Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


арқар екені рас (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монголша-қазақша  сөздік. Уланбатор, 1954, 26 беті). Бірақ бүл факті Арғанаты тауының аты монголдың ар­



Pdf көрінісі
бет54/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   144
арқар екені рас (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монголша-қазақша 
сөздік. Уланбатор, 1954, 26 беті).
Бірақ бүл факті Арғанаты тауының аты монголдың ар­
гал инты (арқарлы) сөзінен қойылды деуге еш дәлел; бола 
алмайды. Біздіңше сөздің түбірі аргана монгол тілінде арғал,
73


түркі тілдерінде арқар сөзінің жасалуына негіз болған. Бүл 
топонимнің көне көрінісі осыны айтып тұр. Л/р, немесе 
керісінше р/л дыбыстарының алмасуы түркі тілінің өз ішінде де 
бар құбылыс: түқыл//түк;ыр//тықыр, батыр//батыл. Ендеше 
атаудың түбірі арғана сөзі, көне алтай заманында «арқар», 
«тау ешкі» үғымын білдіріп, кейін монгол тілінде арғал, ал 
түркі тілдеріне ар-> қар түріне көшсе керек. Алты жүрнағы 
- осы заттың (Жануардың) бар екенін білдіретін, Алматы, 
Бүғыты, Ырғайты тәрізді атауларда сақталған туынды сын 
есім жасайтын көне жүрнақ.
АРҚАТ - Семей мен Аякөздің арасындағы тау аты. Арқат 
тауы туралы өткен ғасырда осы жерден өткен Ш. Уәлиханов 
былай деп жазған болатын: «Эта соленцеватая область по­
степенно к Аягузу возвышается и образует возвышенный пик 
(сопку) Аркат. Живописные зубчатые синевы аркатские видне­
ются довольно далеко и разнообразят скучную и пустую дорогу. 
Горы Аркатские славятся кормом и потому в них сосредоточены 
зимовки найманских и уваковских волостей Аягузского окру­
га» (Ч. Валиханов. Избр. произведения, Алма-Ата, 1958, стр. 
236-237).
Осы манда соңғы жылдары экспедицияда болган Ж. Бола- 
тов Арқат және басқа топонимдер жөнінде былай деп жазды: 
«Шәкеннің атасы - Байкісі. Байкісінің Архат, Бұрхат, Алжан, 
Қылжан деген торт ұлы болады.
Бүлардың алғашқы үшеуі Ертістің батыс жағындағы Ар­
хат, Бүрхат, Алжан таулары маңында туғандыктан, осы аттар 
қойылды ма деген ой келеді» (Ж. Болатов. Шығыс Казақстан 
облысы... қазактар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер тура­
лы. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 
5-шыгуы, Алматы, 1963, 178-179 беттері).
Автордың Архат, Бүрхат деген кісі аттары тау атынан 
қойылды деуі, - біздіңше, дүрыс пікір. Ал Алжан сол Әлжан 
деген кісінің жайлауы не қыстауы болғандықтан қойылуы да
74


ықтимал. Атаудың этиологиясы туралы бұдан бұрынғы бір 
мақаласында ол былай деп жазған болатын: «Осы айтылған 
территорияда Архат, Бүрхат деген қатар жатқан екі тау бар. Ар- 
хат батыс жағында да, Бүрхат оның шығысында, алдыңғысы 
соңғысынан анағұрлым үлкен. Монгол тілінде аргат - айла- 
лы, әдісті деген сөз. Ал, бүрхат сөзі монғолдың бүр (өте, тым), 
хатан (беріктік, қайтпас, қайсарлық) деген екі сөзінен бірігіп, 
екіншісінің соңғы дыбыстарының түсіп қалуы арқылы пайда 
болуы ықтимал» (Ж. Болатов. Семей облысының... қазақтар 
тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы. «Қазак тілі тарихы 
мен диалектологиясының мәселелері». Жинақ, 2 шығуы, 1960, 
123 беті). Ж. Болатовтың бүл талдауы ешбір қисынға келмейді: 
біріншіден, «айлалы, тым берік» деген сөздер тау атына 
койылмайтынын, екіншіден, топонимдерге оган үқсас сөздерді 
жапсыра салғанмен сөз этимологиясы ашылмайтынын автор 
ескермеген.
Ал Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша бүл атау монғолдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет