Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор


Ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата06.03.2017
өлшемі1,69 Mb.
#7943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері 

46 
 
NURIS  ғылыми  орталықтарының  қызметкерлері  2013  жылы  жоғарыда 
көрсетілген  ғылыми/зерттеу  жобаларын  іске  асыру  аясында  мынадай 
бағыттарда әртүрлі ауқымды бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізді:  

 
Жаңартылмалы энергетиканың технологиясы және ақылды желілер; 

 
Күн сәулесін қолдану технологиясы; 

 
Энергетикалық жүйелер дамуын модельдеу; 

 
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар; 

 
Есептеуші зерттеулер (қолданбалы есептеуші математика); 

 
Робототехника; 

 
Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау экономикасы; 

 
Электротехника (оптоэлектронды аспаптарға арналған материалдар); 

 
Жаңа  препараттарды  әзірлеудегі  және  регенерациялық  медицинадағы 
зерттеулер; 

 
Туберкулезді  детекциялауға/анықтауға  арналған  биосенсорларды, 
инфекциялық  агенттер  мен  қатерлі  ісік  биологиясын,  ақуыз  экспрессиясы, 
сонымен  қатар  остео-артикулярлы  аурудың  модельдері  мен  механизмдерін 
әзірлеу; 

 
Органикалық  химия  және  химиялық  технологиялар  саласындағы 
қолданбалы зерттеулер. 
NURIS-тің 2013 жылғы ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері төмендегі 
6.1-кестеде ұсынылады. 
 
6.1-кесте. NURIS-тің 2013 жылғы ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері 
 
NURIS ғылыми-зерттеу қызметінің көрсеткіштері 
2013 
жыл 
Іске асырылған ғылыми жобалардың жалпы саны 
56 
- соның ішінде, дүние жүзінің және Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми 
орталықтарымен бірлескен ғылыми зерттеулер 
29 
 
Университет мектептері оқытушыларының қатысуымен іске асырылған 
жобалардың саны 
18 
Халықаралық рецензияланатын журналдардағы, халықаралық конференциялар 
жинақтарындағы жарияланымдардың жалпы саны 
39 
- соның ішінде,  Web of Knowledge, ScienceDirect және Springer  индекстелетін 
журналдардағы жарияланымдар саны 
22 
- соның ішінде, 3-тен астам импакт-факторы бар журналдардағы 

Халықаралық конференциялар жинақтарындағы рецензияланатын 
жарияланымдар 
17 
Патент алуға өтінімдердің саны 
12 
Алынған патент саны 

 
NURIS жүзеге асыратын ғылыми жобалар бойынша 22 шетелдік және 7 
қазақстандық  ғылыми  ұйымдармен  бірлесіп  жұмыс  жасайды.  Оның  ішінде, 
бірлескен жобалар келесі университеттермен, ғылыми ұйымдармен, сондай-
ақ мемлекеттік мекемелермен бірге жүргізіледі: Пердью университеті, АҚШ; 
Питсбург  университеті,  АҚШ;  Техас  университеті,  АҚШ;  Айова  штаты 

47 
 
университеті, АҚШ; Арканзас штаты университеті, АҚШ; Нью-Йорк штаты 
университеті,  АҚШ;  Квинсленд  университеті,  Австралия;  Ғылымдар  мен 
технологиялар  институты,  Австрия;  Нагоя  технологиялар  институты, 
Жапония;  Витватерсранд  Университеті,  ОАР;  Токио  Технологиялық 
институты,  Жапония;  Измир  Технологиялық  институты,  Түркия;  Лондон 
университеттік  колледжі,  Англия;  Бұзбай  бағалаудың  зерттеу  орталығы, 
Австрия;  Лоуренс  ат.  Ұлттық  зертхана,  АҚШ;  Техас  ауылшаруашылығы 
және  инженерлік  университеті,  АҚШ;  Сэнфорд-Бернам  биомедициналық 
зерттеу институты, АҚШ; Мичиган штаты университеті, АҚШ;  Инженерия, 
есептеу  техникасы  және  суреттерді  өңдеу  зертханасы,  Франция;  РҒА  СБ 
Пулков  астрономиялық  обсерватория,  Ресей;  РҒА  СБ  С.Л. Соболев 
атындағы  Математика  институты,  Ресей;  РҒА  СБ  Жылу  физикасы 
институты, Новосибирск, Ресей, және т.б. 
 
«Өмір туралы ғылымдар орталығы» 
Өмір  туралы  ғылымдар  орталығы  (бұдан  әрі  –  ӨҒО)  Назарбаев 
университетінің интеграцияланған денсаулық сақтау жүйесінің құрамдас бөлігі 
болып  табылады,  оған  Орталықтан  басқа,  Ұлттық  медицина  клиникаларының 
емханалары, сондай-ақ болашақта Университеттің медициналық мектебі кіреді.   
2013 жылы ӨҒО-да әр түрлі ауқымдағы 27 жоба бойынша ғылыми-зерттеу 
жұмыстары жүргізілді: 
Ғылыми-зерттеу 
қызметінің 
нәтижелері. 
2013 ж. 
Назарбаев 
Университетінің  Өмір  туралы  ғылымдар  орталығының  орындалған  ғылыми-
техникалық  бағдарламалары  мен  жобалары  шеңберінде  мынадай  ғылыми 
нәтижелер алынды: 

 
Қазақстан 
Республикасында 
GCP- ICH 
стандарты 
бойынша 
халықаралық клиникалық зерттеулерді өрістетуге жағдайлар жасалды.  

 
Хирургиялық  инфекциялардың  ауыр  түрлерін  емдеу  тиімділігін 
арттыратын  антибиотиктерді  тасымалдауға  бағытталған  жаңа  оригиналды 
отандық технология әзірленді және енгізілуде. 

 
Қазақстандық 
үлкен 
популяцияда 
алғаш 
рет 
денсаулық 
детерменантына  эпидемиологиялық  зерттеу  жүргізіліп,  әлемдегі  басқа 
елдердегі  сияқты  әлеуметтік-экономикалық  фактор  ретінде  біздің  елімізде  де 
көп жағдайда денсаулық мәселесі алғышарт екендігі айқындалды.  

 
ПЭТ/КТ  диагностиканың  әдістері  жетілдірілді,  қатерлі  ісік  және 
қабыну  ауруларына  дифференциалды  диагностика  жүргізу  үшін  «18-
фтордезоксиглюкоза» 
радиофармпрепаратпен 
лейкоциттерді 
белгілеу 
технологиясы әзірленді. 

 
Осы факторлардың туберкулезге бейімділікті айқындайтын және 2011-
2013  жылдар  аралығындағы  кезеңде  Қазақстан  Республикасы  халқының 
туберкулезбен  ауру  көрсеткіштерінің  интерактивті  геоақпараттық  базасы 
жасалды. 

 
ДНК  банкі,  қан  үлгілері,  қазақ  халқының  дені  сау  тұлғаларының 
шартты түрде алынған ақпараттық деректері жасалды. 

48 
 

 
Қазақстанда  тұңғыш  рет  (NGS)  HiSeq2000,  Illuminа,  және  GS  FLX+ 
Roche,  Germany  жоғары  өнімді  секвенирлеу  платформаларын  пайдалана 
отырып, секвенирлеу әдісінің жаңа буыны апробацияланды және енгізілді. 

 
Қазақстанда  тұңғыш  рет  жаңа  буынды,  толық  геномдарды,  толық 
экзомдарды,  транскриптомдарды  секвенирлеу  деректерін  талдау  бойынша 
биоақпараттандыру мектебі құрылды. 

 
Мерзіміне  жетпеген  жүктілік  кезінде  (24-32  апталық)  ұрық  қабының 
мерзімінен бұрын, туғанға дейінгі жыртылуын тері астына имплантацияланған 
порт-жүйе  арқылы  үзіліссіз  амниоинфузияны  пайдалана  отырып  емдеудің  
жаңа әдісінің тактикасы әзірленді. 

 
Жарақатталу  үрдісінің  барысын  бақылауға  және  жарақат  пен  күйіктің 
жазылуын  тездетуді  бақылауға  мүмкіндік  беретін  криогель  негізінде  жаңа 
заманауи  әдіспен  жара  бетінің  қабықтануына  ден  қою  әдісін  әзірлеу 
жүргізілуде. 

 
Антибактериалдық 
тиімділікті 
ұлғайту 
мақсатында 
кейіннен 
жарақатты  таңу  материалының  құрамына  кіргізу  үшін  белгілі  бір 
конфигурациядағы күміс және алтын нанобөліктерін алу әдісі әзірленді. 

 
р21 қартаю индукторымен кДНК конструкциясы алынды. Конструкция 
индукциялау  кезінде  сүтқоректілердің  жасушасына  жасушалық  циклді 
трансфектирлендірді,  бұл  индукциялау  кезінде  жасушалық  циклді  тоқтатуға 
және жасушалар моделінің қарқынды қартаюына алып келеді.  

 
Концентрациясы  өткізу  мүмкіндігі  жоғары  MSD  платформаны 
пайдалана  отырып  айқындалған  ұқсас  секреторлық  фенотиптерде  (САСФ) 
қартаюды зерттеу үшін жасушалық линиялар жасалды.  

 
Бауырдың  индуциирленген  циррозы  бар  жануарларға  аллогенді 
гепатоциттерді  интраперитонеалды  трансплантациялау  әдісін  қолдану  қанның 
биохимиялық  көрсеткіштерін  айтарлықтай  жақсартатыны  және  жануарлар 
өлімін  азайтататыны  белгілі  болды.  Алынған  деректер  инновациялық 
жасушалық  технологияларды  қолдана  отырып  гепатобилиарлы  патологиясы 
бар  ауруларды  емдеудің  жаңа  әдістерін  әзірлеуде  және  енгізуде  жаңа 
перспективалар ашады.    

 
Цитотоксиндік  қасиеті  жоқ  және  мезенхимальды  "дің"  тәріздес 
клеткалармен  және  остеопороз  кезінде  сүйек  тканьдерінің  регенерациясын 
ынталандыру  мүмкіндіктеріне  бұдан  әрі  клиникаға  дейінгі  сынақтар  жүргізу 
үшін  in  vitro  сүйек  тіндері  фрагменттерімен  тұрақты  байланысуға  бейім  жаңа 
остеоспицификалық полимер синтезделді.   

 
RAGE  рецепторымен  β-амилоид  белогы  Альцгеймер  ауруына  ұқсас 
өзара  әрекет  барысы  зерделенді;  жүргізілген  зерттеулер  нәтижесінде  RAGE 
рецепторын  оқшаулау  β-амилоидтың  цитотоксиндік  әрекетін  нивелирлейтіні 
анықталды,  осылайша,  RAGE/Аβ  өсінің  жаңа  оқшаулағышын  іздеу 
Альцгеймер  ауруының  алдын  алуға  және  емдеуге  арналған  жаңа 
препараттарды әзірлеу үшін болашағы бар бағыт болып  табылады. Сондай-ақ 
бета  амилоидтың  механикалық  және  адгезивтік  церебралды  эндотелия 
жасушалары  мембранасының  қасиетіне  ықпалы  зерделенді  және  статиннің  β-

49 
 
амилоидының клеткалық мембраналардың биофизикалық параметрлеріне теріс 
ықпалын нивелирлеу қабілеті көрсетілген.  
Интеллектуалдық меншік құқықтарын халықаралық тіркеу: 

 
Еуразиялық  патент  алынды:  бактериялар  консорциумы  (Streptococcus 
Thermophiles  A1,  Lactococcus  Lactis  A1-1,  Lactobacillus  plantarum  SH2, 
Lactobacillus  fermentum  PL3,  Lactobacillus  acidophilus  K4,  Bifidobacterium 
longum PL5,  Bifidobacterium bifidum KI 6). 

 
Еуразиялық  патенттік  ведомствосының  «Катетер»  ойлап  табуға 
арналған  порт-жүйелерді  жетілдіру  бойынша  басымдық  берілген  анықтама 
алынды.  Осы  өнертабысты  АҚШ-тың,  Жапонияның  және  ҚХР-ның  патенттік 
ведомстволарында патенттеу жүргізілді. 

 
Бұған  қоса,  Еуразиялық  патенттік  ведомствосында  өнертабысқа  1 
өтінім  және  Ұлттық  патенттік  ведомствода  өнертабысқа  4  өтінім  қарауға 
берілген. 
ӨҒО  өз  жобаларымен  қатар  әлемнің  көптеген  жетекші  ғылыми-зерттеу 
институттарымен  және  ұйымдарымен  ұзақ  мерзімді  әріптестік  қарым-
қатынастар белгіледі, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобалармен жұмыс істеді. 
ӨҒО-ның  зерттеу  әріптестері  мыналар  болып  табылады:  МакГован 
регенеративті медицина институты, Питтсбург, АҚШ; Колумбия Университеті, 
АҚШ;  Дьюк  Университеті,  АҚШ;  Ұлттық  қатерлі  ісік  орталығы,  Жапония; 
Кардифф Университеті, Ұлыбритания және т.б.   
 
 
РЕСПУБЛИКАНЫҢ ЖОО МЕН ҒЫЛЫМИ 
ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ 
 
«Шикізат пен өнімді терең өңдеу» басымдығы 
 
Сейсмология саласында 
Сейсмологиялық 
ғылым 
саласындағы 
соңғы 
2-3 
жылдағы 
материалдарды  талдауды  тұтастай  алғанда,  әлемде  зерттеулер  мынадай 
бағыттарда жүргізілетінін көрсетеді: 
− жер сілкіністерінің модельдері, Жердің ішкі құрылымы, сейсмикалық 
құбылыстардың механикасы және жер сілкіністерінің физикасы; 
− жер сілкіністерін болжау; 
− табиғи 
(табиғаттағы) 
және 
индуцияланған 
(техногенді) 
сейсмикалықтың ерекшеліктері; 
− болған жер сілкіністерінің себептерін, салдарларын зерделеу; 
− әлемде болған елеулі жер сілкіністері туралы ақпарат; 
− аумақтың  сейсмикалық  қауіпсіздігін  бағалау,  сейсмикалық  тұрғыдан 
ықшам аудандарға бөлу; 
− сейсмикалық  тәуекелді  бағалау,  стратегиялық  объектілердің  жер 
сілкінісі кезіндегі сейсмикалық өзгеріске түсуін талдау. 
Жер  сілкіністері  пайда  болуының  қазіргі  бар  модельдері  тектоникалық 
өзгеріске  ұшырау  әлеуетті  маңызды  бағалауларды  кіргізе  отырып  және 

50 
 
әртүрлі  тектоникалық  режимдерде  модельдер  өлшемдерінің  өзгеруіне  жол 
бере отырып кеңейтілді. Жер бетінде мынадай бес режим бөліп көрсетіледі: 
1) желобтар (субдукция және мұхиттық  конвергенттік шекаралар, сондай-ақ 
сыртқы  дөңестердегі  немесе  сырғымалы  плитадағы  ЗТ  қоса  алғанда), 
2) жылдам  спредингті  төбелер  және  мұхиттық  трансформалар,  3) баяу 
спредингті  төбелер  және  трансформалар,  4) белсенді  континентальды 
аймақтар, 5) плиталардың ішкі аумақтары (алдыңғы режимдерге кірмеген).  
Мантиялық салада толқындардың қысқа кезеңді, сондай-ақ ұзақ кезеңді 
басылуына  және  олардың  ортаға  тән  өңірлік  сипаттармен  байланысына 
терең зерттеулер жүргізіледі. 
Зерттеулердің  айтарлықтай  саны  [13-16]  жер  сілкіністерінің  циклон-
дармен  өзара  байланысын  іздеуге  бағытталған.  Алайда,  жұмыстардың 
ешқайсысында  да  жерсілкіністері  мен  циклондар  арасында  өзара  айқын 
байланыс анықталған жоқ. 
Жапониядағы апатты жер сілкінісі 2011 жылғы 11 наурызда 14 сағат 46 
минутта болды. Жер сілкінісі магнитудасы – М = 9. Жер сілкінісі ошағынан 
бөлінген  энергияның  көрсетілген  сипаттамасы  жер  шарындағы  барынша 
ықтимал  шама  болып  табылады.  Жер  сілкінісінің  ошағы  Тынық  мұхит 
акваториясында,  24  км  тереңдікте  болды.  Жағалау  сызығынан  жер  сілкінісі 
ошағына  дейінгі  арақашықтық  –  130  км.  Осы  күшті  жер  сілкінісінің  ошағы 
нүкте  емес,  ошақ  аймағы  деп  аталатын,  мұхит  түбінің  ұзындығы  500  км 
жуық айырым аймағымен сипатталатын аймақ болып табылатынын ескерген 
жөн. 
Осылайша,  цунами,  яғни  барынша  қауіпті  сипатты,  ұзындығы  500  км 
жуық,  Хонсю  аралының  жағалау  сызығына  параллель  толқын пайда  болды. 
Цунами  қалалар  мен  елді  мекендердің  барлық  өнеркәсіп  объектілерінің 
жұмысына  теріс  ықпалын  тигізді.  Қазіргі  кезде  Жапонияда  цунамиден 
зардап  шеккен  өңірлер  ғана  емес,  бүкіл  Жапония  электр  энергиясына 
тапшылық көріп отырғаны байқалады. 
Егер  Жапонияда  энергияның  50%-ы  тасымалданатын  көмірсутегі 
шикізатымен  −  мұнай  өнімдері  мен  көмірден  өндірілетінін,  40%  –  атом 
станциялары  өндіретінін  және  небәрі  10%  ғана  су  электр  станцияларынан 
алынатынын ескерсек, Жапония үшін атом энергетика кешендерінің  жұмыс 
істеуі  Жапония  экономикасы  үшін  айрықша  мемлекеттік  маңызы  бар 
екендігі  түсінікті.  Негізінде,  топырақ  массивінің  ауытқуы  мен  цунамидің 
ықпалынан  болған  динамикалық  соққыдан  нақты  күшеюлерді  ескере 
отырып,  конструкцияларды,  жүйелер  мен  ғимараттарды  сейсмикалық 
қорғаудың  нақты  шараларын  қолданған  кезде,  сейсмикалық  типтегі  әсер 
етулер кезінде кез келген жүйенің сенімділігін 100% қамтамасыз ету мүмкін 
болады.  «Фукусима»  АЭС-ның  конструкциясы,  жабдықтары  мен  ғимарат-
тары  биіктігі  6  метр  цунамидің  динамикалық  соққысына  есептелген  болып 
отыр,  ал  жоғарыда  аталған  жер  сілкінісінде  толқынның  биіктігі  10  метр 
болған. Осылайша, объектіге түскен нақты жүктеме есептелгеннен екі есеге 

51 
 
жуық  жоғары  болды  және  осы  арқылы  станцияның  қирауы,  радиоактивті 
және уландырғыш заттардың жайылып кету себебі түсіндіріледі. 
Аумақтарды  сейсмикалық  аудандарға  бөлу  бойынша  жұмыс  жүргізу 
кезінде жергілікті жердің рельефі, аумақтың топырақ жағдайы, сейсмикалық 
опырылған  жерлер,  гипоцентр  тереңдігі  бар  сейсмикалық  белсенді  байла-
ныстар, қауіпті геологиялық үдерістер және басқалары айрықша маңызға ие. 
Жер 
сілкінісінен 
кейін 
босқындарды 
қоныстандыру 
үшін 
арақашықтықтан  зерделеу  әдістері  және  ГАЖ  (геоақпараттық  жүйелер) 
пайдаланылады.  Қауіптілік  болуының  сегіз  белгісі  пайдаланылады: 
геологиялық  қауіптілік,  жердің  опырылу  құрылымдары,  өсімдік  қабаты, 
қоныстанған  жер  болуы,  жолдың,  сумен  қамтылған  болуы,  рельеф, 
биіктіктің ауытқуы. 
Аумақ  бойынша  әртүрлі  генетикалық  типтердің  геологиялық 
үдерістерін бөлу қарастырылды, көптеген сейсмогравитациялық құбылыстар 
(опырылу,  сырғыма,  тас  және  лай  көшкіндері  және  т.б.)  анықталды  және 
сейсмикалық басым аймақтар бөліп көрсетіледі.  
Құрылыс  жұмыстары  сапасының  нашарлығынан  басқа,  плотиналардың 
қауіпсіздігіне  қатер  төну,  топырақ  материалдарының  жоба  шарттарына 
сәйкес  келмеуі,  су  ағызу  ғимараттарының  өткізу  бейімділігінің 
жеткіліксіздігі  плотиналардың  және  оның  негіздерінің  ықтимал  қисаюына 
себепші  болады.  Апаттың  «Қатпар»типті  теориясының  және  оның 
үйлесімділік  қызметі  негізінде  бетон  бөгетінің  тегеурінді  осал  тұсынаң 
бұзылыстарын  өлшеу  мәліметтерімен  және  уақыт  пен  температураны, 
қысымды есепке ала отырып сейсмикалық және тағы басқа әсер ету кезіндегі 
бөгеттің тұрақтылығының талдауы үшін модель құрылады. 
Қатты  жер  сілкінісі  кезінде  болған  тұрғындармен  тұрмыстық  мақсатта 
орындалған  үйінді  топырақтың  бүлінуі  қарастырылған.  Статистикалық 
талдау  нәтижелері  бүліну  дәрежесі  үйінді  топырақтың  қалыңдығына, 
сондай-ақ жерасты суларының деңгейіне байланысты екенін көрсетіп отыр. 
QuickBird  серігінің  жер  сілкінісіне  дейінгі  жасалған  векторлық 
карталарды  және  бұрынғы  сейсмикалық  түсірілімдерді  пайдалана  отырып, 
халық  тығыз  орналасқан  облыстардағы  жолдардың  бұзылу  дәрежесін 
автоматты түрде анықтау әдісі ұсынылады. Бірінші деректер ГАЖ көмегімен 
алынды,  текстура  ерекшеліктері  жиынтықталған  алгоритмнің  көмегімен 
алынды. 
ЮНЕСКО-ның  жыл  сайынғы  жер  шарындағы  «ыстық  нүктелерге» 
барып өткізетін отырыстары (Түркия, Индонезия, Чили, Жапония және т.б.) 
осы  ұйым  шеңберінде  жүргізілген  зерттеулердің  сейсмикалықтан  кейінгі 
үдерістерді,  құбылыстарды  зерделеуге  және  салдарларын  жою  жөнінде 
нақты шаралар қабылдауға бағытталғанын көрсетеді [17-19]. 
Жер  сілкінісін  болжау,  сейсмикалық  қауіптілікті  бағалау  және  халық 
шаруашылығы  объектілерінің  сейсмикалық  төзімділігін  қамтамасыз  ету 
мәселелері  біздің  еліміздің  сейсмикалық  қауіпсіздігі  проблемаларын  шешу 
кезінде негізін қалайтын мәселелер болып табылады. 

52 
 
Жер  сілкіністерін  болжау.  Әлемде  жер  сілкіністерін  болжау  мәселесі 
бойынша сан алуан пікірлер бар: оптимистік пікірден бастап мүлдем қарама-
қайшы  пікірге  дейін.  Солай  бола  тұрса  да,  сейсмологтар,  Жер  туралы 
ғылымның соңғы жетістіктерін және сейсмологиялық мониторингтің қазіргі 
заманғы  жүйелерінің  нәтижелерін  негізге  ала  отырып,  күшті  жер 
сілкіністерін  болжаудың  принципиалды  мүмкіндіктеріне  көз  жеткізуде.  Бұл 
үшін  еліміздің  ғылыми-техникалық  әлеуетінің  жеткілікті  жоғары  деңгейде 
және  бақыланатын  аумақта  оңтайлы  сейсмологиялық  қадағалау  желісінің 
болуы тиіс.  
Қазақстанда  жер  сілкіністерін  болжау  мәселесі  бойынша  белсенді 
жұмыстар  жүргізілуде.  Сейсмология  институтында  әзірленген  жер 
сілкінісінің  генетикалық  жіктемесіне  сәйкес  болжауда  үш  кезең  бөліп 
көрсетіледі:  ұзақ  мерзімді  (5-тен  7  жылға  дейін); орташа  мерзімді  (1  жылға 
дейін); қысқа мерзімді (күндерсағаттар). 
Ұзақ мерзімді болжау жер қабатында процестердің өтудегі белгіленген 
заңдылықтарға және оның құрылымдық әртектілігін құрайтын геофизикалық 
сипаттамаларының  өзгерісінде  көрсетілуін  негізге  алады.  Алматы 
облысының  шегінде  ұзақ  мерзімді  болжау  картасында  жақын  арадағы  5-7 
жылда  күшті  жер  сілкінісінің  болу  ықтималдығы  жоғары  3  учаске  бөліп 
көрсетілді. Олардың бірі Алматы қаласының оңтүстік батысына таман, 1911 
жылы  әйгілі  Кеминск  жер  сілкінісі  болған  жерде.  Екінші  «болашағы  бар» 
зона  Іле  Алатауы  қыратының  оңтүстік  шығыс  бөлігі  бөліп  көрсетілген. 
Кеңістік бойынша ол Шелек жер сілкінісінің (1889 ж.) эпицентрлік зонасына 
тартады. Үшінші зона Жоңғарияға тартады.  
Сейсмикалық  қауіптілікті  бағалау  картаны  әзірлеу  болып  табылады  − 
сейсмикалық белсенді өңірлерде құрылыс жобалау және салу үшін ғылыми-
негізделген,  қауіп-қатер  көздері  мен  болашақ  жер  сілкіністерінің 
қарқындылығы  көрсетілетін  құжаттарды  жасау.  Қазақстанда  сейсмикалық 
аудандастырудың үш түрі орындалуда:   жалпы (ЖСА); жан-жақты (СЖА); 
сейсмикалық шағын аудандастыру (США). 
Қазақстанда  сейсмикалық  қауіптілікті  бағалау  проблемасы  бойынша 
зерттеулер  сейсмикалық  режим  тектоникасы  геологиясын,  сейсмикалық 
үдерістер  физикасын,  күшті  қозғалыстарды  және  т.б.  зерделей  отырып, 
кешенді түрде жүргізілуде [20, 21]. 
ЖСА  республика  ауқымында  халық  шаруашылығын  дамытуды 
жоспарлау мақсаттарына қызмет етеді. 
Сейсмикалық оқиғалар ғимараттар, елді мекендер, болашағы бар халық 
шаруашылығы игерілетін аудандар үшін қауіп-қатер төндіретін сейсмикалық 
басым аймақтарды анықтау және сипаттамаларын бағалау үшін сейсмикалық 
жан-жақты  аудандастыру  картасы  (СЖА)  деп  аталатын,  жекелеген 
облыстарды сейсмикалық аудандастыру картасы жасалады.  
Сейсмикалық  шағын  аудандастыру  жергілікті  инженерлік-геологиялық 
жағдайлардың  қалалар  мен  ірі  елді  мекендер,  өнеркәсіп  кешендері, 
стратегиялық  маңызы  бар  объектілер  (АЭС,  ЖЭЦ,  СЭС  және  басқалары) 

53 
 
үшін  сейсмикалық ықпалын  (құрамы,  құрылымы,  жерасты  суының  деңгейі, 
рельефі  және  т.б.)  бағалау  мақсатында жүзеге  асырылады.  Алматы  қаласын 
аумағының  сейсмикалық  шағын  аудандастырудың  жаңа  картасын  әзірлеуге 
арналған  жұмыс  2012  жылы  басталды.  Соңғы  жылдары  аумақтың  екі  есе 
ұлғаюына  байланысты  Алматы  қаласында  сейсмикалық  аудандастыру 
картасын әзірлеу 2017 жылы аяқталады.  
Қазақстан Республикасының құрылыс саласының алдында тұрған басты 
мәселелердің бірі  халықаралық стандарттарға көшу мәселесі болып табыла-
ды, бұл Қазақстанның құрылыс индустриясына әлемдік бірыңғай кеңістікке 
шоғырлануға,  жаңа  технологиялар  мен  инвесторларды  тартуға  мүмкіндік 
береді.  Осыған  байланысты  Қазақстан  ғалымдарының,  жобалаушыларының 
және  құрылысшыларының  алдында  халықаралық  құрылыс  нормаларына  − 
Сейсмикалық төзімді  құрылыс  жөніндегі  №8  Еурокодқа  бейімделген  Құры-
лыс нормалары мен ережелерін шығару мәселесі өткір қойылып отыр. Алай-
да  бұл  мәселе  түбегейлі  жаңа  ғылыми-әдістемелік  негіздегі  сейсмикалық 
аймақтандыру  (аудандастыру)  картасын  әзірлемейінше,  шешілуі  мүмкін 
емес, бұған Қазақстан Үкіметінің тиісті қолдауы талап етіледі.  
Қазіргі бар объектілердің сейсмикалық төзімділігі. Қазақстанда тұрғын 
және  азаматтық үйлердің  сейсмикалық  төзімділігін  қамтамасыз  ету  пробле-
маларымен құрылыс саласындағы жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдары 
айналысады.  Осыған  байланысты,  арнайы  мақсаттағы  стратегиялық 
ғимараттардың    гидротехникалық  және  атом  арнайы  ғимараттарының, 
сондай-ақ  тау-кен  металлургиялық  және  мұнай-газ  кешендерінің 
пайдаланудағы және сейсмикалық сенімділік мәселесі  назардан тыс қалды. 
Сейсмология  институты  КСРО  құлағаннан  кейін  аталған  проблеманы 
шешуді  қолға  алды:  бірқатар  стратегиялық  объектілердің  пайдалану  және 
сейсмикалық  сенімділігін  бағалау  бойынша  зерттеулер  жүргізді  (Қапшағай, 
Өскемен гидротораптары, «Ақтау» БМАС, «Атырау» БМАС, «Өзен» БМАС, 
жылу  электр  станциялары  және  т.б.)  және  олардың  сейсмикалық 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берді.  
Техногендік жер сілкіністері проблемасы.  Қазақстанда соңғы жылдары 
техногенді  жер  сілкіністерін  зерттеу  бағытында  қарқынды  зерттеулер 
жүргізілуде.  1994  және  2005  жылдары  Жезқазған  бассейнінде  адам 
шығынына  әкеліп  соқтырған  техногенді  жер  сілкінісі  болды.  2008  жылы 
Батыс  Қазақстан  облысындағы  Шалқар  өзені  маңында  эпицентрінде  7 
баллдық  қарқынмен  жер  сілкінісі  болды,  нәтижесінде  екі  елді  мекенде 
Рыбцех  және  Шалқар  кенттерінде  бүкіл  үй-жайлар  бүлінді.  Мұнда 
көмірсутегін  өндіруден  Орынбор  облысы,  Қарашығанақ,  Шалқар  арқылы 
Қазақстанның 
оңтүстік 
батысына 
өтетін 
Орынбор 
трансформды 
тектоникалық опырылуы болды. 
Көмірсутегі  шикізатының  кен  орындарын  пайдаланумен  қатар,  ірі 
гидротехникалық ғимараттардың құрылысы мен оларды пайдалану да күшті 
жер  сілкіністерін  тудырады.  Геологиялық  ортаға  түсірілетін  қысымның 
үзілістермен  өзгеруі,  сондай-ақ  тектоникалық  жарықтарды  сызықтар 

54 
 
бойымен  ылғалдап  тұратын  тау  жыныстарындағы  жарықтардың  бойымен 
судың кіруі де күшті жер сілкіністерін тудыруға себепші болады.  
Техногенді  сипаттағы  жер  сілкіністерінің  пайда  болуы  туралы 
жоғарыда 
белгіленген 
фактілерді 
түйіндей 
отырып, 
Қазақстан 
Республикасының  аумағында  пайдаланылатын  көмірсутегі,  қатты  пайдалы 
қазбалар кен орындары орналасқан аумақтарда және гидроғимараттар мен су 
қоймаларының  маңайларында  әлеуетті  жер  сілкіністері  ошақтарының 
сейсмологиялық мониторингі жүргізілмейді деп айтуға болады. 
2012 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 
«Сейсмология институты» ЖШС әлемнің сейсмология саласындағы жетекші 
9 елінің бірі болып тіркелді (6.1-суретті қараңыз). 
 
 
 
6.1-сурет – ЮНЕСКО-ның тізіліміне енгізілген әлемнің жетекші 9 елінің  
орналасу схемасы 
 
Әлемдік  деңгейдегі  сейсмологиялық  зерттеулерді  дамытуда  Ресейді, 
Жапонияны, Қытайды, АҚШ-ты атап айтқан жөн. Олар бүкіл әлем бойынша 
неғұрлым  үлкен  көлемде  үздіксіз  сейсмологиялық  бақылаулар  жүргізеді 
және ғарыштық мониторингті пайдалана отырып, жер қыртысын және мұхит 
ойпаттарын зерттеудегі көшбасшылар болып табылады. 
Бұл  елдерде  сейсмология  дамуының  бастапқы  негізі  ұсақ  жер 
сілкіністерінен бастап апаттыларға дейінгі жер сілкіністерін үздіксіз бақылау 
және  әртүрлі  мүмкіндіктері  бар  сейсмикалық  станциялар  желісі  базасында 
стандартты  бағдарламалар  және  әдістеме  бойынша  материалдарды  өңдеу 
жөніндегі  тиімді  сейсмикалық  қызметті  ұйымдастыру  қызметі  болып 
табылады.  Сейсмикалық  қызметтің  басты  міндеті  (с.қ.)  –  жер  сілкіністері 

55 
 
ошағының негізгі өлшемдерін уақтылы және сейсмикалық айқындау (уақыт, 
гипоцентр координаттары, қуаттылығы немесе энергетикалық сипаттамасы). 
Ресейдегі  сейсмикалық  қызметті  РҒА  геофизика  қызметі  жүргізетін 
Ресейдегі  сейсмикалық  бірыңғай  бақылау  жүйесі  (СББЖ)  жүзеге  асырады. 
АҚШ-та  мұндай  жұмысты  ұлттық  сейсмикалық  қызмет  (NOS),  ал 
Жапонияда  −  Жапон  метеорологиялық  агенттігі  (JMA)  жүргізеді.  Қытай 
Халық  Республикасында  −  ҚХР  Жер  сілкіністері  жөніндегі  әкімшілігі 
жүргізеді.  
Жапон  метеорологиялық  агенттігі  (JМА)  −  бұл  Жапония  атқарушы 
билігінің органы, ол жер сілкіністерін, сондай-ақ Жапониядағы және Тынық 
мұхиттың  солтүстік  батыс  бөлігіндегі  цунами  және  вулкандардың 
атқылауын  бақылауды  және  алдын  ала  ескертуді  жүзеге  асырады. 
Агенттіктің алты өңірлік офисі бар, төрт теңіз обсерваториясы, бес қосалқы 
объектісі  және  төрт  авиациялық  метеорологиялық  оралығы,  47  жергілікті 
метеорологиялық обсерваториясы бар. JМА сондай-ақ бүкіл ел бойынша 627 
сейсмомониторингтің  бақылау  пункттері  бар,  бұларда  5  мыңға  жуық 
сейсмикалық станция жұмыс істейді. 
АҚШ-та 
сейсмологиялық 
зерттеулер 
АҚШ-тың 
геологиялық 
қызметінде  және  ірі  университеттердің  ғылыми-зерттеу  орталықтарында 
шоғырланған, Төтенше жағдайлар жөніндегі Федералдық агенттік қираумен 
қоса  жүретін  жер  сілкіністерін  алдын  ала  ескерту  және  олардан  құтқару 
шараларын бақылайды. 
Қытай  Халық  Республикасы  қазіргі  кезде  сейсмологиялық  зерттеулер 
және  қысқа  мерзімді  болжау  проблемаларын  шешу  саласында  неғұрлым 
ілгерілеген  ел  болып  табылады.  Қытай  сейсмологтарының  1975  ж.  М=7,3 
Хайчен  жер  сілкінісін  болжаудағы,  атап  айтқанда,  ресми  болжау  негізінде 
адамдар эвакуацияланған және көптеген мың адам өмірі құтқарылған шұғыл 
шешуші  шаралар  қабылданған  табыстары  бүкіл  әлемге  белгілі.  Содан  бері 
Қытайда жыл сайын мұқият қадағаланатын жыл сайынғы болжамдар жүзеге 
асырылады.  Жалпы  статистика  бойынша  осындай  болжамдардың  жартысы 
өзін-өзі ақтайды немесе сейсмологиялық қызмет пен  іргелі сейсмологиялық 
ғылымның  елдің  жоғарғы  басшылығының  тікелей  қырағы  назарында 
екендігін  және  ҚХР  Үкіметіне  тікелей  бағынатын  ранг  деңгейінде  қаржы 
және  ұйымдық-кадр  ресурстарымен  қамтамасыз  етілгенін  (ҚХР  жер 
сілкіністері  жөніндегі  әкімшілігі)  білдіреді,  ҚХР  жер  сілкіністері  жөніндегі 
әкімшілігі  (ҚХР  ЖА),  орталық  мемлекеттік  орган  ретінде  барлық  28 
провинцияда  және  2  автономдық  ауданда  бағынатын  сейсмологиялық 
басқармалары  бар  тиімді  мемлекеттік  құрылымға  ие,  олардың  ішіндегі  ең 
ірілері Пекин қ. A3 СУ АР және A3. ҚХР ЖА 10-ға жуық ірі ғылыми-зерттеу 
институты,  сейсмикалық  аппаратураларды  өндіру  жөніндегі  бірнеше 
зауыттар,  сондай-ақ  ауқымды,  өңірлік  және  жергілікті  бақылауға  арналған 
арнайы желілер, Жер сілкіністерін талдау және болжау орталықтары, арнайы 
оқу орындары, баспа басылымдары және қуатты деректерді өңдеу мен беру 

56 
 
орталықтары  бағынады.  Әртүрлі  мақсаттағы  сейсмикалық  станциялардың 
жалпы саны 4000 бірліктен асады. 
 
Сейсмологиялық  зерттеулер  Потсдам  қаласындағы  (ГФР)  Гельмгольц 
атындағы  Халықаралық  геофизика  орталығында  белсенді  жүргізілуде, 
Қазақстанның  сейсмологтары  сейсмологиялық  деректер  алмасу  деңгейінде 
тығыз ынтымақтасады. 
Сейсмология  және  сейсмикалық  төзімді  құрылыс  саласындағы  ұлттық 
ғылыми  орталықтарда  және  Индонезия,  Чили,  Мексика,  Румыния  және 
көптеген  шетелдердің  университеттерінде  негізгі  назар  инженерлік 
сейсмология  проблемаларына  (аумақтағы  сейсмикалық  қауіптілікті 
бағалауға  және  сейсмикалық  төзімді  құрылысқа)  бөлінеді.  Олар  жер 
сілкіністерін болжау проблемасын қарастырмайды. ЮНЕСКО-да да осындай 
жағдай орын алады.  
Әлемде сейсмологияның даму үрдісіне соңғы 3 жылда жасалған талдау 
іс  жүзінде  зерттеудің  барлық  бағыттарда  жүргізілетінін  көрсетті.  Сонымен 
бірге мынадай бағыттар басым болып табылады. 
Нақты  жер  сілкіністерін  болжау  проблемаларына  келетін  болсақ,  онда 
бұл  проблеманың  шешімі  зерделеу  сатысында.  Әлемде  нақты  жер 
сілкінісінің  орнын,  күшін  және  уақытын  бір  мезгілде  болжау  әдістері  жоқ. 
Барлық  зерттеулер  әдістеменің  орнына  жүретін  проблемалық  болжауларға 
негізделеді.  Осыған  байланысты  Қазақстанға  қатысты  алдыңғы  қатарлы 
елдердің  тәжірибесін  пайдалану  кезінде  пайымдау  қажет.  Қазіргі  кезде  жер 
сілкіністерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болжау әдістемесі бұдан әрі 
әртараптандырылуы  және  практикалық  мақсаттар  үшін  пайдаланылуы  тиіс 
екендігін  атап  айтамыз.  Сонымен  бірге  әлемде  жер  сілкіністерін  қысқа 
мерзімді  болжау  (сағаттар  және  бірінші  тәуліктер)  қазіргі  кезде 
шешілмегенін түйсінген жөн. Тәжірибелік (өндірістік) 100% қысқа мерзімдік 
болжау  іс  жүзінде  мүмкін  емес.  Бұл  мәселенің  тәжірибелікке  қарағанда 
ғылыми-зерттеу  болып  табылатынын  ескере  отырып,  жер  сілкіністерін 
қысқа  мерзімді  болжау  проблемаларына  бұдан  әрі  зерттеу  жүргізу  қажет. 
Осыған  байланысты  негізгі  күш-жігерді  елдің  сейсмикалық  қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету мәселесінің іс жүзінде нақты жағына бағыттау қажет.  
Қазіргі  кезде  Қазақстанда  жобалау  және  құрылыс  үшін  ғылыми-
әдістемелік  және  нормативтік  база  жасау  жөніндегі  жұмыстар  (техникалық 
талаптар,  ұсынымдар  және  Қазақстан  Республикасының  аумағын 
сейсмикалық  аймақтарға  бөлу  картасын  және  Алматы  қаласының  аумағын 
сейсмикалық  шағын  аудандарға  бөлу  картасын  қоса  алғанда  әртүрлі 
нақтыланған  сейсмикалық  аудандарға  бөлу  картасы)  жүргізілуде.  Әзірлеу 
үшін  бастама  жасалып  отырған  карта  мәні  бойынша  инновациялық  болып 
табылады  және  Қазақстанның  құрылыс  индустриясына  шетелдік 
инвестицияларды қарқынды тартуға негіз болып табылады. 
Адамдардың және халық шаруашылығы объектілерінің, бірінші кезекте 
стратегиялық  объектілердің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  неғұрлым  өзекті 
проблемаға айналады, оның шешімін табу «Қазақстан2030» бағдарламасын 

57 
 
іске  асырумен  тікелей  байланысты.  Сондықтан  сейсмикалық  апаттардан 
қорғау  «Табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  туралы», 
«Ұлттық  қауіпсіздік  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңдарымен 
ұлттық  қауіпсіздік  проблемаларына  теңестірілді.  Қазақстан  Республикасы 
аумағының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларын шешу 
үшін мыналар ұсынылады: 
 Мына  төмендегілерді  көздейтін  Қазақстан  Республикасының 
Сейсмикалық қауіпсіздігі туралы (жер сілкіністері туралы) Заңын қабылдау: 
табиғи,  сондай-ақ  техногендік  жер  сілкіністерінің  Бірыңғай  республикалық 
сейсмологиялық  мониторингі  жүйесін  жасау;  мемлекеттің  сейсмикалық 
қауіпсіздігінің  негізгі  қағидаттарын  қамтамасыз  ету;  Мемлекеттің, 
шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  және  халықтың  күшті  жер 
сілкіністері жағдайындағы өзара қарым-қатынастарын реттеу. 
 Жерасты,  жерүсті,  ғарыштық  техникалық  құрал-жабдықтар  кіретін 
Мемлекеттік  сейсмологиялық  мониторинг  жүйесін  жасау,  есептеу 
орталықтары 
және 
өңірлік 
бақылау 
орталықтары 
және 
Ұлттық 
сейсмологиялық  қызмет  кіретін,  Қазақстанның  бүкіл  аумағын  қамтитын 
Мемлекеттік  сейсмологиялық  мониторинг  жүйесін  жасау  (Қазақстан 
Республикасының  аумағында  қосымша  52  сейсмологиялық  бақылау  пунктін 
ашу); 
 Сейсмикалық  қауіпті  өңірлерде  орналасқан  және  мемлекет  үшін 
стратегиялық  маңызы  бар  ірі  су  қоймаларында  және  гидрожүйелерде 
сейсмологиялық мониторинг жүйесін жасау; 
 Пайдаланылатын  мұнай  және  газ  кен  орындарында  және  тау-кен 
металлургия  кешендерінде  геодинамикалық  (сейсмологиялық)  мониторинг 
жүйесін ұйымдастыру; 
 Сейсмикалық  тәуекелді  азайту  және  ірі  елді  мекендердегі,  селитебті-
өнеркәсіптік  агломерациялардағы  объектілердің  және  стратегиялық  маңызды 
объектілердің  пайдалану  және  сейсмикалық  сенімділігін  қамтамасыз  ету 
бойынша бағалау жүргізу және ұсынымдар әзірлеу. 
Аса  маңызды  проблемалардың  бірі  Астана  қаласында  қосарланып 
жұмыс  істейтін,  барлық  сейсмологиялық  ақпарат  қатар  түсіп  отыратын 
сейсмологиялық  орталықты  ашу  болып  табылады.  Бұл  орталық  Алматы 
қаласында  қираумен  қоса  жүретін  жер  сілкінісі  болған  және  Сейсмология 
институты  қатардан  шыққан  жағдайда  Қосарлы  орталық  автономды 
режимде  жұмыс  істейді  деп  және  тиісті  директивті  органдарды 
сейсмологиялық ақпаратпен қамтамасыз етеді деп есептелген. 
Сонымен,  осы  Ұлттық  баяндамада  көтерілген  проблемалық  мәселелер 
және оны шешудің жолдары түгелдей шындыққа сай келеді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет