, эсерлі,  эдемі етіп жүмсау үшін күрес болуга 
тиіс», -  дейді академик Р.  Сыздық  [14].
Сонымен,  тілдік  түлга  өз  ойын  дэл,  түсінікті  жеткізу  үшін  біліммен 
қаруланып қана қоймай, тілдік қүралдарды үтымды пайдалана білуі қажет. 
Тілдік қүралдар түлганың сөз мәдениетінен көрініс табады.  Сөз мәдениеті
серия  Ф И ЛО ЛО ГИ ЧЕСКА Я .  2014.  № 2
 
25

тілдік түлганыц тіл қолданудағы білім, білік, дағдыларының бірлігі. Ал сөз 
мэдениетінің биік шыңы тілдік түлга көрсеткіші болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ
1  О марова, А.,  С аты балдина, X.  Қазақша сөйлеу  этикеті / -  Астана,
2006. - 3   6.
2  М анкеева,  Ж.  Қазақ  тіліндегі  этномәдени  атаулардың  танымдық 
негіздері / -  Алматы, 2008. -  356 б.
3  Уәли,  Н.  Қазақ  сөз  мәдениетінің  теориялық  негіздері  /  -   Алматы,
2007. -  50 6.
4  Хасанүлы  Махамбеттің  тілдік  түлгасы:  әлеуметтік  лингвистиалық 
жэне  психолингвистикалық  сыр-сипаты  /  Халықаралық  конференция 
материалдары. -  Алматы, 2003. -  230 6.
5 Қордабаев, Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары/ Алматы. 
Мектеп,  1 98 7.-  118-119 66.
6 Оразбаева, Ф. Тілдік қатынастың теориялық негізі / -  Алматы, 2009.
-  229-230 66.
7  Б ай тзд ісы щ л ы ,  А.  Бес  томдық  шығармалар  жинағы/  -   3-т.  Тіл  - 
қүралы. -  Алматы  :  «Алаш», 2005. -  29 6.
8 Б ай тұрсы щ лы , А. Т ілтағы лы м ы /-Алматы: «Анатілі», 1999.-448 6.
9 Балақаев, М. Б. Қазак әдеби тілі / -  Алматы:«Дайк-Пресс», 2007. -  786.
10  Воронина,  Г.  И.  Методика  обучения чтению  аутентичных текстов 
молодежных средств массовой информации учащихся завершающей ступени 
общего среднего образования с углубленным изучением иностранного языка/ 
Москва,  1994. -   15  б.
11  Әміров,  Р.  С.  Ауызекі  сойлеу  тілінің  синтаксистік  ерекшеліктері/
-  Алматы : Мектеп,  1977. -  6 б.
12  Ә лметова,  Ә.  С.  Қазақ  тілі  сабагында  студенттердің  сүхбаттық 
тілдесім  мәдениетін  қалыптастырудың  гылыми-эдістемелік  негіздері  /
-  Алматы, 2007. -  22 б.
13 ҚазакстанРеспубликасыньщ«Тілту])алы»Заңы/- Алматы, 1997. -346. 
14.Сыздық, Р. Ғылыми таным үзіктері / -  Алматы, 2009. -5 1 8  6.
Қараганды медициналық университеті, Қараганды қ.
Материал 29.04.14 редакцияга түсті.
А.  К. Алпысбаева, А.  С.  Ержанова, Г.  К. Масабаева 
Культура речи -  к а к  основное средство общественных отношений 
Карагандинский медицинский университет, г.  Караганда.
Материал поступил в редакцию 29.04.14.
26
 
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ

А.  К. Alpysbaeva, A.  S.  Erzhanova,  G.  К. Masabaeva
The culture of speech as the principal means of public relations
Karaganda Medical University, Karaganda.
Material received on 29.04.14.
В  статье  дана  общая характеристика  таким  понятиям  как 
богатство  словарного  запаса,  культура  речи,  которая  также 
является  составляющей  человеческих  действий,  о  месте  языка  в 
общественной  среде,  о  несовершенстве культуры речи  без освоения 
языкознания. Авторы сделали свои выводы, взяв за основу и ссылаясь 
на труды теных, исследовавших проблемы культуры языка, культуры 
речи  и хорошего тона.
The article provides a general description o f  such concepts asfluency 
o f  speech and vocabulary, which is a constituent part o f  human action, and 
also it covers the role o f language in the social environment and imperfec­
tions  o f  speech  culture  without  mastering linguistics.  The  authors  have 
made their conclusions based on  and referring to  the works o f  scientists 
who  have studied the problem  o f  language culture,  the culture o f  speech 
and good courtesy.
ӘОЖ 801.81  (5Қ)
H. Ғ. Аниева 
АҚЫН БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВТЫҢ АЙТЫСТАҒЫ 
ТАПҚЫРЛЫҒЫ
Бүл  м ақалада  т аны мал  халы қ  ақыны  Б.  Ә лімж ановт ы ң 
иіыгармашылыц  ж әне  мәдени  мурасы  қарастырылады.  Аңын 
шыгармашылыгының  поэтикальщ  куші  мен  өзіндік  мацамына  аса 
көңіл болінеді.
Фольклордың іргелі жанрларының бірі,  үлттық қүндылықтың ерекше 
түрі  -   айтыс  өнері.  Айтыс  -   заманалар  сүрлеуінен  шындала  өтіп,  жаңа 
ғасыр  табалдырығын  тосырқамай  аттаған  нағыз  өміршең  жанр.  Сонау 
жыраулар заманынан бермен қарай желісі үзілмей жалғасын тапқан ақындық 
дәстүрді Шөже,  Кемпірбай,  Түбек,  Сүйінбай,  Жамбыл,  Қүлмамбет  сынды 
айтыс  өнерінің майталмандары дамытса, кеңес дэуірңнде халық ақындары 
тарихынан  айтыс  өнеріне  деген  талап  пен  талпыныс,  ықылас-ыждахат
серия  Ф И ЛО ЛО ГИ ЧЕСКА Я .  2014.  № 2
 
27

ерекше болды.  Ал үшінші мыңжылдықтың аясында осынау асыл мүрамыз 
Аманжол,  Айнүр.  Ринат,  Бекарыс,  Мэлс,  Қарлығаш  тағы  басқа  бірқатар 
белгілі  айтыскерлеріміздің ат салысуымен қайта түлей жаңарып,  жаңа бір 
белеске көтерілді.  Ақындар айтысы -  күні бүгінге дейін әлем ғалымдарын 
таңқалдьфып, өзінің сиқырлы да қасиетті дүниесімен тэнті етіп келе жатқан 
киелі өнер.  Қазақ халқының рухани дүниесінің түп қазығы,  өзекті арнасы- 
импровизаторлық үлы сөз өнерінің ерекше қасиеттілігінде екені ежелден-ақ 
белгілі.
Осынау  үлтымыздың  сүйегіне  сіңген  қастерлі  өнерге,  іргелі  жанрға 
М.  Әуезов:  “Ақындар  айтысы -   өлеңмен  айтыс.  Анығында  өлең  жарысы, 
өнер  жарысы  ретінде  қолданылады.  Ақындар  айтысы  көпшілік  алдында 
туып,  орындалады.  Әнменен не  эр ақынның арнаулы сарынымен қобызға, 
домбьфаға, гармоньға қосылып айтады. Ақындардың осылайша кезектесіп, 
жауаптасатын өлеңдері екі жақты айтыс болады”  [ 1 ;318], —
 деген анықтама 
берсе,
С. 
Мүқанов:  “Айтыс  -   халық  өмірін  бейнелейтін  көркем  эдебиет 
саласының бірі. Одан халықтың қуанышы да, қайғысы да, заманына лайық 
өрбіген  тартыстың  формалары  да  көрінеді”  [2;5],  -   деген  түжьфымдама 
жасайды.
Б.  Әлімжановтың  ақындық  өнерінің,  суырыпсалмалық  қасиетінің 
нақты  көрінісі,  шығармашылық жолындағы  ауқымды  арналарының  бірі  -  
айтыстарынан аңғарылады.
Б.  Әлімжановтың  ақындық  шеберлігі  мен  тапқырлығы  арқасында 
кейбіреулеріндей ойы бытыраңқы,  берекесіз, нәрсіз шүбартпаға бармайды, 
өнерінің жинақылығы қомақты сыртқы түріне  сай,  ал ішінде  ой мен пікір 
үйлестігіне дэл түсіп жату ын қалайды. Өз қарсыласын бірден шығармашылық 
ізденіске,  нағыз  сайысқа  жетелей  жөнеледі.  Қарсыласының  міншілдігін 
орайлы  оймен  шөгеріп  тастайды.  Б.  Әлімжановтың  импровизаторлық 
өнерінің еркін дем, кең тынысты сілтесін оның айтыстарының қайсысынан 
болсын  аңғарып,  сезінуге  болады.  Ақын дэлелдерді,  үлкен  ойларды,  адам 
мінездемесін эрі шапшаң, эрі көркем өлеңмен айтып береді.
Суьфыпсалмалық  өнерді  жан-жақты  тексерген  М.  Жармүхамедүлы: 
“Айтыс ақындары өз дэуірінің перзенті.  Сондықтан өз заманының түсында 
жасаған  ақындар  эрдайым  өзінің  шыққан  руы  мен  ел-жүртының  талап- 
мүддесінен  табылып  отыруы  да  заңды.  Бүл  айтыс  ақындарының  бэріне 
тэн қасиет, онсыз айтыс біздегідей кең көлемдегі шырқау шыңына көтеріле 
алмаған болар еді”  [3;18], -  десе, М.Дүйсенов: “Қазіргі айтыс дәстүрінде эр 
ақын өз ауданы мен облысындағы жетістік табыстарын айтып, қарсыластары 
облысындағы  кейбір  өзі  байқаған  кем-кетіктерді  сыпайы  түрде  іліп  кетіп 
жатады. Сайып келгенде айтыс тақырыбының кенересі кең, ол заман, қоғам, 
адам туралы, бүгінгі күннің шындығы болып отыр. Жеке бастың ғана емес.
жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет