Т. Жакетаева


Атмосфераның қазіргі жағдайы, атмосфералық ауаның ластануының



Pdf көрінісі
бет11/36
Дата14.10.2023
өлшемі1,71 Mb.
#114244
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
httpg.engime.orguploaddownloadid38061

Атмосфераның қазіргі жағдайы, атмосфералық ауаның ластануының 
негізгі көздері

Қоршаған
ортаның ластануының көздеріне табиғи заттар
әуелгіде жер қойнауында болып, (өнеркәсіп өндірісі үшін шикізат)
кейін суда, 
топырақта, атмосферада таралатын заттар, сонымен қатар өнеркәсіптегі 
заттардың химиялық айналымының көптеген өнімдері, әртүрлі отын 
түрлерінің жану өнімдері
жатады. Бұнда шынайы табиғи ортаға тән емес, 
денсаулық үшін өте зиянды заттардың көп мөлшері түзіледі. 
Атмосфералық ауаның ластануының негізгі техногенді көздеріне жатады:
-
көлік, бірінші кезекте –
автокөлік
-
өнеркәсіптік
өндіріс 
-
жылу энергетика нысандары
(жылу электр орталықтары, қазандықтар)
Атмосфералық ауаның ластануының табиғи көздеріне орман өрттері, 
жанартаудың
атқылау әрекеттері, топырақ жатады.
Өнеркәсіп
өндірістері, отын
-
энергетикалық нысандары
бар және
көліктің 
қозғалысы көп
аудандарда атмосфералық ауа күшті ластанады.
Атмосфераның 
ластануының ең күшті көзі автокөлік болып табылады. Автокөліктен шығатын 
ластанудың валдық мөлшері жылу электр орталықтары мен өндіріс 
орындарынан төмен болғанмен, ауаны ластайтын бұл көз адамға әсер етуі 
бойынша бүгінгі күнде неғұрлым жоғары болып отыр. Әлемдегі машина 
қозғалтқыштары
жыл сайын 2 млрд тонна отын жағылады. Автокөлік 
двигательдері ауаға 30
-
дан астам әртүрлі заттарды бөледі: соның ішінде 
көміртегі тотығы, көмірсутегі, азот тотығы мен күкірт, ауыр металдар және 
басқа да улылығы жоғары заттар. Заттардың кейбіреулерінің канцерогенді 
эффектісі жоғары болады. Қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан және 
тұрғын массивтен санитарлық
-
қорғау аймағымен бөлінген ЖЭО (жылу электр 
орталығы) мен өнеркәсіп нысандарынан көлік қозғалысының айырмашылығы 
ол барлық жерде және орталық бөлікте неғұрлым қарқынды түрде болады. Одан 
басқа өнеркәсіп орындары мен жылу орталықтарынан шығатын шығарыстар 
атмосфераның жоғарғы қабатына таралатын болса, автокөліктің пайдаланылған 
газдары төменгі қабатта адамның тыныс алу денгейінде болады.
Атмосфераның ластану көзінің маңыздылығы бойынша екіншісі 
химиялық құрамы әртүрлі, өндірістің саласы мен оның технологиялық 
процесіне байланысты, атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын 
өнеркәсіптік өндірістер болып табылады. Өндірістің іс
-
әрекеті нәтижесінде ауа 
әртүрлі ондаған химиялық заттармен ластанады. Олардың неғұрлым зияндысы 
химиялық өнеркәсіп өнімдері мен ауыр металдар тұздары. 
Жылуэнергетика нысандары басқа ластаушы көздердің арасында 
атмосфералық ауаға шығарыстардың неғұрлым жоғары валдық мөлшерін 
береді. Жыл сайын әлемде 10 млрд тонннаға жуық шартты отын жағылады. 
Отын жанғанда адамзат жылына
34x10
15
ккал
жылу бөледі. 


16 
Жылу электр орталықтары ластануларының құрамы салыстырмалы түрде 
тұрақты, және төрт негізгі компоненттің болуымен сипатталады: тозаңның, 
көміртегінің қос тотығының, азот тотығы мен күкірт тотығының.
Табиғи ластаушы көздер атмосфералық ауаның ластануының жалпы 
санының 10% жуығын құрайды. Олардың ең жоғарысы жыл сайын 3 млн. га 
ормандарды жоятын өрттер болып табылады. Ауыл аймақтары үшін ауаның 
ластануының басым көзі

топырақ. Қарқынды жер өңдеу жағдайында және 
топырақты минералды тыңайтқыштермен және өсімдіктерді қорғайтын
заттармен ластанғанда
топырақтың желмен көтерілетін жоғарғы
көп бөлігі 
өмірдің санитарлық жағдайы мен тұрғындардың денсаулығын барынша 
нашарлатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет