Алты қанат ақ орда үй шайқалды (Қыс,55 бет)
Алты қанат ақ орда қазақ ұғымындағы сұлулықты, әдемілікті бейнелейді.
Оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ көзді.
(Біреуден біреу артылса, 64 бет)
Ақ түсі бұл жерде қарама-қарсы мағынада жұмсалған. Қараңғы, білімі жоқ, түсінігі жоқ деген ұғымды беруге қызмет етеді.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» қара сөзінің мағынасына қатысты берілген сөздерден түстік, белгісіздік, қайғы-уайым, қатыгездік, киелілік, қасиеттілік, қарапайымдылық мағыналарын тануға болады. Бұл мағыналар қара сөзінің ұғымдық нышандық, яғни таңбалық белгісін де білдіріп тұр. Қара сөзінің тура мағынасы – «ақтың қарама-қарсы түрі». Бұл оның негізгі мағынасы. Өмірдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеті қандай болса да, олардың бір қатарын ақ деп айқындау ұлттың мол мейірім,іңкәр көңілінің,үлкен үміт, телегей тілегінің, шалқар сезімінің, асыл арманының куәсі. Қазақ мәдениетінде ақтың антиподы ретінде қара түс қолданылып, ақ-қара бинарлық жүйесін құрайды. Мысалы, Абай ақын өлеңіне үңілсек,
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек. (Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,11 бет)
Сонымен бірге ақ-күннің, қара-түннің символдық белгісі. Осының негізінде мәдениеттанушы ғалымдар Ж.Каракузова, М.Ш.Хасанов бұл түстерді әйелдік және еркектік сипаттарға ие деп санайды. Бұдан жұптық бейне, яғни тіршіліктің негізі танылады. Дүниеде қарама-қарсылықсыз еш нәрсе жоқ. Қарама-қарсылықсыз дамудың жүзеге асуы да мүмкін емес. Бұл – дәлелденген диалектикалық өмір заңы. Оны нақты түрде былай деп көрсетуге болады: ізгілік пен жауыздық, әділеттілік пен әділетсіздік, адалдық пен арамдық, пайда мен зиян т.б. Демек, өмірдің мәні қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресін тану, жеңу болса, сол түсінік қазақ ұғымында ақ пен қара айналасынан орын алады. Сонда қуаныштың, адалдықтың, сән-салтанаттың, жақсылықтың символына айналған ақ түске қарама-қарсы қайғы-қасіреттің, жамандықтың белгісі ретінде қара түс.
Абайда:
Достарыңызбен бөлісу: |