ар (солтүстік), хад (тау, жартас) деген сөздерінен жасалған.
Оган тағы бір дәлел осы таудың оңтүстік жагында Борқат деген
тау аты бар. Бүл да монголдың убор (оңтүстік), хад (тау, жартас)
деген сөздерінен жасалган (Г. Конкашпаев. Географические на
звания монгольского происхождения. .. Известия АН ҚазССР.
Серия филологии и искусствоведения. Вып. I (11), 1959, 88
беті). Ғ. Қонқашпаевтың пікірінің багыты дүрыс болғанымен
біздіңше, оны лингвистикалық жагынан дәлелдейтін, түзететін
де жәйттері бар.
Атаудың бірінші компоненті ар сөзі - біздің ойы - мыз-
ша, арқа, арт-қы деген сөздердің түбірі. Ал - қа, -т+қы
түркі
тілдеріндегі
өлі
жүрнақтар.
Ертеде түркі-монгол
халықтарында батыс пен солтүстік арт жақ, ал шығыс пен
оңтүстік алдыңғы жақ болып есептелгені тарихтан белгілі.
Мысалы, якут тілінде Арға қуол гидронимі «батыс көл» де
ген сөз. Якут тілінде арға - батыс деген сөз (К.Ф. Гриценко.
75
Из якутской топонимии. Сб. «Топонимика Востока». Новые
исследования. М., 1964, стр. 197). Бүл деректер де, біріншіден,
ар сөзі арқа, арт сөздерінің түбірі екендігін дәлелдей
түседі, екіншіден, ар сөзі түркі-монғол тіл ортактығын айқын-
дай түседі.
Сонымен А рхат топонимінің бірінші компоненті түркі-
монғол тілдеріндегі ар - түбір сөзінен жасалған да, екінші хад
компоненті монғолдың жартас, тау мағынасындағы сөзінен
аталған.
А ЯКӨЗ (айтылуы: АЯГӨЗ) - Семей облысындағы өзен, ау-
дан және аудан орталығының аты. Бүл атаудың этимологиясы
жөнінде С. Нүрқанов былай деп жазды: «Балқаш төңірегіне көз
тастаңызшы - Ай, Айқыз, Аягөз (ай-тайпа аты, гөз өгүз - су,
яғни ай (лар) суы) атауларын көресіз. Айрық, Айтағы (ай-тайпа,
тағы-тау) т. б. жер-су, тау аттарын үшыратамыз» («Қазақстан
мектебі», журналы, № 1, 1967, 76-6). Демек, С. Нүрқановтың
пікірі бойынша аякөз сөзі ай+өгуз (су) деген екі компонент-
тен тұрады. Көне түркі тілінде угуз - өзен екенін (Малов. Па
мятники древнетюркской письменности. M.-JI.,, 1951, 440
беті) ескерсек, бүл пікірдің бағыты тиянақтала түседі. Алай-
да С. Нұрқанов пікірінде біраз дәлсіздік бар. Мәселен, Айрық
топонимін бұл топқа жатқызу, біздіңше дәлелсіз сияқты, үйткені
бүл топонимнің түбірі - Айр (айыр), осыған ертедегі өнімді -ы қ
жүрнағы қосылу арқылы жасалған.
Бүл гидронимдердің ішіндегі көне формасын сақтағаны да -
осы Аягөз. Ал ай сөзі тайпа атауы деудің өзі де қиын-ақ, өйт-
кені, бүл өлкедегі және жалпы қазақтың этностық қүрамын-да
ай деген тайпа немесе ру атын кездестіре алмадық. Ал осы Се
мей және Шығыс Қазақстан облыстарына көршілес жатқан Ал
тай автономия облысында А й, А й г а р ы , А й к ү л а қ , А й л ы -
О оз ы деген өзендер бар. Бүлардын бәрін Н. А. Баскаков пен Т.М.
Тощакова «луна, месяц» деп аударыпты (Н. А. Баскаков, Т.М.
Тощакова. Ойротско-русский словарь. М., 1947, 196 беті). Ал ай
76
сөзінің мағынасы осы авторлар айтқандай «луна» болуы да, не-
месе «кіші» болуы да ықгимал. Сонымен бірге көне Ай+угуз
атауы айға ұқсаған «жақсы өзен» мағынасында да қолданылуы
мүмкін. Сондықтан ай компонентінің мағынасы әлі де анықтай
түсуді кажет етеді..
Қорыта келгенде, Аягөз гвдронимінің этимологиясы мы-
надай түрде болса керек: Ай (1 луна; 2. жақсы; 3. кіші?)+угуз
(өзен, су)>Айугуз>Аягөз.
А ТАСА Ғ¥Н - Жамбыл облысы мен Қырғызстанға шекара-
лас маңдағы тарихи қала аты. Б а л а с а ғ ұ н , Б а р с ы ға н атаула-
рын қараңыз.
БА ДА Л А РТ - Талас Алатауындағы және қырғыз жеріндегі
асу аты. Бұл атау жөнінде М. Қашқари былай деп жазыпты:
«Бадаларт - Ош пенен Барсаған арасындағы бір жер, өтуі қиын
болған шоқы» (1, 373 беті). Бұл атау біздің ойымызша екі ком-
поненттен жасалған: бадал+арт,
Атаудың б а д а л деген бөлімі қырғыз тілінде бар: «бадал
1. заросли, мелколесье; 2. «кустарник» (К. К. Юдахин. Киргизско-
русский словарь. М., 1965, стр. 92). Бұл сөздің мағынасы қазақша
«жыңғыл» дегенге келеді.
Ал атаудың екінші бөлімі ар т М. Қашқари еңбегінде асу
(перевал) мағынасында кездеседі (1, 78 беті, ПІ, 9 беті).
Шор, қырғыз тілдерінде де арт - «асу» деген сөз. Бүл тер
мин арқылы жасалған топонимдер Шорияда жиі ұшырайды
(Сб. «Языки и топонимия Сибири». Томск, 1966, 168 беті;
К.К. Юдахин. Киргизско-русский словарь. М., 1905, стр. 70-71).
А рт термині туралы Есекартқан (қараңыз) топонимінде толық
айтылған. Сонымен бұл атау екі сөзден жасалған. Б адал
(жыңғыл)+арт (асу), яғни «жыңғыласу» дегенді білдіреді.
БА ДАМ - Шымкент облысы, Бөген ауданындағы жер аты.
Бұл сөз көршілес иран тілдерінен енген. Тэжік тілінде:
Бодом - миндаль, миндальный орех» (Таджикско-русский
словарь. М., 1954, стр. 74). Жергілікті жерде бұл жеміс бадам,
немесе түкті өрік деп аталады.
77
Тарихи қала аты Кани-Бадам да осы сөзбен түбірлес болуға
тиіс. Ал тэжік тіліндегі бодом сөзі қазақша бадам болып айты-
луы заңды, өйткені ондағы о дыбысы - қазақ тіліндегі о жэне а
дыбыстарының ортасындағы тіл арты дыбыс (Сонда, 53 1 бет).
БА Й РА Қ Қ ¥М - Шымкент облысы, Арыс (?) ауданын-
да Сырдария өзенінің бойында орналасқан елді пункт аты.
Түрік, башқүрт, татар, үйғыр, қырғыз, өзбек, әзербайжан
тілдерінде байрақ сөзі «ту», «жалау» деген мағынаны білдіреді.
В. В. Радлов сөздігінде мынадай түсінік берілген: «1. байрак
(Дж. В. Тркм.) - приз на бегах 2. байрак (Осм. ОТ) - 1) знамя,
штандарт, флаг, 2) маленький флаг» (Опыт словаря... Том IV,
Достарыңызбен бөлісу: |