Table of Contents тар жол, тайғАҚ кешу роман-эссе (1927) тарту



бет27/53
Дата22.09.2023
өлшемі419,1 Kb.
#109714
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
«ХАН» БОЛҒЫЛАРЫ КЕЛЕДІ
Большевиктердің мылтығына біреуді қарсы қоймаса, мұндай болатынын әуелде-ақ «Алашорда» бастықтары сезген. Сол себепті қазақтан «милиция» жасамақ болған.
Милицияны «Алашорданың» бастықтары Қазақстанның екі жерінде жасай бастады. Бірі Семейде, бірі Оралда. «Алашорда үкіметі Семейге көшті десек те, үкімет мүшелері: Жанша Досмұқамбетұлы, Қалел Досмұқамбетұлы Семейге бармай, өз губерниялары Оралда қалған. Бұлар әлгі Орынборда болған 2-жалпы қазақ-қырғыз съезінде қазақ автономиясын кешіктірмей «бүгіннен бастап жариялаймыз» деп бөлініп шыққандардың бастықтары.
Бөкейханұлы, Дулатұлы, Байтұрсынұлы, Ғаппасұлы, Ермекұлы, Тұрлыбайұлы, бұлар — қазақ автономиясын «біраз милиция жасап алған соң жариялайық» дегендердің бастықтары. Досмұқамбетұлдарының даусы ол съезде аз боп шықса да, Бөкейханұлдарына көніңкіремей шығатын.
Міне, бұлар «Алашорда» үкіметі Семейге қашқанда, өздерінің Оралында қалып, өз беттерімен «Алашорданың» әрекетін жүргізе берген. Милиция жасауға кіріскен. Бұлар Бөкейханұлдарынан гөрі екпіндірек болған, Бөкейханұлдары ептеп амалдап, «Ой бауырым-ай! Алашым-ай» деген көлгірлікті жүндей сабап. Досмұқамбетұлдары тура амалдамай-ақ, ептемей-ақ, өздерінің «хандығына» жетуге кіріскен.
Колчактың заманында осы бетімен барып Досмұқамбетұлдары Семейдегі Бөкейханұлы «Алашордасынан» бөлек, Орал, Ақтөбе губернияларын иеленіп, өздері үкімет құрып, үкіметіне «Күнбатыс алашорда» деген ат қойған. Бұл жерде кішкене, әңгіменің ілгерідегісін айтып жібердім...
Сөйтіп қоқиып отырған Қоқан үкіметін құр дәрілеп атқан мылтық даусымен қуып жіберген соң, «Алашорда» ұлықтары Орал, Семейде милиция жасай бастады. Семейдегі «Алашорда» біраз жігіттерді жиып алып, әскер ойынына үйрете бастады.
Семейдің большевиктері біраз шыдаса да, бір күні он шақты большевик солдат «Алаштың» әскер ойынын үйреніп жатқан «милицияның» қасына келеді. Тұра қалып, милицияның басынан асыра мылтық атады. Милиция бет-бетімен қаша жөнеледі. Милицияның бастығы Қази деген жігіт айқайлап, жігіттерге: «Тоқта! Қашпа» — деп тұрады. Сол кезде Қази оққа ұшады. Бұдан кейін Семейдегі «Алашорда» милиция жасай алмады. Милиция бастығының оққа ұшқандығын «Алашорда» өзінің «Сарыарқа» газетінде «Тұңғыш құрбанымыз» — деп, жария қылды. «Алаш» ділмарлары өздерінің кімді ату үшін оқ даярлап жатқанын былай тастап, өкірген сиырдай шулады.
Газеттен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет