Тақырыбы: Қанның түстік көрсеткіші. Эритроциттердің тұну жылдамдығы. Гемолиз. Лейкоцитарлық формула. Сухарев әдісі бойынша қанның ұю жылдамдығын анықтау



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата04.04.2023
өлшемі328,54 Kb.
#79345
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Физ 11 сроп қАн

цитопения канныц сүйылуына байланысты. Бірден шектен тыс көп шай (8—10 кеседен 
артық) не осынша қымыз ішсе біраз уақыттай кан сұйылуы мүмкін. Бірақ қанда су 
тұрақтылығын (гомеостаз) сақтайтын механизмдер денедегі артық суды тез сыртка 
шығарады. Адам қансырағанда 1—2 тәулік өтісімен кан сұйыла бастайды, эфитроциттер 
сүйек кемігінде тек 4—5 тәулік-тен кейін түзіліп, қанға шыға бастайды. Оған дейін қан 
тамырла-рына тканьаралық сұйықтықтар өтеді де мұндағы канныц көле-мін арттырады, 
сөйтіп 1—2 күндей қан сүйылған куйінде қала-лы. Бірден көп мөлшерде изотониялық 
ерітінді құйса да қан біразға дейін сұйылады. 
Эритроциттін қүрылысы мен химиялык, қүрамыЭритроцит — ядросы жоқ екі жағы 
ойыс келген дөцгелек клетка. Ол ядросы-ның сүйек кемігінде өтетін эритропоэз кезінде 
айырылады. Мұ-ныц бпологиялық мәні мынада: клетка ядросының орнын оттег.п 
тасымалдайтын гемоглобин жайлайды, ядросыз эритроцит өз де-несіндегі заттарды 
тотықтыру үшін оттегі жұмсамайды. Осыған байланысты оның оттегін тасымалдау қызметі 
күшейеді. 
Көлденеңінен қарағанда эритроцит гантелге үқсайды: оның диаметрі 7,2—8,0 мкм, 
қақ ортасындағы ойыс жерінін, жуандығы 1,5 мкм, ал клетка жиегініқ жуандығы 2,5 мкм. 
Пішіні гантел тә-різді болғандықтан эритроциттің капилляр кабырғасымен түйісе-тін 
беткейі (аумағы) үлкен. Қлетканың диаметрі мен пішіні сырқаттанған кезде өзгеруі мүмкін. 
Диаметрі 8,1 мкм-ден асса, эритроцит макроцит деп, ал 7,2 мкм-ден кем болса микроцит 
де:І аталады. 
Эритроцит бетінің ауданы 128 мкм
2
. Бір адам қанындағы бар-лық эритроциттерді 
жазық жағымен жатқызып қатар орналас-тырса, олардың ауданы 3000 м
2
болар еді. 
Осындай аумағы үлкен эритроциттер жазығынан оттегі тканьге жақсы өтеді. Эритроцит 
тыныс алу қызметіи орындауға қажет биологиялық құрылым. 
Эритроцит протоплазмасында тор тәрізді стромасы бар, сырт жагынан белок пен 
липоидтан тұратын мембранамен қапталған. Эритроцит мембранасы иондарды іріктеп 
өткізеді. Мембрананың Ыа
+
, Қ 
+
, Са
2+
катиондарына өтімділігі өте нашар, ал С1 және 
НСОз" (көмір қышқыл аниондары), сутегі және гидроксил (ОН) иондары тез өтеді. 
Сондықтан эритроцит пен қан плазмасының минералдық құрамы бірдей емес. Эритроцитте 
натрий иондарына қараганда калий иондары басым, ал плазмада ксрісінше, натрий иондары 
көбірек. 
Эритроцит құрамында 37% құрғақ заттар бар, ал сүйекте (ең тығыз ткань) кұрғақ зат 
42%. Демек, денедегі сүйектен кейінгі ең тығыз клетка — эритроцит. Сонда да эритроцит 
икемді, созылғыш, үлкен болғанымен, ол жіңішке капилляр арқылы өте алады. 
Гемоглобин.' Эритроциттегі құрғақ заттардың көбі (90%) гемоглобиннен, ал қалғаны 
(10%) басқа органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Әрбір эритроцитте 300 
млн-дай гемоглобин молекуласы болады., Гемоглобин , химиялық қүрылымы жағынан — 
хромопротеид, м. с. 68000. Гемоглобин 1 молекула глобин-нен және 4 гем молекуласынан 
түрады.Г е м о г л о б и н: глобин 96% және гем 4%. 
Әрбір гем молекуласында екі валентті темір атомы бар. Ге-моглобиннің біф молекуласы 
оттегінің 4 молекуласымен әрекет-теседі. Гемоглобиннің бірнеше түрі бар. Ересек адамньщ 


қанын-да А гемоглобині, ал эмбрионда ұрық (феталді) НвҒ-сі көп. Эмбрион гемоглобині 
оттегімен лезде реакцияға түседі, ол екеуі-нің тартқыштық дәрежесі күшті. 
Адам денесінде 5 литр қан, ал мұнша қанда 700—800 гр ге-моглобин бар. Эритроцит 
саны әйелге қарағанда ер адамда көбі-рек ,осыған орай ер адам қанында гемоглобин көбірек 
болады. Е
р
адамның 1 л қанында 130,0—160,0 г, әйелде 120,0—140,0 г Нв бар. 
1 л қанда ең көп дегенде 166,7 г/л Нв болады, бірақ оның мөлшері өзгеруі мүмкін, ол 
эритроцит санына сәйкес келе бермей-ді, кейде эритроцит саны азайғанмен Нв мөлшері 
қалыпты дең-гейде калады, ал екінші бір жағдайда эритроцит саны қалыпты болғанмен Нв 
мөлшері азайып кетеді. Сондықтан да дәрігерлік жұмыста әрбір эритроциттегі гемоглобин 
мөлшері анықталады, қанның түс көрсеткіші (ҚТК) есептеп шығарылады. 
К.ТК-канп.агы Нв мөлшері хЗ эритропнт саны (бастапқы үш сан) 
Әрбір эритроцитте Нв мөлшері әдеттегі деңгейде болса, ҚТК 1-ге тең болады. 0,86—
1,05 аралығындағы ауытқулар нормаға жата-ды. ҚТҚ 1,05-тен жоғары 0,86-ден төмен болса 
анемия болғаны. Анемия — қаннық азаюы, ауру. Анемия кезінде қан көлемі өзгер-мейді, 
бірақ оның ішіндегі эритроциттер саны мен гемоглобин мөл-шері өзгеріп отырады. 
Эритроцитте гемоглобин мөлшері көбейіп кетсе, гиперхромия деп, ал азайса гипрохромия 
деп аталады. Гиперхромия кезінде эритроцит саны азайып, жеке эритроцит 
ұлғайып (макроцит) гемоглобинге толады, ҚТК= -тщ-=1,4; 
гппохромияда — эритроциттер саны қалыпты мөлшерде 
„^,,. 100x3 „ _ азаиып кетсе ҚТҚ= 
4(Щ
- =0,7. 
Гемоглобиннің газдармен эрекеттесуі 
Гемоглобин (Нв) көптеген газдармен тез әрекеттесіп, жаңа қосылыстар түзеді. 
1. Гемоглобиннің оттегімен әрекеттесуінен пайда болған қо-сынды оксигемоглобин 
деп аталады (ол НвО
2
белгіленеді). Гемо-глобиннін. қышқылдық қасиетін көрсету үшін бұл 
белгінің алды-на кейде сутегі жазылады (ННвО
2
). Оксигемоглобин түрақсыз қосылыс, тез 
ыдырап оттегін бөліп шығарады. 
Босап шыққан оттегі капиллярлар қабырғасынан өтіп тканьге, ал тканьнен әрбір 
клеткаға ауысады да тотығу процесіне қаты-сады. Оксигемоглобинде оттегі екі валентті 
темір атомымен қо-сылады. Құрамында оксигемоглобині көп қанның түсі ашык қы-зыл 
келеді. Оксигемоглобин спектрограммасында, оның сарғыш-жасыл жағындағы Д, Е 
сызықтары арасында қос қара жолақ бо-лады. Оттегінен айырылған гемоглобинді 
дезоксигемоглобин (ННв) не қалпына келген гемоглобин, дейді. Оның спектрограм-масында 
Д және Е сызықтары арасында жалпақ бір қара жолақ болады. 
2. Қарбогемоглобин (НвС0
2
). Көмір қышқыл газбен қосы-лыс — тұрақсыз, тез 
диссоциацпяланады: ННв + СО^^-ННвСО^. Көмір қышкыл газ гемоглобиннің амин 
тобымен қосылады. Кар-богемоглобин мен дезоксигемоглобин қанды күрең қызыл түске 
бояйды. Бүл вена қанының түсі. 
3. Карбоксигемоглобин (НвСО) — гемоглобиннің иісті газбен (СО) қосылысы. 
Гемоглобин құрамындағы темір оттсгімен емес, иісті газбен жеделдеу (289 есе) 
әрекеттеседі. Гемоглобиннің бұл газға деген тартқыштығы күшті: ННв+СО-^ННвСО 
Карбоксигемоглобин тұрақты қосылыс, бірақ ауада оттегі кө-бейіп кстсе, ол 
ақырындап ыдырай бастайды: ННвСО-^ННв+СО 
Сондықтан иіс тиген адамды тез таза ауаға шырарады, өйткені таза оттегімен дем 
алғанда, қандағы карбоксигемоглобин 20 есе тезірек ыдырайды. Ауада иісті газ 
концентрациясы 0,1%-ке жет-се, қандағы гемоглобиннің 80%-і карбоксигемоглобинге 
айнала-ды да, гемоглобиннің тыныстық қызметі бұзылады. Мұндай жағ-дайда науқастың 
қаны көбінесе түгелдей басқа таза канмен ал-мастырылады. 
4. Метгемоглобин (НвОН). Күшті тотықтырғыш заттардың (азот тотығы, метилен 
көгі, калий перманганаты, анилин, берто-лет тұзы, фенацитин, пирамидон) әсерінен 
гемоглобин қүрамын-дағы темірдің валенттілігі өзгереді, ол екі валенттіден үш валент-ті 
болып, өте тұрақты (диссоциацияланбайтын) косылыс құрайды. Темір атомы гидроксил 
тобымен қосылады. Тканьдерге оттегі тасылуы тоқтайды. Метгемоглобин дереу емдеуді 


кажет ететін патологиялық қосылыс. Гемоглобин метгемоглобинге айналса қанның түсі 
шоколад түсіне ұқсайды. 
Гемоглобин газдармен ғана емес тұз қышқылымсн дс косыла-ды. Тұз қышқылының 
әсерінен гемоглобиннен гем молекуласы бөлініп тұз кышқылымен қосылып гемин не тұз 
қышқылды гема-тин түзіледі. Бұл қоңыр түсті кристалл. Гемоглобиннің бұл қосын-дысы 
медицинада қолданылады. Мәселен, қандағы гемоглобин мөлшерің анықтайтын 
гемометрдегі стандарт сұйық — тұз қыш-қылды гематин ерітіндісі. Ол — ромба пішіндес 
қоцьцр түсті крис-талл, сондықтан оның ерітіндісі қара қоңыр түсті. Сот медицинасында 
киімде пайда болған қоңыр дақта қанныц бар-жоғын білу үшін сол дақтың қырындысына 
НСІ қосады. Онда қан болса, тұз қышқылды гематин пайда болады. Онық кристалдарын 
микро-скоп арқылы көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет