Тақырыбы: Қанның түстік көрсеткіші. Эритроциттердің тұну жылдамдығы. Гемолиз. Лейкоцитарлық формула. Сухарев әдісі бойынша қанның ұю жылдамдығын анықтау



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата04.04.2023
өлшемі328,54 Kb.
#79345
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Физ 11 сроп қАн

Тромбоциттер — қан пластинкасы, екі жағы дөңес дөңгелек не со-пақша құрылым, 
диаметрі 0,5—4 мкм (эритроциттен 2—8 есе кі-ші). Сау адамның 1 л қанында 180—320-10
9
тромбоцит болады. Орта есеппен тромбоцит 8—11 тәулік жасайды. Ол сүйек кемігін-де 
мегакариоциттен түзіледі, бір мегакариоциттен 3000—4000 қан пл^стинкасы бөлініп 
шығады. 
Тромбоциттің химиялық құрамы өте күрделі. Ол көптеген фер-менттерден, олардың 
ішінде АТФ-ны және лизоцим, адреналин, норадреналин гормондарынан, 11-шақты қанды 
ұйытатын фак-торлардан тұрады. Бұлармен бірге тромбоцит құрамына жиыры-латын 
қабілеті бар белок тромбостенин кіреді. / 
Тромбоциттердің саны қанда кешке қарай күндізгіден көбірек, ол қуаныш, реніш, 
қайғы-қасірет, шаттану т. б. себептерден де, та-мақ ішкеннен кейін де көбейеді. Қаннан 
сыртқа шыққан соң тром-боциттер тез бүзылады, сондықтан оларды сапар алдында қанға 
химиялық заттар қосып тез санау. 
Тромбоциттердіц қызметі (функциясы).* 1. Ангиотрофика-лық қан тамырды 
қоректендіру функциясы. Қан тамырлардың ка-лыпты құрылысы мен қызметін сақтауда 
тромбоциттердін, үлкен маңызы бар. Қан тамырынын. эндотелиі ағып жатқан қаннан қажет 
мөлшерде қоректік заттарды ала алмайды. Оны тромбоциттер каннан сорып алады да әлсін-
әлсін, эндотелнймен түйіскен кезде оған беріп отырады. Сондықтан тромбоцит 
эндотелийдің «асы-рап сақтаушысы» деп бекер антпаған. Қанда тромбоцит саны азайса, 
эндотелийде қоректік заттар қажет мөлшерде уақытында жетпейді де, оның құрылысы 
өзгереді, капилляр кенересі селді-реп, ол арқылы түрлі заттар тіпті эритроцит те тез өтетін 
болады. Бұл тканьдерге қан қүйылуына әкеліп соғады, тканьдерде көптс-ген үсақ нүкте 
тәрізді дақтар пайда болады. Қоректік функция-сын барлық тромбоциттердің 15%-і ғана 
аткарады. 
2. Адгезивті агрегациялық (жабысып үйінді құру) функциясы. Қан тамыры 
жарақаттанса, тромбоциттің пішіні өзгереді. Оның протоплазмасында өсіктер (жалған 
аяқтар) пайда болады. Олар жабысқақ келеді, эндотелий жарақаттанған жердегі негізгі мем-
бранаға бекиді де, бір-бірімен жабысып, 10—20 тромбоциттен тұ-ратын үйінді қүрады. Бұл 
процесс агрегация деп аталады. Агре-гация тамырдыц ішкі бетінде ғана емес қанның ішінде 
де пайда болады. Агрегаттар қап тамырының қабырғасында жабысқан тро-мбоциттермен 
қосылып тромбоциттік тығынга (тромбыга) айна-лады. Сөйтіп, жарақаттанган жерден қан 
тамыры бітеледі де қан ағуы тоқтайды. 
3. Ангиотензивтік (қан тамырын тарылту) функциясы қан та-мыры сацылауын 
тарылтады (спазм). Бұл жарылған тромбоцит-терден босап шыққан серотониннің әсері. 
4. Қан ұйыту функциясы (гемокоагуляция). Тромбоцит құра-мында қан ұюын 
тездететін заттар (олардың жалпы саны ониан асады) болады, араб санымен белгілейді. 
Олар қан ұюының тромбоциттік факторлары деп аталады: 1-фактор — тромбоцит-тердің 
бетіне адсорбцияланган плазмалық проакцелерин (VI ф), бұл протромбиннің тромбинге 
айналуын тездетеді, 2— фибриноген-нің фибринге айналуын тездететін фактор. 3-фактор 
— тромбо-циттік тромбопластин. Тромбопластин тромбоцит мембранасында және 
түйіршіктерінде болатын фосфолипид. Ол тромбоцит жарыл-ған сәтте сыртқа шығып, қан 
ұюының бірінші фазасына қатыса-сады. 4-гепаринге карсы тұратын фактор, ол гепаринмен 
әрекет-тесіп, қан ұюын (гемокоагуляцняны) тсздетеді. 5-фактор — фиб-риноген тәрізді зат, 
тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, үй-інді (агрегат) жасалуына әсер етеді. 6-фактор 
— тромбостенин (рет-рактозим) — ұйыған қанды тығыздайды, актин мен миозин белок-
тарына ұқсас. Бұл да актин мен миозин тәрізді жиырылу кезінде АТФ-энергиясын 
жұмсайды. 7-фактор — антифибирнолизин, фиб-ринолиз жасайтын ферменттің әсерін 
төмендетеді. 8-фактор — се-ротонин қан тамырларын тарылтады. 9-фактор — фибриннің 
сақ-талуын қамтамасыз етеді. 10—қан тамырларын тарылтатын фак-тор, 11-агрегация 


факторы, тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, ұйынды құруды тездететін тромбоксин 
деген зат. Қан тамы-рының эндотелиі агрегацияға кедергі жасайтын простациклин де-ген 
зат бөліп шығарады. Осы аталған әсерлері қарама-қарсы 2 заттың (тромбоксин, 
простациклин) кандағы арақатынасына ка-рай қанньщ ұюы шапшандайды не токтайды. 
5. Тромбоциттер қанның креаторлық байланысын, әсіресе қан тамырларының табиғи 
құрылысын сактайды.
Әдебиеттер: 
1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – 
Алматы: «Білім», 2005 ж. 
2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік 
құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет. 
3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: 
Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет 
4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / 
ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет. 
5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – 
Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет 
6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студент тер үшін. –
Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет