Table of Contents тар жол, тайғАҚ кешу роман-эссе (1927) тарту



бет16/53
Дата22.09.2023
өлшемі419,1 Kb.
#109714
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
Тар жол, тайғақ кешу. Сәкен Сейфуллин

«СҮЙІНШІ ХАБАР»
29/Х1. Орынбор губерниясының комиссары шыбықсыз төте телеграфпен сөйлесіп, Петроградтан анық хабар алды.
Петроградтағы студенттер, юнкерлер, күрістер, барша большевиктер істеріне ырза болмай, зығырлары қайнап, бармақтарын шайнап, күйіп отырған адамдар, жаңа партиялар көтеріліп, большевик үкіметін түсіріп, басшыларының бәрін абақтыға салыпты.
Петроград большевиктері мұндай болғаны Россияда зор сүйінші оқиға болған, большевиктерден басқа жұрттың бәрі Николай үкіметі түскеннен артық қуанбаса, кем қуанбайды. Қандай қуаныш оқиға екені большевиктер әкім болғанда істеген істерін айтпаса көзге көрінбейді.
Большевиктердің мақсаты халықты лайсаң күйге түсіріп, лай судан оңай балық ұстайын деген еді. Әуелі Петроград, Мәскеу, Қазан, Сарату, Самар, Уфа сияқты қалаларды зеңбірек, пулемет, мылтық астына алып, адамын қырып, мал-мүлкін талады. Қатын-бала, кемпір-шал демей өлтіріп, қалалардың көшесін қанға бояды, екінші мемлекет мәшинесінің тетігін босатып, темір жол, пошта, телеграф сияқты халық жүріп-тұрып, хабарласып отырған істерге лаң салып, оны шатастырып, былықтырып болды. Үшінші мемлекет қазынасын талау жасап, ақша шығаратын орындардан шыққан ақшаларды халыққа таратып, алыс-беріс қылатын банк, казначейство сияқты орындарды жабылуға жақындатып, халықты ақшасыз қалдыруға таяды.
Төртінші заң-закон, жол-жоба, құқұқ дегеннің бәрін жоғалтып, сот-судья, адвокат, палата, сенат сияқты ақ-қараны тексеретін орындарды жабуға жарлық шығарды.
Бесінші үй біткеннің билігін иесінен алып, үй комитеттерінің билігіне беруге жарлық қылған еді. Енді бітегене тұрғанда, барша мал-мүлік билігін мал-мүлік комитетіне беруге жарлық шығарыпты. Оған жетпей омақаса құлады. Аз уақыт еткен әкімшілігі үшін жатқаныннан тұрма деп қарғыс айтушы көп, алғыс айтушы жоқ. Большевиктер әкім болып тұрғанда мемлекет әлі зор қауіпте еді. Пошта, телеграф, отарбалар кешікпей тоқталатын еді.
Азық-түлік бар жерлер болса, жоқ жерлерге азық-түлік тасылмай халық аштан қырылмақ еді. Ақша тоқталып, шықпай банк казначейство жабылып, ақшасыз алыс-беріс істелмей барша кәсіп қарекеттері тоқталатын еді. Тергеп, тексеріп бұзықтарға тыйым салатын мекемелер жоғалып, адам аң дәрежесіне жетіп, ел бұзылып, бұзақылар құтырып, жұрт бүлініп лаңға түсетін еді.
Адамның басы қорлық-зорлығын көріп, мал-мүлкі большевиктер жасаған комитеттер билігіне беріліп, ел мал-малданып, жан-жанданудан қалатын еді. Осының бәрі болғанда, елдің ел болуынан өзі екіталай еді.
Мұндай күйге ел рууман өлі заманында түскен емес.
Әлі де болса алдымызда нендей күйге түсеріміз белгісіз. Халық қараңғылығы, надан қараңғы халық жақсы-жаман, ақ-қараны өзі ақылға салып аша алмай, не айтса соған нанып, кім бастаса соған еріп кетеді. Халық сондай болған соң алдымызда не боларын көз жетіп болжау қиын. Қалайда Петроградта болған оқиға жақсылықтың басына жорыла тұруға жарарлық. Большевиктердің нағыз күшті жерінде халық жеңіп, большевиктерді абақтыға тыққаны, большевиктер ісінің шикілік иісі шыққаны. Зеңбірек, пулемет, барша қару-жарақ қолында тұрған көп солдат түгел большевик жағында тұрса, Петроград халқына жеңдіре қоймас еді. Солдаттар арасына саңылау түсіп, сана кірген боларға керек. Солдаттардың есі еніп большевиктер ісінің шикілігін байқап, халық жағына шыққан болса, онда Россия ісі түзелерге бет алған деп жоруға болады. Олай болса, большевиктер күшейіп әкімшілік етіп тұрған қалалардың бәрі де большевиктердің қорлық-зорлығынан кешікпей-ақ құтылар деп үміттенсек адаса қоймаспыз.
Міне, «Қазақ» газетінің біртүрлі сөзі осындай... патша түскеннен кейін шыққан қазақ газетінің бәрі-ақ тоқтамастан шығып жатыр. Бәрі де большевиктер үкіметін жамандаудан кенде емес. Мысал үшін газеттерден және бір сөз келтірейік.
1918 жылы 17 қаңтарда шыққан 260-нөмірлі «Қазақ» газетінің «Саяси хал» деген басмақаласында былай дейді:
Газеттен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет