Т. Н. Ермекова К.Ә. Бертілеуова


mp3  Олимпиада ойындарын түркі халықтары ойлап тауыпты



Pdf көрінісі
бет477/483
Дата06.01.2022
өлшемі3,07 Mb.
#11337
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   483
Байланысты:
6-сынып, қазақ тіліМұғалім кітабы

12.mp3 
Олимпиада ойындарын түркі халықтары ойлап тауыпты 
Бүкіл  әлем  4  жылда  1  рет  өткізетін  Олимпиада  ойындарының  пайда  болу  мерзімін  әлі 
күнге  дейін  ешкім  нақты  айта  алмай  келеді.  Жақында  отандасымыз,  жүзуден  халықаралық 
дәрежедегі төреші, су добы, байдарка мен каноэ есуден жоғары дәрежедегі төреші Өтепқали 
Құраловтың  «Прототюрки  и  зарождение  античных  олимпийских  игр»  деп  аталатын  кітабы 
жарық  көрді.  Бұл  еңбегінде  тарихшылар  мен  археологтердің  соңғы  зерттеу  жұмыстарына 
сүйене  отырып,  антикалық  Олимпиада  ойындарының  тарихына  қатысты  өзінің  қызықты 
болжамын ұсынады.  
Қазіргі  қазақ  жерінде  орналасқан  адамзат  тарихындағы  ең  ежелгі  өркениет  ошағын 
археологтер  «Арқайым-сынтасты»  немесе  «Қалалар  елі»  атап  жүр.  Ө.Құраловтың  сөзіне 
қарағанда,  ең  байырғы  дін  –  тәңіршілдік  сенімін  ұстанған  Арқайым-сынтасты  тұрғындары 
сол  кезде-ақ  қайтыс  болған  адамға  ас  беріп,  ат  шаптырып,  балуан  күрестіріп,  ақындар 
айтысын ұйымдастырып отырған. Өз дәуірінде ең қуатты мемлекет  құрып, жан басы өскен 
соң басқа жерлерді жаулап алып, онда өз үстемдігін құрған олар өздерінің сенімі мен салтын 
сонда  жалғастырған.  Бұған  түркітанушылар  анықтаған  грек  тіліне  түркі  тілінен  сіңген  33 
сөздің 10-ы Олимпиада ойындарының терминологиясынан табылуы дәлел бола алады. 
«Түркі  халықтарында  бұрын  тек  ат  спорты  ойындарының  39  түрі  болған  көрінеді. 
Мұншалықты бай ойындар әлемде әлі күнге дейін ешбір халықта жоқ. Өкінішке орай, қазір 
олардың көбі ұмыт болып бара жатыр», – дейді ғалым.  
(Ерлік Ержанұлы) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   483




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет