Қара көңілім жермен тең (Қыз сөзі,85 бет).
Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның пейілі енер.
Ғалым Б.Қасым қара түске байланысты толыққанды тұжырым жасаған: «Қара сөзінің архисемасына зер салсақ,көне түркі тілінің өзінде бірнеше мағынасы болған.Ал монғол тіліндегі хар сөзі қазақ тілінде қара,өзінің мағыналық жағынан үйлесіп, сәйкес келеді. Көне түркі тілінде де, монғол тілінде де және басқа түркі халықтарының тілінде негізгі мағынасы мен кейінгі мағыналық дамуы бірдей деуге болады. Барлық тілде де жалаң,күрделі түрде де қолданылған. Көне жазба ескерткіштегі: 1. қара (түс); 2. түнек (жарық жоқ); 3. ауыс. Бақытсыздық, сәтсіздік, қайғылы,; 4. ауыс. Жамандық, қара көңіл; 5. ауыс. Күнделікті, жай; 6. лас» [9,97б].
Әйтсе де, ортақ ұқсастықтармен қатар, қара түске байланысты ұлттық дүниетанымымызда ерекшеліктер де байқалады. Қара түс «қасиетті» деген мағынаға да ие, мысалы, «Қара домалақ қазақ баласы», «Қаракөз қазақ қызы», «Қара шаңырақ» тіркесін талқылайтын болсақ, жалпы шаңырақ атадан әкеге, әкеден балаға, соның ішінде от басындағы кенже ұлға мирас болар, үлкен үй мағынасында қолданылатын түркі әлемінде-мәдениеті мен дүниетанымында өте бір маңызды да, мәнді концептілер құрамына енеді. Оның дөңгелек формасының өзі символикалық белгілер жүйесінде шексіздік, ұрпақ жалғастығын білдіретінін де айта кеткен жөн. Абайда:
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.(Жасымда ғылым бар деп ескермедім,10 бет). Қара заттың түсін білдіретін негізгі мағынасынан әлдеқайда кең ұғымда. Демек қара өлең дегеніміз – байырғы өлең, өлеңнің бастапқы қалпы деген сөз. Қара тас, қара халық, қара сөз, қара көңіл деген тіркестердегі анықтауыштар тек түсті ғана білдіріп тұрмағандығы түсінікті: қатты, селт етпейтін жансыз, қатып қалған тас, негізгі халық, бастапқы сөз, қайғылы көңіл деген ұғым береді. Өлеңдегі қара сөз- «Қасиетті қара өлең»- деген сөздегі оймен мәндес, яғни шешен сөз деген ойды береді. Сөздің түсін анықтап тұрған жоқ, шешен сөз, қызыл сөз, қасиетті сөз деген мағынаны білдіреді.
Түр-түстердің символдық мәні туралы Ә.Марғұлан: «Көк түс-көкке табынудың, аспанның символы, қызыл – оттың, күннің, ақ – шындықтың, қуаныштың, бақыттың, сары – ақыл-ойдың, қара – жердің, жасыл-көктемнің, жастықтың символы», - деп жазады [84,256б].
Түр-түстің символдық мағынасына байланысты ғалым Ислам Айбарша: «Түр-түсті білдірер символдар жүйесі қандай да болмасын ұлттың дәстүрлі дүниетанымның негізгі танымдық кодтарының бірі болып табылады» - дейді [10,21б].
Ата-бабаларымыз дүниені төрт бұрыш деп түсініп әрі әр бұрышқа өзіндік символдық реңк – түс берген. Атап айтқанда, шығыс-көк түс, оңтүстік – қызыл түс, солтүстік – қара түс, батыс – ақ түс деген күн айналымына негізделген таным. Қазақ ұғымында «көк» түс – аспанға берілген оның тәңірлік сипаты болған. Мысалы: «Күн сіркіресе, көк дүркірейді»; «Сәуір болса, күн күркірер, Күн күркіресе, көк дүркірер»; «Жаманның тілі ащы, Көк мияның гүлі ащы»;; «Көп ұнатса, көк тоқтыны сойып ал»; «Көбік қарда түлкі ойнар, Көк көрпеде жылқы ойнар»т.б. Көк түйнек, көк сабақ, көк сағал дегенде егістің, бақша дақылдарының әлі піспеген, шикі екенін білдірген. Абай өлеңінде осы көк түстің жас деген мағына бергендігін аңғарамыз.
Көп жасамай, көк орған,
Жарасы үлкен жас өлім. (Немере інісі өлгенде айтқаны,170 бет)
Көк- жас деген мағынаны береді.
Біреуі –көк балдырған, бірі –қурай,
Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз?(Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында,174 бет)
Көк түс- көктем мезгілін, жас шөптің шығуына байланысты жыл мезгілін суреттеп тұр.
Адамның кейбір кездері
Көңілде алаң басылса;
Тәңірінің берген өнері
Достарыңызбен бөлісу: |