Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор


    5. ҒЫЛЫМНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН НЕГІЗДЕУ



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата06.03.2017
өлшемі1,69 Mb.
#7943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

 
 
 
 

37 
 
5. ҒЫЛЫМНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН НЕГІЗДЕУ. 
(Қазақстан Республикасы үкіметі жанындағы жоғары  
ғылыми-техникалық комиссиясы мен бекітілген)  
 
2013  жылы  ЖҒТК  отырысында  бекітілгендей  ғылым  дамуының  2011-
2013  жылдарға  арналған  бес  басымдылығына  сәйкес  ғылыми  зерттеулердің 
жүзеге асырылуы жалғастырылды: 

 
Энергетика;  

 
Шикізат пен өнімді терең өңдеу;  

 
 Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар; 

 
 Өмір туралы ғылымдар;  

 
 Елдің зияткерлік әлеуеті. 
Басым бағыттарды іріктеудегі негізгі алғышарттар: 
– еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  даму  басымдықтарына,  ҚР 
2020жылға 
дейінгі  Стратегиялық  даму  жоспарына,  ҚР  үдемелі 
индустриалды-инновациялық  даму  бойынша  2010-2014  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасына сәйкестігі; 
– ғылым дамуының әлемдік үрдістеріне сәйкестігі; 
– кадрлық және материалдық-техникалық әлеуеттің болуы; 
– ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне сәйкестігі; 
– келешекте  инновациялық  дамуда  пайдалану  үшін  ғылыми  зерттеу 
нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі. 
«Энергетика»  басымдығы  бойынша  –  жаңаратын  энергия  көздері 
бойынша зерттеулер жүргізу, лазерлік және плазмалық технологиялар, сутегі 
энергетикасы, энергетикадағы нанотехнологиялар және т.б.  
«Шикізат  пен  өнімді  терең  өңдеу»  басымдығы  бойынша  –  пайдалы 
қазбалар саласында зерттеулер жүргізу және әзірлемелер дайындау, сондай-
ақ барлау және геология, шикізат пен өнімді өңдеу технологияларын жасау, 
материалдар  нанотехнологиясы,  жаңа  материалдар  жасау,  соның  ішінде 
құрылыс  және  машина  жасау  материалдары  мен  технологияларын  жасау 
қарастырылған. 
«Ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологиялар»  басымдығы 
бойынша экономика, басқару жүйесі, қорғаныс пен қауіпсіздік, білім беру және 
өзге  ғылым  салалары  тарапынан  сұранысқа  жұмыстардың  алуан  түрін  атқару 
қарастырылған. 
«Өмір  туралы  ғылым»  басымдығы  бойынша  –  медициналық  және 
биологиялық  зерттеулер,  биотехнологиялар,  экология  және  өзге  осыған 
ұқсас бағыттар қарастырылған. 
«Еліміздің  зияткерлік  әлеуеті»  басымдығы  бойынша  әлемдік  ғылымда 
бәсекеге  қабілетті,  неғұрлым  озық  бағыттар  бойынша  ғылыми-
жаратылыстану, гуманитарлық іргелі зерттеулер жүргізу жоспарланған. 
2013-2015 
жылдарға  арналған  ғылыми  зерттеулерді  гранттық 
қаржыландыру  конкурсының  нәтижелері  бойынша  2013  жылы  ғылым 

38 
 
дамуының  5  басымдығы  бойынша  ғылыми  ұйымдар,  ЖОО,  жеке  тұлғалар 
тарапынан 2744 өтінім қарастырылды. 
Ұсынымдардың басымдықтар бойынша жіктелуі: 
 
Басымдықтар 
Жоба саны 
 Энергетика 
182 
 Шикізат пен өнімді терең өңдеу 
450 
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар 
226 
Өмір туралы ғылым 
416 
 Еліміздің зияткерлік әлеуеті 
1470 
БАРЛЫҒЫ: 
2744 
 
Аталған  ұсынымдарды  сараптау  үшін  ҚР  Ұлттық  ғылыми-техникалық 
сараптама  орталығы  тарапынан  1087  ғалым  мен  инженер  қатыстырылды, 
олардың 609-ы – шетелдіктер.  
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелері: 
 
Басымдық 
Жоғары 
баға 
Орташа 
баға 
Төмен  
баға 
Энергетика 
16 
138 
28 
Шикізат пен өнімді терең өңдеу 
33 
372 
45 
Ақпараттық және телекоммуникациялық 
технологиялар 
19 
191 
16 
Өмір туралы ғылым 
32 
338 
46 
Еліміздің зияткерлік әлеуеті 
167 
1141 
162 
Барлығы                                         2744 
267 
2180 
297 
 
«Энергетика» басымдығы 
Аталған басымдық аясындағы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары: 
– жылу және электр энергетикасы; 
– ядролық және сутектік энергетика; 
– жаңаратын энергия көздері (жел және гидроэнергетика, биоотын және 
фотоэлектр қуаты); 
– энергетикалық сектордың қоршаған ортаға әсері;     
– Қазақстанның 
қолданыстағы 
жылу 
электр 
станцияларының 
энергетикалық тиімділігін арттыру. 
2013-2013  жылдары  «Энергетика»  басымдығы  бойынша  ғылыми 
жобаларды  гранттық  қаржыландыру  конкурсына  393  өтінім  тапсырылып, 
олардың  183-і  мақұлданды.  Соның  ішінде  2013  жылы  154  өтінім 
тапсырылып, 59-ы мақұлданды. 
2013  жылғы  «Энергетика»  ҰҒК  аясында  гранттық  қаржыландыру  мен 
бағдарламалық-нысаналы 
қаржыландыру 
жобалары 
заманауи 
технологиялар,  соның  ішінде  нанотехнологиялар  негізінде  жаңа  отын 
түрлерін алуға, жаңаратын энергия көздері мен шағын агрегаттардың алуан 
түрлі конструкцияларын жасауға бағытталды. 

39 
 
Күлі көп көмірлерді қалдықсыз жағу, күлді құрылыс материалдары мен 
жаңа  отын  түрлеріне  айналдыру  және  жою,  көмір  газификациясы  мен 
пиролизі, көмірді байыту бойынша технологиялар ұсынылды. Қатты отынды 
белсендірудің  плазмалық  технологиялары,  қуаттың  желіде  жоғалып  кетуін 
төмендету,  автоматты  басқарылатын  энергия  жинаушы  жаңа  жүйелерді 
енгізу  негізінде  жылу  және  электр  қуатының  энергетикалық  тиімділігін 
арттыру әдістері жобаланып жатыр. 
 
«Шикізат пен өнімді терең өңдеу» басымдығы 
Аталған басымдық аясындағы ғылыми  зерттеулердің  негізгі бағыттары 
келесілер: 
– минералдық  шикізатты  қайта  өңдеу  (байыту,  флотация,  агломерация, 
тауарлық өнімдер); 
– металлургия  саласы  бойынша  зерттеулер  (қара  және  түсті 
металлургия,  байыту  үдерістері,  электрліктазарту,  металды  электролизбен 
өңдіру, асыл, сирек және сирекжер металдары); 
– тау-кен ісі саласы бойынша зерттеулер. 
2012-2013  жылдары  ШҚӨ  басымдығы  бойынша  ғылыми  жобаларды 
гранттық  қаржыландыру  конкурсына  қатысу  үшін  918  өтінім  тапсырылып, 
олардың 253-і мақұлданды.  
Соның  ішінде  2013  жылы  450  өтінім  конкурсқа  ұсынылып,  64  жоба 
мақұлданды. 
Басымдық  бойынша  2013  жылғы  аса  өзекті  мәнге  ие  жобалар  мен 
бағдарламалар келесілер: 
– минералды-шикізаттық  базаны  толтыру  технологиялары  мен  әдістері 
бойынша – тау-кен өндірістерін бекітуге арналған анкерлік өзектердің жаңа 
силикат  бекіткіштері;  үстіңгі  беттердегі  көмір  қабаттарынан  метан  өндіру, 
электр  магнитті  резонанс  әдісі  арқылы  көмір  қабаттары  орналасуының 
геологиялық жағдайын зерттеу; 
– шикізат пен өнімді өңдеу технологиялары бойынша – күн батареялары 
үшін  кремний  өндірісін  жасақтау  бағдарламасы,  кремний  моно  оксидінен, 
жаңаратын  өсімдік  шикізатынан  (күріш  кеуегінен)  күн  сапалы  кремний алу 
технологиясы,  күн  батареясының  фотоэлектрлік  өзгерткіштері  мен 
модульдерін дайындау; 
– фармацевтикада – Қазақстанның табиғи және техногенді минералдары 
негізінде  оларды  минералдық-технологиялық,  химиялық-минералогиялық 
зерттеу  арқылы  синтез  бен  импортты  алмастыратын  дәрілік  заттар 
өндірісінің ғылыми-эксперименталды негіздері; 
– Қазақстанның  негізгі  мұнай  кеніштерінің  мұнайларының  (мұнай 
қоспалары) құрамын, қасиетін, түзілісін кешенді зерттеу; 
– пайдалы  қазбаларды  дайындау  технологиялары  бойынша  –
Қазақстанның минералды және техногенді шикізаттарынан сирек және сирек 
жер металдарды алу. 
 

40 
 
«Ақпараттық 
және 
телекоммуникациялық 
технологиялар» 
басымдығы 
«Ақпараттық 
және 
телекоммуникациялық 
технологиялар» 
басымдығының негізгі бағыттары: 
– экономиканың  түрлі  салаларының  технологиялық  мәселелерін 
шешудегі ақпараттық және есептеуіш технологиялар; 
– жоғары өндірістік  кластерлердегі  тарату  және есептеу  жүйелерін  түзу; 
шынайы  уақыт  жүйелерін  жасау;  суретті  өңдеу  теориясы;  геоақпараттық 
жүйені жасақтау; 
– жасалған  бағдарламалық  құралдарды  анықтау  және  тестілеу; 
мәліметтер  базаларын  жобалау  және  қолданысқа  енгізу;  ақпараттық  және 
есептеу үдерістерін виртуалдандыру. 
2012-2013  жылдары  АТТ  басымдығы  бойынша  ғылыми  зерттеулерді 
гранттық  қаржыландыру  конкурсына  495  өтінім  беріліп,  олардың  191-і 
мақұлданды.  Соның  ішінде  2013  жылы  210  өтінім  тапсырылып,  63  жоба 
қабылданды. 
«Ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологиялар»  басым 
бағыты  аясында  2013  жылы  жалпы  бюджеті  2 105 119,2  мың  теңгені 
құрайтын  174  гранттық  жоба  орындалды.  Олар  іс  жүзінде  заманауи 
ақпараттық  технологиялардың  озық  үлгілерін  қолданатын  экономиканың 
барлық жұмыс салаларын қамтиды.  
Аталған салада келесі бағыттар бойынша ғылыми-техникалық зерттеулер 
сәтті жүргізіледі: 
1) экономиканың  түрлі  салаларындағы  технологиялық  мәселелерді 
шешуде пайдаланылатын ақпараттық және есептеу технологиялары; 
2) ресурстық  негіздегі  мәселелерді  шешуде  тармақты  жоғары  өнімді  
есептеуіштерді пайдалану; 
3) әлеуметтік аядағы ақпараттық технологияларды жасау; 
4) мультиагенттік 
жүйелер  пайдаланылатын  мобильді  зияткерлік 
платформалардағы қызметтің композиттік әуелері; 
5) ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі. 
Ақпараттық технологиялардың даму перспективасы келесі факторлармен 
сабақтастықтағы әлемдік және оқшау трендтерге негізделеді: 
– елді  коммуникациялық  барша  түрлерімен  қамтамасыз  ету,  республика 
аумағында ақпараттың жалпыға бірдей қолжетімді болуы; 
– адамның компьютерлік желіге барынша кірігуі;  
– жасанды интеллект технологияларының барлық өнеркәсіп салаларына, 
мемлекеттік басқару мен әлеуметтік өмірге кеңінен енгізілуі.  
Жоғарыда  аталған  факторларға  табиғи  минералдар  мен  отын 
ресурстарының  азаюына  байланысты  экологиялық,  ресурстық  сипаттағы 
мәселелер  жүктеледі.  Осының  салдарынан  туындайтын  энергия  мен  ресурс 
үнемдеуші  ғылымға  негізделген  және  «жасыл»  технологиялар  заманауи 
ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларға сүйенетін болады. 
 

41 
 
«Өмір туралы ғылымдар» басымдығы 
Негізгі бағыттар: 
– медицина  саласы  бойынша  зерттеулер  (хирургия,  онкология  және 
радиология, пульмонология, кардиология, иммунология және т.б.); 
– фармация,  экология  және  антиэйджинг  (дәрілік  жабдықтар,  жаңа 
биопрепараттар,  ауа  және  су  қауіпсіздігі,  биологиялық  және  азық-түлік 
қауіпсіздігі және т.б.); 
– аграрлық  ғылымдар  (мал  шаруашылығы  және  ветеринария,  ауыл 
шаруашылығы,  егін  шаруашылығы,  өсімдік  зерттеу  ғылымы,  аграрлық 
химия, аграрлық өнеркәсіптікте гендік инженерия және т.б.). 
2012-213  жылдары  «Өмір  туралы  ғылымдар»  басымдығы  бойынша 
ғылыми  жобаларды  гранттық  қаржыландыру  конкурсына  1072  өтінім 
тапсырылып,  оның 378-і  мақұлданды.  Соның  ішінде  2013  жылы  370  өтінім 
тапсырылып, жалпы сомасы 1 113 255 мың теңгені құрайтын 111 жоба өтті. 
«Өмір туралы ғылым» басымдығы бойынша 2013 жылы келесі маңызды 
бағыттарда 
зерттеу 
жұмыстары 
жүзеге 
асырылды: 
өнеркәсіптік 
биотехнологиялар,  Қазақстан  Республикасындағы  жаңа  және  қайталанатын 
вирустық инфекциялар, өсімдіктерден алынатын жаңа биологиялық белсенді 
қосылыстар  және олардың синтетикалық аналогтары,  Арал маңы  халқының 
денсаулық жағдайын басқарудағы кешенді ыңғайлар және т.б. 
Жоғарыда  аталған  бағдарламалар  аясында  келесі  нәтижелерге  қол 
жеткізілді: 
– тағам және қайта өндіру өнеркәсіптеріне арналған биопрепараттар; 
– өсімдік өсіру, мал өсіру салаларының  өнімділігін арттыруға арналған 
технологиялар  мен  баламалық  және  жаңаратын  шикізат  көздері  негізінде 
биоотын алу технологиялары; 
– бидай  мен  картоптың  фузариозға  төзімділігі  бойынша  ақуыз 
маркерлері (хитиназ және глюканаз изоформалары); 
– адам,  құс  және  доңыз  тұмауларын,  Ньюкасл  дерті  вирусын,  Конго-
Қырым  геморрагиялық  безгек  вирусы  мен  Батыс  Ніл  безгек  вирусын  және 
т.б. ерте кезеңде анықтайтын тест-жүйе. 
 
«Елдің зияткерлік әлеуеті» басымдығы 
Негізгі бағыттар: 
– химия  және  мұнайгаз  технологиялары  саласы  бойынша  зерттеулер 
(органикалық  химия  және  полимерлер,  бейорганикалық  химия  және 
тыңайтқыштар, мұнайхимия және катализ, электрхимия және коррозия және 
т.б.); 
– биология  саласы  бойынша  зерттеулер  (микробиология  және 
вирусология, генетика, физиология, ботаника және биоэкология және т.б.); 
– математика 
саласы 
бойынша 
зерттеулер 
(дифференциалдық 
теңдеулер,  ықтималдық  теориясы  және  математикалық  статистика,  есептеу 
математикасы, механика және т.б.); 

42 
 
– физика саласы бойынша зерттеулер (жартылай өткізгіштер физикасы, 
ядролық  физика,  астрофизика,  нанотехнологиялар  және  жаңа  материалдар, 
теоретикалық физика, техникалық физика және т.б.); 
– қоғамдық  және  гуманитарлық  ғылымдар  саласы  бойынша  зерттеулер 
(тарих 
және 
археология, 
философия, 
педагогика, 
экономика, 
юриспруденция, әдебиет және өнер және т.б.); 
– геология және география саласы бойынша зерттеулер. 
2012-2013  жылдары  «Еліміздің  зияткерлік  әлеуеті»  басымдығы 
бойынша  ғылыми  жобаларды  гранттық  қаржыландыру  конкурсына  3138 
өтінім қабылданды, олардың 1110-ы мақұлданды. Соның ішінде 2013 жылы 
1470 өтінім қабылданып, 652 жоба мақұлданды.  
2013  жылы  ЖҒТК  отрысында  (22.06.2013  ж.)  ғылым  дамуының  басым 
бағыттарына  түзетулер  жасалып,  ғылым  дамуының  2014-2016  жылдарға 
арналған  жаңа  басым  бағыттары  қабылданды.  Осы  орайда  келесі  екі 
басымдыққа өзгертулер енгізілді: 
– табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, шикізат пен өнімді өңдеу; 
– энергетика және машина жасау.  
Осылайша,  алғашқы  басымдық  бүгінгі  таңда  табиғи  ресурстарды 
ұтымды  пайдалану  бойынша  өзекті  мәнге  ие  зерттеулермен,  Мемлекет 
басшысының  «Қазақстан  2050»  Стратегиясындағы  тапсырмаларына  сәйкес 
экология  саласындағы  (қоршаған  ортаны  қорғау)  әзірлемелермен,  су  және 
өзге ресурстармен толықтырылды. 
Екінші  басымдық  ел  экономикасының  индустриалды-инновациялық 
даму  басымдықтарына  сәйкес  машина  жасау  саласындағы  энергияның 
өзгеруі  (энергетикалық  машиналар,  зымырандық-ғарыштық  техника,  ауыл 
шаруашылығы  машиналары,  көлік  және  т.б.)  бойынша  зерттеулермен 
толықтырылды. 

43 
 
6. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ 
ЖОҒАРЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИССИЯ 
АНЫҚТАҒАН ҒЫЛЫМ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША БАСЫМ 
ІРГЕЛІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ЖҮЗЕГЕ 
АСЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ 
 
Зерттеу  түрлері  бойынша  ҒЗЖ  құрылымы  (іргелі,  қолданбалы 
әзірлемелер).  
ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 2013 жылы 
ішкі  шығындардың  жалпы  көлеміндегі  қолданбалы  зерттеулерге  жұмсалған 
шығындар  үлесі  54,1%,  іргелі  зерттеулер  шығыны  29,5%,  тәжірибелік-
конструкторлық  әзірлемелер  16,4%-ды  құрады  (яғни  пропорциясы  – 
54:30:16).  Сонда  тап  осы  іргелі,  қолданбалы  зерттеулер  мен  ғылыми-
техникалық  зерттеме  арақатынасы  экономикалық дамыған  елдерде  15:25:60 
пропорциясын құрайды. 
Деректерден көріп отырғанымыздай, ғылыми-зерттеу жұмыстары құры-
лымында  ғылыми-техникалық  қызметтің  басты  бағыты  бұрынғыдай  іргелі 
және  қолданбалы  зерттеулер  (84%)  болып  табылады.  Елімізде  жұмыс 
көлемін түрлері бойынша бөлудегі елеулі сиықсыздық әлі сақталып келеді.  
Қазақстанда  жаңа  технологияларды  коммерцияландыру  секторы  нашар 
дамыған,  ғылыми  саясаттың  технологиялық  және  инновациялық  саясатпен 
байланысы нашар. Отандық ғылымды айтарлықтай жоғары деңгейге шығару 
үшін  Қазақстандағы  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  қаржыландыру  саясатын 
іргетастық,  қолданбалы  зерттеулер  мен  ғылыми-техникалық  жұмыстардың 
дамуын  әлемдің  тәжірибеде  қалыптасқан  ара  қатынасқа  сәйкес  келетіндей 
етіп қалыптастыру, ғылыми жұмыстарды қаржыландыру артатындай өзгерту 
қажет. Шектеулі ресурстық мүмкіндіктерді ескере отырып, алдағы жылдарға 
арналған  ғылымның  дамуының  негізгі  үрдісі  болып  басым  бағыттарға 
арналған осы күнгі ғылыми-техникалық әлеуеттің шоғырлануы табылады. 
Ғылыми-зерттеулер  мен  жобалық-конструторлық  жұмыстардың 
салалық құрылымы.  
2013 жылы мемлекеттік тіркеуден өткен зерттеулер салалық аяда (1266 
ҒЗТКЖ)  келесі  ретпен  жіктелді:  қоғамдық  ғылымдар  –  32,8%, 
жаратылыстану  және  нақты  ғылымдар  –  15,0%,  техникалық  және 
қолданбалы – 46,0%, салааралық және кешенді мәселелер бойынша – 6,2%. 
Тұтастай  алып  қарағанда,  2013  жылы  4878  ҒЗТКЖ  орындалды.  Осы 
орайда 3612 жұмыс 2013 жылы қолға алынған. 
Өткен  жылмен  салыстырғанда  қоғамдық  ғылымдардың  үлесі  өсіп 
(22,2%  -  2012  ж.),  жаратылыстану  және  нақты  ғылымдардың  үлес  салмағы 
азайған  (20,8%  -  2012  ж.),  техникалық  және  қолданбалы  ғылымдардың 
меншікті  үлесі  төмендеген  (52,9%  -  2012  ж.).  Салааралық  мәселелер 
бойынша ҒЗТКЖ үлесі елеулі өзгеріске ұшырады (0,7%-дан 12,0%-ға дейін). 
Техникалық  ғылымдар  аясындағы  зерттеулердың  басыңдылығы  тұрақты 
күйінде қалып отыр. 

44 
 
Соңғы  5  жылдағы  орташаландырылған  мәліметтер  (2009-2013  жж.) 
барлық  ҒЗТКЖ-ның  жартысынан  астамы  техникалық  және  қолданбалы 
ғылымдар  бойынша  (53,2%)  орындалғанын,  қоғамдық  ғылымдардың  үлесі 
шамамен  үштен  бір  бөлігін  құрайтынын  (26,8%)  көрсетеді.  Жаратылыстану 
және  нақты  ғылымдар  саласындағы  қолданбалы  әзірлемелерге  негіз  болып 
табылатын іргелі сипаттағы ҒЗТКЖ пайызы да көп емес (13,7%). 
2013  жылы  ҒЗТКЖ  көп  бөлігі  келесі  салалар  бойынша  тіркелген: 
экономика  (8,6%),  медицина  (6,7%),  ауыл  және  орман  шаруашылығы  және 
білім беру (6,6%-дан), заң ғылымдары (5,6%), химиялық технология (5,1%). 
Соңғы  жылдары  гранттық  қаржыландырудың  енгізілуіне  орай  және 
мақұлданған  жобалар  қатарында  ЖОО-лар  тарапынан  ұсынылған 
жобалардың  үлес  салмағы  жоғары  болғандықтан,  сондай-ақ  ЖОО 
ғалымдарынң  бюджеттен  тыс  қаржы  есебінен  бастамашылдық  негізде 
зерттеулер жүргізуіне байланысты ЖОО-да орындалатын ҒЗТКЖ үлесі күрт 
өскендігін  (14,1%  -  2001  ж.,  46,7%  -  2012  ж.,  62,4%  -  2013  ж.),  жағымды 
үрдіс  ретінде  атап  өткен  жөн.  Жоғары  оқу  орындарындағы  ғылымды 
мемлекеттік қолдау соңғы жылдары 7 еседен жоғары өсті (2011 ж. – 1 млрд. 
тг; 2013 ж. – 7,7 млрд. тг).  
МҒТС  ҰО  2012  ж.  қаңтарынан  2013  ж.  ақпан  аралығында  2011  жылы 
бекітілген  ғылым  дамуының  бес  басым  бағыты  шеңберіндегі  конкурсқа 
қатысуға  берілген  4603  өтінімді  талқылады.  2012-2014  жж.  технологиялық 
және  әлеуметтік  инновацияға  бағытталған,  ғылыми-техникалық  жобаларды 
жүзеге  асыруға  арналған  жобалардың,  2012-2014  жж.  гранттық 
қаржыландыру  зерттеулер  (469  жоба),  2013-2015  жж.  ғылыми  зерттеулерді 
гранттық қаржыландыру (2744 жоба ұсынылған). 
Ғылым  дамуының  басым  бағыты  бойынша  қабылданған  жобалар 
былайша  бөлінді:  жобаның  68,2%  ЕЗӘ  (Елдің  зияткерлік  әлеуеті) 
басымдылығы жобасына берілген, 8,5% - ШӨТӨ (Шикізат пен өнімді терең 
өңдеу), 8,5% - ӨТҒ (Өмір туралы ғылымдар), 7,5% - АТТ (Ақпараттық және 
телекоммуникациялық технологиялар), 7,2% - (Энергетика) бөлінген. Сөйтіп 
жобалар  саны  бойынша  бірінші  орынды  негізінен  әралуан  бағытты 
қамтитын  Елдің  зияткерлік  әлеуеті  басымдылығы  іргелі  зерттеулер  жобасы 
иеленді. 
2013  ж.  «ҒТА  ҒО»  АҚ-да  тіркелген  үшжылдық  ғылыми-техникалық 
бағдарламалар  (101  ҒТБ)  бойынша  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  жалғасын 
тапты.  Оның  ішінде  инновациялық  биотехнологиялар  саласындағы  1 
мемлекетаралық бағдарлама, қоғамдық және гуманитарлық саласы бойынша 
іргелі  зерттеулердің  3  бағдарламасы  және  97  салалық,  оның  ішінде  75  – 
ғылым,  өнеркәсіп  АОК  саласы  бойынша,  21  –  денсаулық  сақтау  саласы 
бойынша, 1 – білім беру саласы бойынша.   
2013 жыл 10 ҒТБ үшін – аяқталған, 22 үшін – жүзеге асырудың алғашқы 
жылы, 69 үшін – аралық жыл болды.  

45 
 
2013  жылы  жүзеге  асқан  бағдарламалар  ЖҒТК  2011  ж.  21  сәуірдегі 
№20-55/372 хаттама шешімімен айқындалған ғылымның басым бағыттарын 
есепке ала отырып тұжырымдалды:  
- энергетика (6 ҒТБ);   
- шикізат пен өнімді терең өңдеу (17); 
- ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар (6); 
- өмір туралы ғылымдар (55); 
- елдің зияткерлік әлеуеті (17). 
ҒТБ  аясында  шешілген  міндеттер  көптеген  ғылым  саласын  қамтиды. 
Техникалық  және  қолданбалы  ғылым  саласындағы  зерттеулер  тұрақты 
басымдылыққа  ие  (ҒТБ  аясында  56,2%),  үштен  бір  бөлікке  жуығы 
жаратылыстану  және  нақты  ғылым  саласына  тиесілі  болса  (27,4%),  бұдан 
соң  қоғамдық  ғылымдар  (12,4%)  және  салааралық  мәселелерге  (қоршаған 
ортаны қорғау) (4,0%) тиесілі. 
ҒЫЛЫМ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ 
ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ 
 
Назарбаев Университетінің ғылыми орталықтары  
 
«Nazarbayev university research and innovation system» (NURIS) 
NURIS  құрылым  энергетикалық  зерттеулер  орталығынан  (ЭЗО)  және 
Пәнаралық инструменталдық орталығынан (ПИО) тұрады. Қазіргі уақытта әр 
түрлі  бағыт  бойынша  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  орындайтын  NURIS 
құрылымдық  басты  екі  ғылыми  орталығы  болып  табылады,  бүгінгі  күні 
олардың мынадай құрылымдық бөлімшелері бар: 
2013  жылы  NURIS-та  түрлі  ауқымда  56  жоба  бойынша  ғылыми-зерттеу 
жұмыстары жүргізілді: 
- 32  жоба  055  «Ғылыми  және  (немесе)  ғылыми-техникалық  қызмет» 
бюджет  бағдарламасы  бойынша  мемлекеттік  бюджет  шеңберінде,  ҚР  Білім 
және  ғылым  министрлігінің  Ғылым  комитетінің  ғылыми  зерттеулерге  және 
«Парасат»  ҰҒТХ  АҚ  қаржыландыратын  жобалар  гранттарымен  іске 
асырылады; 
- 24  жоба  «Шеврон  Мұнайгаз  Инк.»  компаниясы  жас  ғалымдар  үшін 
берген 
ғылымның 
әртүрлі 
бағыттары 
бойынша 
кіші 
зерттеу 
гранттары/жобалар;  «Назарбаев  Университеті»  ДБҰ-ның  «әлеуметтік  даму 
қорының» 
Корпоративтік 
қорынан 
қаржыландырылған 
жобалар, 
коммерциялауға арналған жобалар; және басқа ұйымдармен жасалған шарттар 
шеңберіндегі жобалардың шегінде іске асырылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет