Лейкоциттер, олардың саны мен түрлері
Бір литр қанда 4,5—9-Ю
9
лейкоцит болады. Лейкоцит (Іеисо-суіиз) қанның ақ
клеткасы (Іеисо — ақ, суіиз — клетка). Эритро-циттен айырмашылығы — ядросы бар,
эритроциттен үлкендеу (диаметрі 12 мкм), амеба сияқты протоплазмасынан жалран аяқ-тар
шыгарып (псевдоподий) қозғалады.
Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп
аталады,» Лейкоцит саны сау адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады. Сондықтан
лейкоцитоз физиология-лық және патологиялық лейкоцитоз болып екіге бөлінеді. Лей-
коцит санының көбеюі қан клеткаларыньщ түзілуіне, қан тузіле-тін ағзалар кызметінің
күшеюіне байланысты болса, мұндай лейкоцитозды абсолюттік лейкоцитоз дейді. Мәселен,
абсолюттік лейкоцитоз эмоция (катты шаттану, зорыру т. б.) салдары болуымүмкін: эмоция
кезінде адреналин шектен тыс көп болып шығады да кан түзілетін ағзаларды тітіркендіреді
(қоздырады). Бірақ лейкоцитоз қан түзілетіи ағзалар қызметінен (лейкопоэзден) тыо кары
жағдайда да болады. Мұндай лейкоцитоз салыстыр.малы лей- '•• коцитоз деп аталады.
Салыстырмалы лейкоцитоз — қан мөлшері-нің барлық қан тамырларында бірдей
еместігінің салдары. Тамыір кеңейіп, қан мөлшері көбейіп оның жылжуы баяулайды, тамыр
кабыррасы мен лейкоциттер арасыңда үйкеліс шығады да, лейко-циттер бөгсліп олардың
саны көбейеді. Қан тамыры тарылып, оның ішіндегі қанның
күшейсе лейкоцит саны
азаяды. Фи-зпологиялық лейкоцитоздардың көбі аралас, әр текті келеді.
1. Ет тектес (миогенді) лейкоцитоз қара жұмыс істеген кезде пайда болады. 2. Тамақ
ішкеннен кейін пайда болатын лейкоци-тоз ас қорыту лейкоцитозы деп аталады. 3. Жүкті
әйел лейкоци-тозы. 4. Жаңа туран бала — нәресте лейкоцитозы. 5. Статикалық лейкоцитоз
шалқасынан жатқан адам ұшып тұрран кезде пайда болады.
Ауру-сырқауға ұшыраған жағдайда лейкоциттердіқ саны кө-бейіп кейде
эритроциттердің санымен бірдей болуы мүмкін. Мұн-даГІ қан «ак қан» — лейкемия деп
аталады. Лейкоциттер саны-ның азаюы да көбінесе ауруға байланысты болады
(абсолюттік лейкоцитопения).
Лимфоциттермен бірігіп моноциттер иммундық жауап реак-циясына қатысады.
Моноцит ісікке, вирустарға қарсы (интерфе-рон) зат, лизоцим, эластаза, коллагенді
ыдрататын ферменттерді де шығарады.
Базофилдер гепарин бөліп шығарады, олар гепариноциттер деп аталады. Гепарин —
қанды үйытпай сүйық қалпында сақ-тайтын зат. Базофилдер капиллярлар кенересін
селдірететін, сөйтіп басқа заттардың өтуін жеңілдететін зат — гистаминді бө-ліп шығарады.
Эозинофиль — гистаминді ыдырататын гистаминаза фермен-тін бөліп шығарады
және құрамында гистамині көп өлі базофиль түйіршіктерін қармап алып корытады.
СоІІдықтан да эозинофил-дердің саны аллергиялық реакция кезінде көбейіп кетеді және
қанда гистамиц өте көбейеді. Эозинофиль белоктан тұратын уыт-ты заттарды (токсиндерді)
залалсыздандырады, антидене қа-лыптастыруға катысады, плазмоген (фибринолизин)
жасайтын затты бөліп шығарады.
Лимфоциттер арнамалы иммунитет қалыптастырып, бүкіл денедегі иммунитет жайын
қадағалайды. Олар залалды заттар-ды, клеткаларды жоятын арнайы клеткалар және
плазмалық антиденелер бөліп шығарады. Лимфоциттер — Т (тимуске бай-ланысты), В
(бурсаға байланысты) және О — лимфоциттер бо-лып үшке бөлінеді.
Т — лимфоциттер сүйек кемігінде, жілік майында түзіледі де тимус безінде одан әрі
дамиды. Олар киллер, хелпер, супрессор деп аталатын үш түрлі клеткаларға бөлінеді.
Киллер — өлтіруші клетка ісік клеткаларын, адам денесіне жат ағзалар меи тканьдерді
(транспланттарды) дамытпайтын иммунитет клетка. Ол сондай-ак, медиатор — лимфокин
бөліп шығарады. Лимфокин өзге жат клеткаларды ыдыратып, жоятын лизосом
ферменттерін, макрофагтардын, әсерін күшейтеді. Хелпер — көмекші клетка, В —
лимфоцитпен әрекеттесіп, оны плазмалық антидене шығара-тын клеткаға айналдырады.
Антидене антигенмен әрекеттеседі. Супрессор — кысым көрсетуші (реттеуші) клетка. Ол В
— лим-фоциттің және Т — киллер реакциясы күшейіп бара жатса, те-жеп отырады. Т —
лимфоциттер арасында иммунитетті ұзарта•тын еске сақтау клеткалары да бар.
В — лимфоциттер жілік майында түзіліп, ішек пен бүйеннің (тоқ ішектің)
лимфоидтық тканьдерінде, бадамша бездерінде одан .әрі дамиды. В — лимфоциттер мен Т
— лимфоциттер өзара әре-кеттескен соң иммунды глобулиндер (антиденелер) шығарады
(гу-моральдық иммунитет).
Лимфоциттер клеткалардың креаторлық байланысын сақтауға қатынасады, ягни басқа
клеткалардыц
генетикалық
қызметін
рет-тейтін
информация
жеткізетін
макромолекулаларды тасиды.
О —клетка Т немесе В маркері (белгісі) жоқ лимфоциттер, басқа клеткаларды ерітіп
ыдырататын ауытқыған клетка.
Лейкоциттердің барлық түрі опсонин (бөгде затты таныйтын) бөліп шығарады.
Қорыта келгенде, лимфоциттер мен моноциттер организмнің арнамалы иммунитетін
қалыптастыратын болса, лейкоциттердің бәрі де фагоцит ретінде бөгде заттарды жұтады,
жояды, залал-сыздандырады. Базофилмен зозинофилдер қанды ұйытпай капил-лярлардың
өтімділігін күшейтіи, лейкоциттердің тез қимылдап капиллярлардан сыртка шығуына
көмектеседі, сөйтіп фагоциттер•тердің бөгде заттармен кездесуіне жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |