зерттеушілер бүл сөз казак (белая гусыня)
деген сөздерден
құралған деп қарайды.
Мүндай пікірлердің ғылыми негізі жок екендігін А. Самой-
лович өз мақаласында толық дәлелдеді.
Зерттеуші П. Фалев «қазақ» сөзінің
қаз (кезу, тентіреу) де
ген етістікпен байланысты деп қарайды. Бұл пікірді 1866, 1878
жылдары Ценкер жэне Вамбери сияқты ғалымдар айтқан. 1912
жылы венгер тіл ғалымы Гомбоц
қазақ, хазар сөздері
қаз (ауы-
су, тентіреу) деген етістіктен шыққан деген жорамал айтыпты.
Фин ғалымы Рамстедт
егер соңғы пікір дұрыс болса, онда
«қас» сөзі монғолдың «қасағ терген» (ескі монгол тіліндегі
арбаның аты) сөзімен байланысты болуы керек деп қарайды.
«Қаз» («тентіреу» мағынасында) деген етістікті А. Самойло-
вич басқа сөздіктерден таба алмай, тек венгер ғалымы Неметтің
«Қүмық тілінің сөздігінен» тапқанын айтады.
«Қазақ» сөзін А. Самойлович мына сөздіктерден тапқан:
1245 жылы Египетте қыпшак тілінде
жазылған авторы белгісіз
1894 жылы Хоустма шығарған сөздікте қазақ сөзі «каңғыбас,
тентіреуші» дегенді білдіреді - депті.
XV-XVT ғасырлардағы біраз сөздікте казақ сөзінің мағы-
насы айтылады. Мәселен, «Абушка» сөздігінде (Вельяминов-
Зернов шығарған баспасының 322 бетінде) қазақ сөзін «кезбе,
үйсіз» деп түсіндіреді. Сүлеймен Бухари сөздігінде бүл «үйсіз»
деп аударылған. Қазак сөзінің мағыналары (1) үйсіз адам,
2) Хорезмнің терістігіндегі тайпа аты) XVITI ғасырдағы Мирза
Мехдихан сөздігінде де беріледі.
Бабур шыгармаларынан дәлел
келтіріліп, осы сөздін «үйсіз (кісі), кезбе, қуғындалушы» де
ген мағыналары Паве-де-Куртеиль, В.В. Радлов сөздіктерінде
берілген.
Ал Ценкер мен Будаговтың сөздіктерінде бүд
сөздің
мағынасын «қарақшы» (разбойник) деп түсіндірілуі, бүл
екеуінің Фазлуллахан сөздігіндегі араб жазуымен жазылған
Достарыңызбен бөлісу: