Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 6 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Оқу мақсаттары 6.2.5.1 - мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені
анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады.
Сабақ мақсаты Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтін мазмұнын түсінеді;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіннен негізгі және қосымша
ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау
сұрақтарын құрастырады;
Оқушылардың кейбірі орындай алады: мәтіннен алынған негізгі және
қосымша ақпаратты сұхбат пен жазба жұмыстарында қолдана алады.
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: көрісу, амал мерекесі, 14 наурыз, ауыл
тұрғындары, ағайын-туыс, көрші-қолаң, ілтипат көрсететін дәстүрлі
мереке, өкпе-реніш кешіріледі, сәлемдесу, бата беру, төс қағыстыру. Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: меніңше, болуы ықтимал, белгілі айтуынша, жолдастарымның айтуынша, қорыта келе, сонымен, т.б. Алған ақпаратты топ ортасында еркін талқылайды.
Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып,
ойды жалғастырып айтады, тілдік бірліктерді нормаға сай жазады.