4.4. Тауар өндірілген кейінгі қызмет көрсету
Өндірістен тұтынуға дайын тауарды алған соң осы тауар-
ды өндірушіден тұтынушыға жылжытумен байланысты нақты
бірқатар әрекеттерді жүзеге асыру керек. Тауар өндірілген кейінгі
қызмет көрсету келесі фукцияларды қамтиді:
– дайын өнімді қоймалау. Бұл функцияның экономикалық
(не басқарушылық) мәні екі негізгі мақсатты көздейді: а) тап-
сырыс немесе келісім-шартқа сәйкесті қажетті көлемде тауар
партиясының құру және ә) қажет жағдайда пайдаланатын, та-
уарды көрсету үшін немесе жаңа тұтынушы не жаңа нарыққа
сынақ партияны жеткізу үшін пайдаланылуы мүмкін белгілі бір
тауарлық қорды құру;
– тауарларды тұтынушыларға тасымалдау;
– тауарды өткізуші функция, егер өндіріс белгілі тұтынушыға,
нарыққа бағытталмаған болса, тек сатып алушыны табуды
ғана емес, сондай-ақ сатуды ұйымдастыруды білдіреді. Бұл
функцияның маңызды құрама бөлігі болып тауарды сатып алушы
мекен-жайына жеткізу (жөнелту) уақыты мен шеттетілген тауар
құнының ақшалай баламасын фирманың есепті шотына (немесе
кассаға) түсу үақыты арасындағы мезгіл орын алады.
Әлемде, ережеге сәйкес, соңынан төлеу қағидасы қолданылады:
тауарды сатып алушы мекен-жайына жіберілгеннен кейін ғана
сатып алушы алынған тауарға төлейді. Ал біздің тәжірибеде
оған керісінше – алдын ала төлем жасау қағидасын қолдануға
тырысады: тауар тек қана төлем жасалғаннан кейін немесе са-
тып алушыға ақша қаражаттары жіберілді, ол болмаса оның
есеп айырысу шотына түсті деген растайтын құжаттар болған да
ғана қойылады. Тиімді әрекет етуші менеджер тауарды жіберу
уақыты мен оған төленетін ақша қаражаттарының түсу уақыттың
аралығы минималды болуына назар аударады, себебі ертең ақша
құндылығы бүгінгі құндылықтан төмен болуы мүмкін.
Көптеген менеджерлар өз ұйымының құрылымына маркетинг
пен айналысатын, яғни нарықты зерттеу және нарықта болып
жатқан немесе болатын өзгерістерге барабар жауап беру тәсілдері
мен механизмді табу, сонымен қатар нарық құрылымына тиімді
52
ену үшін нақты әдістерін іздеумен айналысатын ерекше бөлімшені
енгізуді қажет санайды. Тіпті ұйым құрылымында маркетинг
бөлімі болмаса да, маркетинг функциясын бәрібір біреу іске асы-
рылады, себебі, фирма сыртында не болып жатқандығы жөнінде
ақпаратсыз, яғни сыртқы ортада фирманың қызмет етуі мүмкін
емес немесе оның қызмет етуі төмен нәтижелерімен көрінеді.
Менеджер белгілі жағдайда оған өндіруші үдерісті неғұрлым
тиімді басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, табыстар
мен шығыстар орталықтарын белгілеу негізінде толық өндіруші
үдерісті құрылымдауды жүзеге асыра алады.
Фирманың өндірістік үдерістерінің табыстар орталығы ре-
тінде: серіктестік қатынастар, өндірістік запастар, өндірістік
үдеріс, дайын өнімді қоймалау, тасымалдау, өткізу, маркетинг
сияқты функциялар (бөлімшелер) аталады. Олар тікелей табыс
өндірісіне қатысады, олардың әрқайсысы жеке және барлығы
бірге фирма табыстылығына ықпал етеді.
Шығындар орталығы ретінде: кадр бөлімі, бухгалтерия, көлік
бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімшелер (күзет, тазалықты
сақтау, коммуникация қызметін жөндеу және т.б), PR-бөлім,
ҚЗТКЖ бөлімшелері, өткізілген тауарлардың кепілдемелік және
сервистік қызмет көрсету табылады.
PR-бөлім жұртшылықпен қатынас жасау мен айналысады.
Оның негізгі міндеті – фирма қызметкерлері болып табылмай-
тын төңіректегі адамдар ойында фирманың тартымды бейнесін
құру. Осы мақсатқа жету үшін фирма арнайы кампаниялар,
бағдарламалар немесе жоспарларды әзірлейді. Мұндай орталықты
құру нарықтағы бәсекелестіктің күшеюімен және әрбір ұйымның
өзіне сатушылар тарапынан, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен
қоғамдық ұйымдар тарапынан сенімді күшейтуді қалаумен бай-
ланысты.
Кейбір ұйымдарда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конс-
трукторлық жұмыстарды жүзеге асырушы бөлімшелер негізінен
ұйым табысынан құрылатын ұйым шеңберіндегі венчурлы
қорлардан қаржыландырылады. Ұйымдардың көпшілігі осын-
дай құрылымдық бөлімшелер бойынша жасалатын шығындарды
оларды шынайы шығындар орталығы ретінде бағалап, өндірістің
жалпы шығындарына жатқызады.
53
Сатылған тауарлардың кепілдемелік жөндеу қызметтері мен
сатудан кейінгі сервистік қызмет көрсетулерге кеткен шығын-
дардың төмендеуі өндірілетін тауарлардың сапасы мен қызмет ету
мерзімін жоғарылатуға бағытталған менеджердің күш-жігеріне
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |