17.mp3 Кітап туралы ой Кітап – тек досың ғана емес, ұстазың, кеңесшің, ақылшың. Әлі күнде дейін сонау
Гуттенберг заманынан келе жатқан жаһанның басты жаңалығы. Барлық ғылым,
технология атаулының атасы. Кітапсыз өмірді елестету де мүмкін емес сынды. Әйтсе де
онымен достасудан қашқақтап, әр парағын жұлып, қор қылып, шаң басқан сөрелерге
тастайтын жандар қаншама! Шын достықтың, ізгі ниеттің, пәк көңілдің, терең ойдың,
асыл сөздің қадірін бағалай алмағанымыз ұят қой қазір.
Менің құрбым кітапты сүйіп оқиды. Оны аялай ұстап, онымен шын достасқан. Одан
үйренгенін маған да үйретіп, ақыл-кеңес беруден еш аянған емес. Құрбымнан кейде кітап
сұрай қалсам, өзім ұялып кетемін. Жап-жаңа, сол сатып алған күйінде сақтаған кітаптарын
кейде байқамай аяусыз парақтап қалатын кездерім көп болған. Сондағы құрбымның
қиналғанын көрсеңіз. Өз кітабына, тек өзінің ғана емес барлық кітапқа аянышпен,
жанашырлықпен, үнсіз ғана қабақ түйіп қарап отырады. Үнсіз отырғаны – көңілімді
қимағаны. Міне, сол үшін де ұялып кетемін. Алғаш кітапты қалай оқуды, қалай аялап
ұстау керектігін маған осы құрбым үйреткен болатын. Шіркін, барлық адам құрбым
сынды оқыса ғой кітапты!
(https://yvision.kz/post/26328)