101
қарастыру керек, орынсыз басқа адамның пікірі менеджерді
адасуға әкелмеуі керек. Бұл мәселе өте маңызды, сондықтан ме-
неджер ол туралы өз көзқарасын қалыптастыруы қажет.
8.3. Менеджердің негізгі лауазымдық міндеттері мен негізгі
функционалдық міндеті
Менеджердің негізгі функционалдық міндеті деп ұйымда
белгілі лауазымдық тұлға-менеджердің пайда болуын туғызған
негізгі әрекетті түсінеміз. Бұл жерде ең алдымен, екі біртипес ка-
тегорияны:
– менеджердің негізгі лауазымдық міндетін;
– менеджердің негізгі функциясын (функционалдық міндетін)
ажырата білу керек.
Менеджердің негізгі лауазымдық міндеті оның ұйымды
сақтап қалу қажеттігі деп түсінсек, онда оның барлық қызметі
мен барлық атқаратын әрекеттері нақ осы тапсырманы орындауға
бағытталады. Басқаруды әсер ету деп ұғынсақ, менеджер са-
налы түрде әсер етеді, ал қажетті әрекеттерді таңдау негізінде
жете үғыну шешімді қабылдау процедурасы болып келеді.
Атап айтқанда, шешімді қабылдау атқарылатын әрекеттердің
алдында болады және кейін орын алатын көптеген басқару іс-
әрекеттерінің бағыттылығы мен сипатын белгілейді. Сондықтан
шешім қабылдау менеджердің негізгі лауазымдық міндеті ретінде
болады. Оған қоса, шешім қабылдау менеджердің негізгі кәсіби
инструментариі болып келеді, жоғары деңгейлі маман санатында
болам десе, менеджер оны аса шеберлікпен қолдана білу керек.
Шешім қабылдау және осы құқыққа ие болу менеджердің
Достарыңызбен бөлісу: