Сайрамланды: сув сайрамланды - су тобықтан келер дәрежеде
азайды (Сайрамла-нур, сайрамланмақ). М. Қашқаридің бүл
жазғанынан сайрам сөзін қазақша «сайыз/саяз/тайыз» деп
түсінуге болады. Осы сөздер біздіңше түбірлес. Оған мынадай
дэлел келтіруге болады.
1. Орта ғасырлардағы тарихи деректерге қарағанда Сай
рам қаласы
Сайрам сув деген өзеннің бойына орналасқан.
Бұл жөнінде орта ғасырдағы авторлардың еңбектеріне сүйеніп
жазылған К.А. Пищулинаның мына пікірін келтіруге болады:
«Вся возделываемая, в районе Сайрама площадь орашалась при
помощи арыков, отведенных из многочисленных речек, сте
кающих с юго-западных склонов Каратау и Таласского Алатау.
Некоторые из этих рек, сохраняющих и поныне свои названия,
упомянуты в источниках: Арыс, Сайрамсу (на которой стоял
г. Сайрам), Буган, Чайан, Арсланлык и др» (Указ, статья,
стр. 23). О лай болса қала аты өзен атынан қойылғанына ешбір
күмән болмасқа керек.
2.
Бүл сөз суға байланысты айтылғандықтан, оның түбірі
сайр
болса керек. Ал
сайыр//сайыз//саяз бір түбірден тараған сөздер
екендігіне түркі тілдеріндегі
р//з дыбыстарының сэйкестігі
(соответствие) дэлел болады. Олай болса бүл дыбыстардың
сәйкестігі деген мәселеге тоқтала кетейік. Түркі тілдерін-
дегі бүл фонетикалық заңдылыққа алғаш көңіл аударған
И. Клапрот болды. Ал чуваш тілі мен басқа түркі тілдерінің
арасындағы бүл айырмашылықты В. Шот зертгеулері кеңейте
түсті. Кейінгі зерттеушілер арасында бұл дыбыстардың қайсы
бұры деген мәселеде екі түрлі пікір бар: Г. Рамстедт және оны
қолдаушылары р>з деп дәлелдесе, В.В. Радлов жэн 3. Гомбоц,
керісінше, з>р деген пікірде болды. Н.И. Ашмарин, Н.К. Дми
триев сияқты көрнекті тюркологтар да бүл дыбыстардың шығуы
жөнінде пікірлерін айтпай, конкретті материалдарды талдаумен
болды (Н.К. Дмитриев. Соответствия р//з, «Исследования по
Достарыңызбен бөлісу: