Syllabus пәннің атауы


Даниял Борисович Эльконин (1904-1984) – мәдени-тарихи



Pdf көрінісі
бет19/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78
Байланысты:
bala psiho4

Даниял Борисович Эльконин (1904-1984) – мәдени-тарихи 
теорияны
дамытушылардың бірі, оқытудың белсенді әдістерінің теориялық негіздемесін 
құрастырған. Ол – жас ерекшелік психологиясына елеулі үлес қосқан кеңес дәуірінің 
белгілі психологы. Оның балалардың мектептегі жасын кезеңдерге бөлуі жалпы кеңестік 
тұлға периодизациясының негізгі нұсқасына айналды. Жастық кезеңдер: сәби жасы (1 ай -
1 жас), ерте балалық шақ (1-3 жас), мектепке дейінгі жас (3-6 жас), бастауыш мектеп жасы 
(7-10 жас), орта мектеп жасы (11-15 жас), жоғары мектеп жасы (16-17 жас). 
Оқушының психикалық жаңа құрылымдары – оқушының белсенді іс-әрекет 
барысында оқу субъектісіне айналуында қалыптасатын психикалық дамудың (ақыл-ой, 
адамгершілік) жаңа ерекшеліктері. 
Сергей Леонидович Рубинштейн
(1889-1960) – белгілі кеңес психологы және 
философы. Оның көзқарасы бойынша, 
адам және психика алдымен практикалық іс-
әрекетте қалыптасып, көрініс табады
. Сондықтан олар негізгі іс-әрекет түрлеріндегі 
көрінісі арқылы зерттелінуі қажет. 
Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979) – 1920 жылдары Л.С.Выготский және 
А.Р.Луриямен бірге 
мәдени-тарихи теорияны құрастырған
кеңес психолог-
ғалымдарының бірі. Ол осы теорияға сүйене отырып, іс-әрекеттің жалпы психологиялық 
теориясын егжей-тегжейлі зерттеген. А. Н.Леонтьевтің іс-әрекет тұжырымдамасы 
психологияның басқа да әр түрлі салаларындағы көптеген зерттеулердің дамуына түрткі 
болды. 
№7 дәріс тақырыбы:
Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар. 
Дәрістің мазмұны:
1. Л.С.Выготскийдің жас дағдарыстары ұғымы және жас кезеңдері теориялары
2. Нәрестелік кезеңнің жас дағдарысы 
3. Психикалық дамудың қозғаушы күштері, оның шарттары. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуы бір қалыпты болмайды.
 
Мұнда біз бір жас кезеңдерінің бір шама баяу, бірте-бірте өзгеретіндігін, ескі психикалық 
белгілер жойылып, оның орнына жаңа психикалық белгілердің пайда бола бастайтынын 
байқап, кейде бала неғұрлым тез секірмелі түрде адам танымастай өзгеріп кететінін 
байқаймыз. 1-кезеңнен 2-кезеңге бұлай секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз.
Дағдарыс – қалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің 
нәтижесі. Дағдарыстардың бір қалыпты кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, 


бірнеше ай болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп 
қасиеттер тез өзгереді. Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін. Дағдарыстық 
және қалыпты даму кезеңдері кезектеседі. Сондықтан да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік 
кезеңі келесі сипатқа ие: 
- жаңа туылу дағдарысы – нәрестелік жас (2 ай-1 жас); 
- 1 жас дағдарысы – ерте балалық шақ (1-3жас): 
- 3 жас дағдарысы – мектепке дейінгі жас (3-7 жас): 
- 7 жас дағдарысы – мектеп жасы (7-13 жас); 
- 13 жас дағдарысы– пубертатты жас (13-17 жас) 
- 17 жас дағдарысы. 
Жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп П.П.Блонский мен Л.С.Выготский 
тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи даму үдерісінде балалар өсетін 
жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және 
бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды. 
Жас шамасы мен психикасының даму өзгешеліктерін білу үшін жас кезеңдерінің 
арасындағы сапалық өзгешеліктерді ажырату керек. Әр жас кезеңінің ұзақтығы әртүрлі 
болғанымен бір-біріне байланысты. Сондықтан әр жас шамасында балалық шақ кезеңі 
әртүрлі мөлшерде өтеді. Мысалы: нәрестелік кезеңде бір жылдың ішінде 5 сатыдан өтеді. 
1-3 жасқа дейін 3 сатыдан, бастауыш сыныпта 3-4 сатыдан өтеді. Бұл баланың денесінің 
және психикасының әр кезеңде біркелкі дамымайтындығын көрсететін ерекше факт.
Әрбір жас кезеңінде адамда белгілі іс-әрекет жетекші рөл атқарады. Іс-әрекеттің 
әрбір түрлері бала дамуына әр түрлі әсер етеді. Әр кезеңде болатын тұлғаның және 
психикалық функциялардың дамуындағы өзгерістер жетекші іс-әрекеттермен қамтылған. 
А.Н.Леонтьев жетекші іс-әрекеттің үш белгісін көрсетті. Біріншіден, жетекші іс-әрекет 
аясында іс-әрекеттің жаңа түрлері пайда болады және ажыратылады. Мысалы: бала ойнай 
отырып үйренеді: рөлдік ойында мектепке дейінгі балада оқудың элементтері 
қалыптасады. Екіншіден, жетекші іс-әрекетте арнайы психикалық функциялар 
қалыптасады. Мысалы, ойында шығармашылық қиял пайда болады. Үшіншіден, осы 
уақытта бақыланатын тұлғаның өзгерісі тәуелді.
Кез келген іс-әрекет жетекші бола алмайды.
0-ден 2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі жалғыз ғана 
биологиялық кезең, осы кезеңде бала әлі де болса әлеуметтік пенде емес, себебі жетекші 
іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді: 
1) ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу, қанайналым); 
2) тамақтану (сору, жұту); 
3) қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу); 
4) бағдарланушы (басын күшті тітіркендіргішке бұру); 
5) қозғалыстық (қамту, жүзу, адымдау, еңбектеу). 
Көптеген рефлекстер балаға өмір сүру үшін қажетті, себебі олар ортаға бейімделуді
1 жас, 3 жас және ең ақырғы - 7 жас. Бұл кезеңдерін өзін жас ерекшеліктеріне 
байланысты 3 кезеңге: 
1.Нәрестелік кезең туғаннан 1 жасқа дейін, бұның ішінде алғашқы
1 айға дейінгі уақыт, бөбектік кезең, жаңа туған кезең; 
2.Сәбилік кезең 1 жастан 3 жасқа дейін; 
3.Мектеп жасына дейінгі кезең, 3 тен 7 жасқа дейінгі; 
4.Бастауыш мектеп кезеңі, 7-12 жасқа дейінгі; 
5.Жас өспірім 12-15 жас; 
6.Жастық кезең 15-18 жас.
Мұндай жас кезеңдерінің өзі жас мөлшеріне қарай бөлінеді. Бірақ балалардың жас 
көрсетікіштері тұрақты болмайды.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі (бесік жасына 0-7 және еңбектеу 
жасына 7-12 ай ); 
1-ден 3 жасқа дейінгі кезді – бөбектер жасы; 
3-тен 7 жасқа дейін – сәби жасы; 
7-ден 11 жасқа дейін – періште жасы; 
11-ден 15 жасқа дейін – бозбала жасы; 


15-тен 20 жасқа дейін – үлкендер жасы 
Осы мағлұматтар баланың өз жасынан басқа әлеумет жасының кездескеніне дәлел 
бола алады. 
Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жас кезеңдерін төмендегідей 
топтастыруға болады. 
1.Жаңа туған бала – 1 күннен – 10 күнге дейін; 
2.Емшек жасындағы бала – 10 күннен – 1 жасқа дейін; 
3.Ерте балалық шақ – 1 жастан-3 жасқа дейін; 
4.Бірінші балалық шақ – 4 жастан – 7 жасқа дейін; 
5.Екінші балалық шақ – 8 жастан-12 жас (ер балалар), 8-11 жас (қыз балалар); 
6.Жеткіншек шақ – 13 жастан 16 жасқа дейін (ер балалар), 12 жастан 15 жас (қыз 
балалар); 
7.Жас өспірімдік шақ – 17 жастан 21 жасқа дейін (ер балалар), 16-20 жақа дейін (қыз 
балалар); 
Баланың дамуы психологиялық заңдылықтарды қамтитынын төменгі бағыттар 
бойынша түсіндірді: 
- бала дамуының күрделі құрылымы бар – баланың уақыты басқа уақытпен сәйкес 
келмейді. Өзінің ритмі, уақыты бар. Баланың өмір ритмі басқа өмір ритімімен сәйкес 
келмейді. Баланың психикасында сапалық өзгерістер болады; 
- дамудың сапалық өзгерістері бар – жаңа қасиеттер дамып толықтырылып отырады; 
- біркелкі емес баланың дамуы – әр кезеңге қарай әр түрлі керекті қызметтер 
дамиды. Баланың дамуы санамен байланысты. Сананың құрылымы жүйелі және 
мағыналы болады; 
- жоғарғы заң психикалық функциясының дамуы – баланың дамуы сыртқы әрекеттің 
ішкі әрекетке айналуымен байланысты болады.
Бала дамуының кезеңдерінің барлық ұсынылған схемаларын Л.С.Выготский үш 
топқа бөледі: 
1. Бірінші топ биогенетикалық заңға негізделген, осыған сәйкес онтогенез қысқаша 
түрде филогенезді қайталайды (С. Холл). 
2. Ғалымдардың екінші тобы жас кезеңдеріне бөлудің критерийлері ретінде қандай 
да бір белгіні алады. Кемшілігі, тек бір ғана критерий ұсынылады және де бұл бір кезеңде 
көрсеткішті және мәнді болған белгі келесі кезеңде мәнділігін жоғалтады, себебі даму 
барысында бірінші кезекте тұрған нәрселер, екінші кезекке ығыстырылады. 
3. Үшінші топ: сипаттаушы принциптен бала дамуының өзінің мәнді ерекшеліктерін 
бөлуге ауысу. Бұл теорияның кемшілігі: олардамудыңэволюциялық концепциясына 
бағдарланады (дамуда ешқандай
жаңа нәрсе пайда болмайды, мұнда тек о бастан берілген нәрселер ғана өсіп, 
ұлғаяды). 
Екінші критерий – бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке алу. Динамиканы 
анықтауда ең маңыздысы – тұлға мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасындағы 
қатынастарды есепке алу.
2.Нәрестелік кезеңнің жас дағдарысы. Бір жастағы дағдарыс. 
Өтпелі кезең беретін басты «Олжа» - Л. С. Выготский «автономды» деп атаған 
өзіндік ерекшелік бар тілі. 
Бір жастағы бала жаңа кезең – сәбилік шағына аяқ басарда көп нәрсені үйреніп 
үлгереді. Ол жүре бастайды, заттармен әрекеттеседі, үлкендер сөзін біршама түсінетін 
болады. Сөздері анық болмаса да сөйлеуге талпынады. Танымдық және эмоциялық 
жағына дами түседі. 
Нәрестенің эмоциялық сезімі. 
Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие
жағдайының әсерінен басқа да психикалық үдерістермен қатар дамып отырады. 
Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары, мысалы, 
кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады, 
қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде көрінеді. 
Денесінің қысылғанын, не ауырғанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ қолын қатты 
қозғалтып, долданып, қатты ашуланғанын білдіріп айғайлап жылайды. Осындай жағдайда 


тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй 
байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет