Т. Н. Ермекова К.Ә. Бертілеуова



Pdf көрінісі
бет479/483
Дата06.01.2022
өлшемі3,07 Mb.
#11337
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   483
14.mp3 
Жеті ата 
– Баласының баласы –  
Көздерінің қарасы, 
Атасына немене? 
Әжесіне немене? 
– НЕМЕРЕ! 
 
– Немеренің баласы – 
Көңілінің санасы, 
Атасына немене? 
Әжесіне немене? 
– ШӨБЕРЕ! 
 
– Шөберенің баласы – 
Көйлегінің жаңасы, 
 
Атасына кім десек? 
Әжесіне кім десек? 
– ШӨПШЕК! 
 
– Ал шөпшектің баласы – 
Саусағының саласы, 
Атасына немене? 
Әжесіне немене? 
– НЕМЕНЕ! 
 
– Немененің баласы –  
Алты ауылдың арасы
Атасына қай бала? 
Әжесіне қай бала? 
– ҚАЙМАНА!  
 
Қаймананың баласы –  
Бересі де, аласы, 
Жаңа әулеттің ескісі, 
Ескі әулеттің жаңасы. 
Атасына туа – жат, 
Әжесіне туа – жат. 
Оның аты – ТУАЖАТ! 
 
Жетеуі де ірі, 
Жеті атаның бірі. 
Болмау үшін жаманат, 
Болмақ үшін саламат. 
Жеті отаудың тіреуі: 
Біреуіне біреуі 
Үйленуге болмайды! 
Деп АМАНАТ жолдайды... 
 (Әбдіраштың Жарасқаны) 
 
15.mp3 
Сәлемшілер 
Осы біздің ақ үйді  
Жұрттың бәрі таниды.  
Түсте аттанып жатады 
Бір қонағы қадірлі. 
Жарасып кең шапаны,  
Аппақ сәнді сақалы, 
Кеште басқа қонағы  
Аттан түсіп жатады. 
Жарқыраған мандайы,  
Атам жүзі жайдары,  
Біледі бір құрбысы  
Бұрылғанын арнайы. 
– Көргендеймін жыл құсын, 
Әлде адасып жүрмісің? – 
Деп қалжыңмен қағытып,  
Бастайды үйге құрбысын. 
Бала-шаға, мал басын  
Сұрап-біліп алғасын,  
Қымыз ішіп, жамбас жеп,  
Созады сөз жалғасын: 
– Жатар едім төріңде,  
Шаруам тығыз менің де. 
Немереңе кішкентай  
Келдім сәлем беруге. 
Сақтап жүрген халқымыз  
Бар емес пе салтымыз.  
Бала келсе алыстан 
Сәлем берген қартымыз. 
Міне, осындай қадірлі  
Қарттарға ермек табылды.  
Маған сәлем беруге  
Ала жаздай ағылды. 
Үйретер салт дегенді 
Аталарым көбейді. 
Өмір бойы оларға 
Сәлем берем мен енді. 


256 
 
16.mp3 
Ұлыстың ұлы күні 
Бұл  түні  ауыл  бойжеткендері  өздері  ұнатқан  жігіттерге  арнап  соғымның  соңғы  етін 
уызға салып  пісіріп, «ұйқыашар» деп аталатын ерекше дәм дайындайды. Ал жігіттер мен 
бозбалалар  болса,  қыздардың  қолақысының  қарымтасына  айна,  тарақ,  иіссудан  тұратын 
«селт еткізер», «дір еткізер» сыйлықтарын ұсынады. 
Алтыбақан басында жастар түнімен түрлі халықтық ойындар ойнайды, айтысады. Таң 
ата көпшілік биіктеу төбенің басына шығып, таңды қарсы алады. Күлімдеп көрінген Күнге 
иіліп сәлем беріп, «құт дарысын» деп, айнала төңірекке ақ бүркіп, үйлеріне тарасады. 
Ал дәл мереке күні бүкіл ел болып таң шапағын қарсы алғаннан кейін, «Бұлақ көрсең, 
көзін  аш»  деп,  қаумаласқан  жігіттер  айнала  төңіректегі  бастаулардың  көзін  ашса, 
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!», «Бір тал кессең, он тал ек!» деген қариялар бұлақ 
басына тал егеді. Әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп, «Армысың, қайырымды Күн-
Ана!» деп иіліп сәлем береді, «Кеудесі түкті Жер-Ана, құт дарыт, жарылқа!» деп ашылған 
бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді.  
(http://www.inform.kz/kz/nauryz-zhanaru-2758216) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   483




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет