Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К



Pdf көрінісі
бет35/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80
Бақылау сұрақтары:
1. Бағынушылар басқару үдерістің субъектісі ретінде және бағы-
нушылар басқару үдерістің объектісі ретінде деген тұжырым-дамаларды 
басқарушылық мағынасын қалай түсінесіз?
2. Менеджер өзінің қызметінде психологиялық ерешеліктерді қалай 
тиімді нысанда есепке алу тиіс?
3. Бағынушыларға әсер ету нысаны ретін басқару стиль нені біл-
діреді? Нақты мысалда қатаң және жұмсақ басқару стилін келтіріңіз.
4. Неге басқарушының алдында бағынушыларды белгілі катего-
рияларға бөлу қажеттігі туындайды?
5. Басқару идеологиясы дегеніміз не? Кәсіби менеджердің идеоло-
гиясы өзгеруі мүмкін бе, өзгеретін болса, оған қандай факторлар әсерін 
тигізеді?
6. Басқарушылық идеологиясының көрінісінде екіполярлықтың ала-
тын орнын атаңыз. 


88
8. БАСҚАРУ СТИЛІ. МЕНЕДЖЕР МЕН 
БАҒЫНЫШТЫЛАРДЫҢ РӨЛДІК ФУНКЦИЯЛАРЫ
8.1. Стиль басқару категориясы ретінде. Басқару 
стилдерінің жіктелуі
Басқару стилі өзінің кәсіби міндеттерін атқару барысында
менеджердің жеке қасиетіне немесе саналы қолданатын өзіне 
тән тәсілдер жиынтығымен ерекшеленетін басқару объектісіне 
әсер ету жолы деп түсінуге болады. Басқару стилі менеджердің
шығармашылық манерасын көрсетеді. Менеджердің қолданылған 
стиліне қарай басқару объектісі ретінде басқару шешімдерін 
әзірлеу және қабылдау кезіндегі адамдар немесе ұйым қаралады.
Менеджерге басқарудың қатаң стилі немесе басқарудың 
жұмсақ стилі тән болуы мүмкін. Қатаң стиль − менеджердің 
әмірін, бұйрығын, тапсырысын бағынышты адамдар бір мағыналы 
қабылдайтындай әсер ету формасы. Басқарудың жұмсақ стилін 
менеджердің бұйрығын, жарлығын бағынышты адамдардың 
бір мағынада ұқпау үдерісі деп айтуға болады, бағынышты 
менеджердің айтқанын өз бетінше еркін баян етеді. Не себеп-
тен менеджерге аталған стильдердің бірі тән болып келетіні 
түсіндіру қиын, алайда стиль типіне менеджердің психологиялық 
ерекшеліктері ықпал жасайтыны сөзсіз.
Бұл мәселе шегінде екі түрлі түсінік қолданылғанын байқау 
қажет:
– басқару стилі бағыныштыларға әсер ету формасы ретінде;
– коммуникация формасы, яғни менеджердің бағыныштылармен
қатынасу формасы.
Стиль мен коммуникация формаларының үйлесуі әртүрлі ме-
неджерлерге бірдей бомайды. 
Басқару стилі менеджерге тән үш қасиеттің:
– индивид ретінде өзіне тән қасиеттерді;
– кәсіби шеберлік деңгейін;
– бағыныштылардың потенциалды мүмкін болатын кәсіби ше-
берлік деңгейін таба білу, анықтау, тіркеу қабілетін бір уақытта 
үйлесуін бейнелейді.


89
Басқарудың мүмкін болатын стилдерінің жіктелуі осы қа-
сиеттердің көріну деңгейін белгілеуіне негізделеді. Осы қасиет-
тердің көріну деңгейі өз кезегінде нақты бір менеджерге тән 
басқарудың белгілі бір стилінің жіктелуіне әсер ететін фактор 
ретінде қаралынды.
Басқарудың мүмкін болатын стилдері жіктелуінің 
екі полюстік 
немесе биполярлық формасы менеджердің өзінің психологиялық 
ерекшеліктерін, яғни жеке қасиеттерін белгілеуге негізделеді. 
Бұл форма басқарудың: сияқты қатаң және жұмсақ екі стилінің 
бар болуын болжайды. Мүмкін болатын басқару стильдерінің
жіктелуінің бұл формасы менеджердің өзін және оның кәсіби 
қызметін зерттеуге емес, тек менеджерді оның бағыныштылары
қалай ұғынады – соны зерттеуге негізделеді.
Менеджер тарапынан шығатын бұйрықты, әмірді және 
басқа с.с. бағыныштылар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет