Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


Якутия гидронимиясын арнайы зерттеген К.Ф. Гриценко  -кан



Pdf көрінісі
бет64/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   144
90


Якутия гидронимиясын арнайы зерттеген К.Ф. Гриценко 
-кан және -ган форманттарының басым көпшілігі гидроним- 
дер ге қатысты екенін және бүлар кішірейту жұрнағы есебінде 
қолданылатынын айтады (К.Ф. Гриценко. Названия рек и озер 
Якутии. Автореферат канд. диссертации. Томск, 1968, стр. 15). 
Ханты тілінде еган - өзендердің жалпы аты (Л.И. Калинина. 
Ареалы распространения хантыйских топонимов..., «Учен. зап. 
Томского госпединститута. Том XIX. Вып. 2, Томск, 1961, стр. 
211). Бүл сөзді де жоғарыдағы -кан сөзіне жақындастыруға бо- 
латын сиякты.
Жогарыдағы шолудан -кан, -ган, -кем, -хем формалары- 
на аяқталған гидронимдер сонау Қиыр Шыгыс пен Якутия- 
дан бастап, Индияға дейін созылып жатқанын байқадық. 
Э.М. Мурзаев бүлардың шығу арнасы бір деп қарайтынын 
айттық. Біз Қазақстандағы Басқан гидронимін, сол сияқты осы 
өзенмен көршілес жатқан Сарқан өзені атын да басқа Алтай 
мен Сібірдегі түркі, гунгус-маньчжур жэне корей тілдеріндегі 
өзен мағынасындағы -кан//кем сөздерімен туыстас деп 
қараймыз. Сонда бүл гидронимдер Бас+қан «бас, үлкен өзен», 
ал Сары-қан - «сары су, өзен», деген мағынаны білдіреді. Бұл 
гидронимдердің индо-иран тілдеріндегі кан сөзіне қатысы 
бар-жоғын дэл айта алмаймыз.
БАЯНАУЫЛ - Павлодар облысындағы тау, аудан жэне 
аудан орталығының аты. Бүл атаулар тау атынан алынған. 
Ғ. Қоңқашпаевтың зерттеуі бойынша, бүл монғолдың баин 
(бай)+ола (тау) деген сөздерінен жасалган. Жергілікті қазақтар 
тауды Баянаула деп атайды, ал оның шыгыс биік жотасын 
Жақсыаула, батыс аласа жотасын Жаманаула деп атайды. 
Л. Левшиннің, П. Рычковтың, Красовскийдің еңбектерінде 
бүл атау Баян-Ола, Баянаула болып жазылган. Ш. Уэлиханов 
өз еңбектерінің бірінде Баянаула монгол сөзі деп, мағынасын 
түсіндіріпті. Баин-Ола деген тау аты Монғолияда жиі 
үшырасады (Г. Конкашпаев. Географические названия монголь-
91


ского происхождения... Известия АН КазССР Серия филоло­
гии и искусствоведения... Вып. I (11), 1959, 89-беті). Зерттеуші 
Ш. Ш. Сарыбаев та осы пікірде (Ш. Ш. Сарыбаев. К вопросу 
о монгольско-казахских языковых связах. «Қазақ тілі тарихы 
мен диалектологиясының мәселелері, жинақ, 2-шығуы, 1960, 
36-37-беттері). Ғ. Қоңқашпаев мүнда атаудың өзгеруіндегі 
себептерін 
көрсетпейді. 
Біздінше, 
монғолдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет