Syllabus пәннің атауы


Ым – белгіге, қармау – көрсеткішке



Pdf көрінісі
бет18/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78
Байланысты:
bala psiho4

Ым – белгіге, қармау – көрсеткішке
айналады. 


Міне, осыдан кейін ғана бала өз қимылына көрсеткіш ретінде қарай бастайды. Басқаларға 
деген ым (белгі) өзіңе деген ымға (белгіге) айналады. Сөйтіп, өзінің ымын ұғынуға бала ең 
соңынан жетеді. Оның мағынасы алдымен объективтік жағдайлар, ал соңынан баланы 
қоршаған адамдар арқылы жасалынады.
Барлық жоғары психикалық функциялардан адамдардың әлеуметтік қарым-
қатынастары көрініп жатады. Л.С.Выготский адамның психологиялық табиғаты дегеніміз 
ішке енгізілген және жеке адам функциясы мен оның құрылымының формалары болған 
қоғамдық қарым-қатынастар жиынтығы деп жазды. Жеке адамның қалыптасу үдерісі 
дегеніміз жеке адамның кім болып шығуы оның басқа адамдарға жасаған қарым-қатынасы 
арқылы болады деген сөз. 
Мінез-құлық дамуының құралы ретіндегі сыртқы белгілері баланың ақыл-ой өрісінің 
дамуында ақау бар, жоқтығын психологтың анықтау қажеттілігі туған жағдайда маңызды 
көрсеткіш (диагностық) құрал болып та саналады. Ақыл-ой дамуында кемшілігі бар 
балаға жүргізілген бақылаулар бала белгілерді қолданған жерде кемшіліктің орнын 
толтыру мүмкіншілігі сақталатынын, дамудың келешегі бар екенін көрсетіп отыр. Ал, 
белгілерді қолдану бөгелген немесе қалыптаспаған жағдайда ақыл-ой дамуының да 
бөгеліске түсетіні немесе тоқтап қалатыны анықталды. 
Оқу мотивациясы В.В.Давыдов пен Д.Б.Элькониннің теориясы бойынша іс-әрекет 
құрылымына кіретін маңызды компонент ретінде қарастырылады. Ол оқу үдерісінің 
алғашқы сатысында қалыптасады. 
Василий Васильевич Давыд
ов — педагогикалық психология саласындағы 
дамытушы оқыту теориясының негізін қалаушы, осы бағытта орта мектептерде жаңа білім 
беру бағдарламасын жасап, эксперименттік сыныптар ашқан. Ол 
А.Н.Леонтьевтің іс-
әрекет теориясы
шеңберінде ғылыми-зерттеулер жүргізген көрнекті кеңес психолог -
ғалымы болып табылады. 2) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет