Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


Бар дам балы м басыңа. Міне осы контексте бар дамбал



Pdf көрінісі
бет61/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   144
    Бұл бет үшін навигация:
  • (Э. В.
Бар дам балы м басыңа.
Міне осы контексте бар дамбал - «үлкен дамбал» болуы ке- 
рек. Бұл пікірге төмендегідей қосымша материал келтіру артық 
болмас деп ойлаймыз.
Барс сөзі славян тілдеріне түркі тілдерінен енген (М. Фас- 
мер. Этимологический словарь русского языка. Т. 1, М., 1964, 
стр. 128). Бүл сөз коне түркі тілдерінде де болган. Оның үстіне 
«барс киік» деген соз «барс аң» (үлкен аң) деген мағынада 
қолданылган (С.Е. Малов. Памятники..., М., 1951, стр. 268). 
Сөздің түбірі бар болуы керек, үйткені монгол тілдерінде бар 
сөзі де, барс//барыс сөздері де барс дегенді білдіреді (С. Хабшай, 
Ә. Мініс. Монғолша-қазақша сөздік Уланбатор, 1954, стр. 35-36; 
К- М. Черемисов. Бурят-монгольско-русский словарь. М., 1951,
86


стр. 90, 92). Бурят-монғол тілінде «бар хушэн» - львиная сила 
(үлкен күш) деген сөз. Алтай тілінде де бар - жолбарыс (тигр) 
(Н А . Баскаков, Т.М. Тощакова. Ойротско-русский словарь. М , 
1949, стр. 27). Бүл келтірілген фактілерден барс сөзінің детүбірі 
бар екені байқалады. Мүның өзі де бар//барс аң, тіркесі «үлкен 
аң» деген мағынада қолданылып жүріп (жоғарыдағы «барс 
киік» сөзін еске алыңыз), кейін аң, киік сөздері түсіп қалып, 
эллипсистік сөзге айналуы әбден ықгимал. Барс аң аты жэне 
жыл аты ретінде М. Қашқарида бар (I, ЗЗО-беті).
Ал бар сөзіне қосылған-с жүрнағына келсек, оны ертедегі 
-ч, ш жүрнактарымен қатар қоюға болады. Э.В. Севортянның 
зерттеулеріне қарағанда қазір өнімсіз жүрнағы есім сөз- 
дерге қосылып кішірейту мэнінде ғана емес, үлкейту мағына- 
сында да тарихи жағынан ертеде өнімді жүрнақ болган. Ол осы 
пікірге дәлел ретінде мынадай мысал келтіреді: «Анач - «боль­
шой, матерый», от ана «мать» - аффикс - имеет в примере уве­
личительное значение..., голач «мера, равная длине руки от кон­
чиков пальцев до головы» от гол «рука» (до предплечья); здесь 
также производное слово имеет увеличительное значение..., 
бабаш «самый крупный и старый самец (о домашней птице)» 
от баба «отец» (Э. В. Севотян. Аффиксы именного словообра­
зования..., М., 1966, стр. 169-170). Келтірілген мысалдардан 
ч//с жүрнақтары (башқүрт тіліндегі қол+ас сөзі, қазақ тіліндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет