Т. Н. Ермекова К.Ә. Бертілеуова



Pdf көрінісі
бет478/483
Дата06.01.2022
өлшемі3,07 Mb.
#11337
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   483
 
 
 
13.mp3 
Халықты шаттыққа бөлеген қазақ спортшыларының ғажап жеңісі 
Арқасында  «Қазақстан»  деген  жазуы  бар  көк  байрақ  түстес  костюмімді  шаттана  киіп, 
баспасөз орталығына қарай құстай ұшып келемін. Екінің бірі  қолымды қысады. Екінің бірі 
«Kazakhstan!  Boxsing!  О-kei!»  деп  бас  бармағын  көрсетеді.  Сиднейдің  көшесіндегі  сеңдей 
соғылысқан  халықтың  тайлы-таяғына  дейін  қазақты  білетініне,  бір  адамдай  мойындай-
тынына дәл қазір бәс тігуге бармын. Ерсілі-қарсылы ағылған халық Бекзат, Ермахан, Болат, 
Мұхтархандардың әр жекпе-жегін жыр қылып  айтатындай көрінеді маған. Бауырларымның 
ұлт тарихын өрге сүйреген ерлігі, алтынның буы көңіл шіркінді осылай асқақтатады. 
...Боксшыларды  қарсы  алуға  Алматы  әуежайына  таңғы  төртте  төрт  мыңдай  жанкүйер 
жиналды.  Қазақ  арқа-жарқа.  Халық  шын  қуанышты,  нағыз  жеңісті  әбден  сағынған  екен. 
Елдің аузында – батыр боксшылардың теңдессіз ерлігі. Өзіміз көзбен көрген жекпе-жектерді 
мың  құбылтып,  түрлендіріп  айта  жөнелгенде,  аузың  ашылып  қалады.  Кей  тұсын  ертегіше 
суреттейді.  Ғажап!  Халықтың  жыр  бесігінде  баяғының  батырлар  жырындай  болып, 
боксшылар  жыры  тербеліп  жатқандай  әсерге  бөлендік.  Елдің  рухы  оянғаны,  әр  жүректе 
намыс  оты  алаулай  жанғаны  төбемізді  көкке  жеткізгендей  болды.  Ұшақ  табалдырығынан 
Ермұханы  мен  Бекзатын,  Болаты  мен  Мұхтарханын  тік  көтеріп  әкеткен  халықтың 
махаббатына тау-тау алтының өлшем бола алмайды.  
Қазақты  шаттыққа  бөлеп,  қанын  қыздырған,  жанын  нұрландырған  –  қазақ 
спортшыларының ғажап жеңісі еді. 
(Қыдырбек Рысбекұлы) 


255 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   483




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет