Тақырыбы : «Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында» Бағыты: Қазақстан тарихы Жетекшісі


Соғыста ерлік көрсеткен қаһарман қазақ партизандары



бет12/14
Дата15.04.2023
өлшемі161,87 Kb.
#82719
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Қабетхан Баян ааааа

2.1.Соғыста ерлік көрсеткен қаһарман қазақ партизандары
Кеңес Әскерлеріне партизандардың көрсеткен көмегі. Фашистік Гер- маниямен Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы барысында жау тылын- да канатын кең жайған партизандық қозғалыс үлкен рөл ойнады.Партизандық қозғалыс құлашын кең жайды және неміс-фашистік басқыншыларға қарсы бүкілхалықтық күреске айналып кетті. Неміс-фашистік басқыншылардың айуандықтары, материалдық және мәдени құндылықтарды қарақшылықпен тонаулары мен кұртуы, кенес калалары мен ауылдарын қирату неміс-фашистік басқыншы- ларына кеңес халқының жек көрушіліктерін күшейтті, Отанымыздын жауларымен жанқиярлықпен күреске шығуына көтерді. Партизандық қозғалыстар ұйымшылдықпен құрыла бастады. 30 мамыр 1942 жылы Жоғарғы Басбасқарманың Ставкасының қасынан жау тылындағы бұл бүкілхалықтық қозғалысқа тікелей басшылық ет- кен партизандық қозғалыстардың Орталық штабы құрылды.

20 маусым 1942 жылы КП (6) ОК-і партизандық отрядтар- мен байланыста болған және олардың қызметтеріне бағыт берін отырған партизандық қозғалыстардын украина штабы құрылған еді. Партизандық қозғалыстардың жаудың басып алған басқа респу- бликалары мен облыстарында да сондай штабтары құрылып жатты. Партизандык козғалыс қаһарлы күшке айналды. Тек бір ғана кыста


ішінде – 1942-1943 жылдары қаруланған партизандардың саны 2 есеге көбейді.1943 жылы жаздыкүні және күзде партизандық қозғалыска жүз мындаған адамдар қатысты. Ұсақ отрядтардан баска мындаған жасақтардан құралған үлкен отрядтар да құрылып жатты. Көптеген отрядтар бригада болып қайта құрылды. Жауға карсы күрестерде партизандық қозғалыстардын атакты ко- мандирлері және ұйымдастырушылары алға шықты. Партизандық козғалыстардын Кеңес еліне кеңінен белгілі болған жетекшілерінін ат- тары С.А.Ковпак, А.Ф.Федоров, С.В. Руднев, К.С.Заслонов, В.И.Коз- лов, А.Н.Сабуров және басқалары.

Партизандық отрядтар неміс-фашистік басқыншылардан бүтін ау- дандар мен өлкелерді босатты, сол жерлерде Кеңес өкіметін қалпына келтірді. Бұл аудандар партизандык жасақтардың тірек базалары бо- лып табылды. «Партизандық өлкелер» Брянск ормандарында, Бело- руссияда, Ленинград және басқа да облыстарда болды.


С.А.Ковпак, А.Ф.Федоров, М.И.Наумов, Л.К.Мельников және баскаларынын партизандық кұрамы дұшпанннын жаулап алған аймактарында 1942/43 жылы кыстыгүні бірқатар жорықтар жүргізді, Белоруссия және Солтүстік Украинаның оңтүстік болігі бойынша Брянск ормандарынан Ковпак жасақтары жорық жасады. Орловск облысының территориясында 1942 жылы құрамында 18 мын адамы бар 54 партизандық отрядтар жұмыс істеді. Парти- зандар жау тылында 490 тұрғын халықты босатты. Курск облысында 40 партизандық отрядтаржұмыс істеді. Смоленск облысының айма- ғында 1942 жылы 1 тамызда 22 мың жауынгерлер саны бар 72 пар- тизандык отрядтар әрекет етеді. Белоруссияда 1943 жылы 1 ақпанда 65 мын партизан болды, 1943 жылы жаздың басында республикада 100 мыңнан астам партизандар жұмыс істеді, ал 1943 жылдың аяғында 245 мың болса, 1943 жылы жаздың басында Правобережной Украина- да 100 мын партизандар саналды.Гитлершіл колбасшылык партизандармен күресу үшін жүйелі әскерлердің ірі күштерін тартуға мәжбүр болды.


1942 ж. жаздыкүні тек кана Брянск партизандарына қарсы венгр корпусы жұмыс істеді. Жаздыкүні 1943 жылы Курск түбінде шабуылдың басталуы алдында гитлершілдер өз коммуникацияларын күзету үшін майданнан алынған үш кадрлық дивизияларды қойды.


Неміс-фашист басқыншыларына қарсы Кеңес халқының қаhармандық күресі тек майдан даласында ғана емес, жау тылында да жүріп жатты. Жауынгерлермен қатар партизандардың да қосқан ерлігі ерен.
Аса ірі партизан құрамалары
Украинада, Белоруссияда, Ресей жерінде, тіпті Еуропа елдерінде басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізілді. Жау тылында партизан отрядтарының құрылуы әскерге баға жетпес көмек көрсетті. Олар жасырын жүріп, озбыр ойлы басқыншылардың үрейін ұшырып, табаны тиген жерлерінде, оларға қарсы ажал төніп тұрды. Жаудың жолына тоқсауылдар қойып, фашистердің ең мықты деген әскерлерінің мыңдаған солдаттары мен офицерлерінің көзін жойды, жау эшелонын күйретті, темір жол және тас жол бойларындағы стратегиялық маңызы бар көпірлерді қиратты, жарылғыш заттармен күлін көкке ұшырып, істен шығарып тастады. Фашистердің көптеген жоспарлы операцияларын үлкен шығынға ұшыратты. Жергілікті бейбіт халықтың жақындарын жұбатты, қорғады, қаhармандық пен ерліктің, табандылықтың асқан үлгісін көрсетті. Жау ба­сып алған аудандардың халықтары партизандардан күш қуат алып отырды.

Партизандардың ішінде көптеген қаhарман қазақстандық қыздар мен жігіттер болды.Тек Белоруссияның 65 партизан құрамасында 1500-ден астам қазақстандық, Ленинград және Смоленск облыстарында 500-дей, ал Украинаның территориясында партизан отрядтары мен құрамаларына елдің 62 ұлтының өкілдері қатысқан. Оның 1500-і қазақ партизаны болды. Аласапыран соғыста қар төсеніп,мұз жастанған, батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен, кейбір қазақстандық партизан батыр аталарымызды атап өтейін.


Олар: Қасым Қайсенов,Тоқтағали Жангелдин, Ғалым Ахмедияров, Үсенбай Тастанбеков, Әбдіғали Төлегенов, Қабыш Ахметов, Әлімбай Тілеулин, Жұмағали Саин т.б. сынды батыр аталарымыз баға жетпес ерліктің асқан үлгісін көрсетті.

Партизан қозғалысына белсене қатысушы Әди Шәріпов өзінің естелігінде былай деп жазады. «Біз қасықтай қанымыз қалғанша Отан ананың алдында сүттей таза, әскери антқа берік болуға серт бердік. Біз Белоруссияның ормантоғайы, орыстың кең жазық даласында қан кешкен ұрыстарда жүрсек те туып өскен Қазақстанымызды, сүйікті Отанымызды қорғайтынымызды жақсы білдік», деп ортақ тудың төңірегіне топтасып, жауынгерлік қаруды берік ұстады.


Партизандар өлімнің аузына мың рет барып, мың рет ажалдың бетіне тура қараған. Соғыстың ең қызу сұрапыл 1941-1943 жылдарында, бет қаратпайтын боран, сақылдаған сары аяздарда үсіп, жаурап, ауыр жорықтан азап шеккен. Ұйқысыз түндер. Азық-түлік жоқ. Жылы киім де жоқ. Жылынуға отты да жағуға болмайды. Отты жақсаң, жауға өзіңді-өзің ұстап бергенің. Сақылдаған сары аязды күндердің қараңғы түндері, партизандарды жау көзінен тасалайды. Партизандар сол қараңғы түндерді пайдаланып, тынығып алған. Ал немістер қараңғы түндерде партизандардан өлердей қорықты. Олар үнемі қыл үстінде жүретіндіктен, көп тыныға алмайтын, өйткені минут, секунд сайын қауіпқатер күтіп, ажал қай жағымнан келіп қалар екен деп елеңдеп күтіп отырған. Оларға барынша сақ болу керек болды. «Немістерді еш уақытта ізге түсірмеу» –бұл партизандардың бұлжымас заңы болып саналды. Осындай қиын қыстау кезеңдерде партизандардың ажалдан аман қалуының жеңілмес күші-жергілікті халыққа арқа сүйеуінде. Де­ревнялардағы халықпен жасырын байланысып отырған. Адамдар жа­сырын түрде күн сайын тамақ, төсеніш шөп, жылы киімдер тасып отырды. Егер немістер біліп қалса, жан түршігерлік ауыр азап шеккізіп, үй іштерімен қырып тастайтындарын біле тұра, халық өз өмірін құрбан етсе де партизандарға көмек беруге әзір тұратын. Партизандар күресінің әрбір күні аса қатал сын болды, қаhармандық деген олар үшін ауа мен судай қажет болды. Оларды көзсіз ерлікке, жүректеріндегі Отанға деген ой-санасы ұмтылдырып отырды. Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жүр­гізілген бұл қозғалыс бүкіл халықтық және интернационалдық сипат алды.


«Біз ерліктің мектебінен тәлім алдық. Қобыланды, Тарғын сияқты бабаларымыздан ерлікті үйрендік. Біз Исатай мен Махамбеттің Амангелді мен Абайдың хал­қының балаларымыз. Біздің қылышымыз немістің қанымен суарылуы керек, серт осы болсын» деп серт алысқан қазақстандық партизандар осынау арпалысқан ауыр жылдарда өздерін мәңгі өшпес даңққа бөледі. Олар мәңгілік ел жадында.
«Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы» атты көлемді еңбекте партизандық қозғалыс туралы жалпылама сипаттаушы мəліметтер кездеседі. Украина партизандарының саны 1943 жылдың қаңтар сəуірінде 2,5 есе, ал белорус партизандарының саны 1943 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін 2 еседен аса көбейген. Партизан бөлімдері көбейіп, нығайған: Литвада олардың саны 2,5 есе, Латвияда 4 есе, Эстонияда 9 есеге артқан. 1943 жылдың аяқ шенінде неміс-фашист əскерлерінің тылында 250 мыңдай қаруланған партизан əрекет жасады, жасырын резервтер, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі сақтау жəне басқа да құрамында жүз мыңдаған адамдары бар бөлімдер солардың тікелей тірегі болды.Партизан бөлімдері мен құрамаларының санының өсуі, жауынгерлік қабілеттерінің артуы, партизандарды қару-жарақ, оқ-дəрімен жəне қопарғыш техникамен жабдықтау ісінің жақсаруы олардың кең көлемде күресуіне жəрдемдесті, оларды көздеген мақсатқа неғұрлым сай пайдалануға мүмкіндік берді. 1943 жылдың көктемінен бастап партизандардың соғыс əрекеттері əдетте Қызыл Əскердің операцияларымен үйлестіріліп отырылды.

Аса ауыр қиыншылықтарды жеңіп, қатерлі қауіпке қарамай, партизандар жаудың қатынас жолдарын қиратты, темір жолдарын істен шығарумен болды. 1942–1943 жылдың қысында Қызыл Əскер Волгада, Кавказда, Орта жəне Жоғарғы Донда жау əскерін талқандап жатқан кезде халықтық кекшілдер жаудың майданға резервтерін тасып жеткізіп тұрған темір жолдарын соққының астына алды. 1943 жылдың ақпанында Брянск партизандары Брянск-Карачев, Брянск-Гомель бөліктерінде бірнеше темір жол көпірлерін, оның ішінде Деснадағы көпірді бұзды. Күн сайын осы көпір арқылы майданға қарай 25-тен 40-қа дейін эшелон өтетін, ал тамтығы қалмаған бөлімдер, техника жəне тоналған мүліктер тиелген соншама поездар кері қарай өтіп жататын. Белоруссия партизандары тек 1942 жылдың 1 қарашасынан 1943 жылдың 1 сəуіріне дейін 65 темір жол көпірінің көзін жойған. Украина партизандары Киев-Коростень алаңында Тетерев өзеніндегі темір жол көпірін жəне басқа аудандарда бірнеше көпірді қиратты. Партизандар Смоленск, Орша, Брянск, Гомель, Сарны, Ковель, Шепетовка сияқты ірі темір жол тораптарына үнемі соққы берумен болд. Партизандар тек 1942 жылдың қарашасынан 1943 жылдың сəуіріне дейін Волгадағы қарсы шабуыл мен жалпы шабуылдың қызған кезінде дұшпанның 1500-ге жуық эшелонын құлатты.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет