Қара басқан, қаңғыған
Хас надан нені ұға алсын? (Өзгеге, көңілім, тоярсың,98 бет) ,- түрінде кездеседі.
Мысалы: «Қара жерге қарыз арқалама»; «Қара жерді жамандама – қайтіп сонда барарсың , Қауым елді жамандама – қарғысына қаларсың»; «Қара күн басыңа тумай қара су кешпе»; «Қасапшыға мал қайғы, Қара ешкіге жан қайғы»; «Жауды қара қашырды, Батыр атақ Барақта қалды»; «Өрмекшінің торы – қара шыбынның соры»; «Кемеңгер келістіден шығар, Қара байыр желістіден шығар»; «Кәрі атың мақтаған қара жаяу қалар»; «Қазанға жолама, қарасы жұғар, Жаманға жолама,жаласы жұғар»; «Қайғысы жоқ адамға қара көже балмен тең, Қайғысы көп адамға кең дүние жермен тең»; «Қара көзден нұр тайса, қарға адым жер мұң болар»; «Жаман адам – құлқынның қара қабы, Жақсы адам – адалдықтың тағы»; «Жақыныңды жаралама, Алысты қаралама».
Абай өлеңдерінде:
Қара қарға сықылды шуласар жұрт,
Кім көп берсе, мен соған серт берем деп. (Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман,13 бет)немесе
Қарындас қара жерге тыға алмай жүр,
Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр.
Қайғы-қасіреттің белгісі европалықтарда –қара түс, ал австралиялықтарда – ақ түс болған десе, қазақтар үшін – қара түс. Оған тіліміздегі: қара жамылды, қара қағаз, қаралы ат, қаралы дауыс, қаралы болды, қаралы күн тәрізді сөз оралымдары дәлел болады. Абайда:
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да,
Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да. (Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,90 бет)
Қара түс бұл өлең жолдарында қайғылы, уайымға салынған деген мәнді арқалайды.
Қаралы үйге қара тігуде қайтыс болған кісінің жас ерекшелігі ескерілген. Егер өлген адам жас болса – қызыл, орта жастағы адамға – қара, ал қарт болса – ақ орамал байлаған.
Қара жамылу орта жастағы адам қайтыс болып, әйелі мен балалары жетім қалуына байланысты айтылған. Себебі қазақтар қаралы киімді әдейі тікпеген. Орта жастағы адам қайтыс болғанда әйелдер әшекейін алып тастап, иығына қара жамылған. Еркектер белін буып, қолына таяқ ұстаған. Қазақ салты бойынша күйеуі қайтыс болған әйел қара киінген, қызы үстіне ақ киім, басына қызыл бөрік киген. Күйеуі қайтыс болған әйел басына қара жаулық салса, ұлын жоқтаған ана басына ақ орамал тартқан. Ара-тұра осы тәріздес синкретті қолданыстар орын алса да, қазақ үшін қайғы белгісі-қара түсін қолдану кең етек алған деуге болады. Абай Құнанбаев поэзиясынада қара түс осындай мәнге ие.
Қайғың болар шермен тең,
Достарыңызбен бөлісу: |