Тақырыбы: Қанның түстік көрсеткіші. Эритроциттердің тұну жылдамдығы. Гемолиз. Лейкоцитарлық формула. Сухарев әдісі бойынша қанның ұю жылдамдығын анықтау


Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ)



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата04.04.2023
өлшемі328,54 Kb.
#79345
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Физ 11 сроп қАн

Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) 
Үю қасиетінен айырылған қанды (лимон қышқыльшың нат-рий ерітіндісін қосу 
арқылы) мензуркаға құйып бір сағат сақта-са канның ең женіл бөлігі — плазма қанның 
бетіне шығады да эритроцит мензурка түбіне шөге бастайды. Эритроциттердің тұну 
жылдамдығына қарай плазма қабатының қалындығы (биіктігі) әртүрлі болады. 
Плазма қабатының биіктігі мм есебімен өлшенеді де эритро-циттердін, тұну 
жылдамдығы анықталады. Эритроциттердің тұ-ну жылдамдығы ер адам мен әйелде 
түрліше, ерлеірде сагатына 1—10 мм, әйелдерде 2—15 мм. Екі қабат әйелде эритроциттер 
тез тұнады (сагатына 30—40 мм). Жаңа туған нәрестеде—0,3—2 мм/сағ. Денеде қабыну 
процесі басталса ЭТЖ өседі. ЭТЖ арқылы қабыну процесінің күшейгенін не бәсенденгенін 
(емдегеннен кей-ін) білуге болады, сондықтан ауруханада науқас адамның ЭТЖ-сы 
бірнеше рет анықталады. 
Эритроциттердің түну механизмі. Эритроциттердің тұну себебі туралы көптеген 
нікірлер бар. Солардың бірі — эритроциттердің тұнуы — физикалық құбылыс, сондықтан 
ЭТЖ-ны физика заңы-мен түсіндіруге болады. Мәселен, плазмаға қарағанда эритро-
циттердің меншікті салмағы жоғары, сондықтан да олар тез тұ-нады. Бірақ көптеген 
тәжірибелер бүл пікірді растамайды. 
1. Жылқы мен бұқа эритроциттерінің меншікті салмағы бір-дей бірақ жылқы 
эритроциттері тез шөгеді. 
2. Эритроциттер әдетте — жүзіп жүрген кішкене түйіршіктер. Олар көпке дейін 
тұнбайды. Тұнар алдында олар бір-бірімен жа-бысып, теңгелер тізбегі сияқты бағана 
құрады. Демек, эритро-циттер конгломерат (үйінді) күйінде тұнады. Сондықтан конгло-
мерат құрылуын тек физикалық завдылықтармен не белгілі бір хнмиялық затқа тән 
қасиеттермен түсіндіру қиын. 
3. Жүзіп жүрген бос түйіршіктер ретінде эритроциттер тұна-тын болса, жоғарыда 
айтылған қағида бойынша эритроциттер-дің түну дәрежесі плазманың түтқырлығына 
байланысты болар еді, плазма неғұрлым тұтқыр болса, соғұрлым тұнуы баяу, кері-сінше 
плазма тұтқырлығы аз болса, эритроциттер солғүрлым тез тұнуға тиіс. Бірақ тәжірибе 
жүзінде плазма неғүрлым тұтқы
;
р болса, эрнтроциттер солғұрлым тез тұнатыны байқалады. 
Бұл тә-жірибелердің мәнін физикалық-химиялық теориялар арқылы ұғу-ға болады. 
Эритроциттердін, тұнуы мен плазма қасиеттерінін, өзара бай-ланыстылығы 
анықталды. Бұл қан құрамындағы плазма мен эритроциттерді «айқастыра» араластыру 
арқылы дәлелденді. 
Ер адам эритроциттерін екікабат әйел плазмасына тоғытса, ал екіқабат әйел 
эритроциттерін ер адамның плазмасьімен а
;
раластырса, эритроциттер шөгуінін өзгеруі 
плазма несіне байла-нысты. Ер адам эритроциттері екіқабат әйел плазмасында тез шөгеді 
де, екіқабат әйел эритроциттерінің түнуы ер адам плаз-масында өте баяулайды. Мүның 
себебі жүкті әйелдер плазма-сында түрпайы дисперсиялық белоктар көбейіп кетеді. Әсіресе 
фибриноген, иммундық глобулиндер мен гаптоглобулиндер плаз-мада көп болса, 
эритроциттер тез тұнады. Мұның себебі неде? Эрнтроциттер плазмада жеке дара жүзіп 
жүреді, яғни суспензия кұрады. Эритроцит мембранасының сыртқы бетінде дене клетка-


ларына қарағанда сиан қышқылы көбірек, сондықтан әр эритро-цит теріс зарядталған. 
Бірыңғай зарядталған эритроциттер бірін-бірі теуіп, бір-біріне жақындай алмайды, көпке 
дейін шөк-пейді. Қан белоктары теріс зарядталған, бірақ олардың заряды өте әлсіз. Белок 
мөлшері көбейсе, ол эритроцит бетіне адсорбция-ланып, оның заряд күшін төмендетеді. 
Сондықтан бір-бірін жөн-ді тебе алмайды. Эритроциттер бетінде адсорбцияланған белок-
тар оның жабысқақтығын (когезиондық, адгезиялық қасиетін) күшейтеді, сөйтіп 
эритроциттердің бір-бірімен жабысуына жағ-дай туғызылады. Эритроциттер жабысып 
«теңгелер тізбегін» құ-рып, тез тұнады.Эритроциттердің шөгуіне баска факторлар да әсер 
етеді. Мәселен, холестеринніц, эритроциттер санының, ІІлазмадары кыш-кыл 
қалдықтаірдың көбсюі эритроциттерді тез түндырады. 
Гемолиз (грекше һаіта — қан, Іузіз — еру) — эритроциттің кабығы жарылып немесе 
еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Мұны гемолизденген к,ан деп атайдьк Ол 
әдетте мөп-мөл-дір. Гемолизденген қан күйылған пробирка арқылы күн соулесі өтеді. Түсі 
қызыл лак түсіндей, сондықтан ондай қанды лак тә-різді қап деп атайды. Әсер ететін 
факторлар түріне қарай гемо-лизді бірнеше түрге бөлуте болады. 
І» 1. Физиологиялық гемолиз — сау адамда болады. Денедегі ес-кірген эритроциттер 
жарылып, олардың орнына сүйек кемігінен шыққан жас эритроциттер қанға түседі. 
Эритроцит 120—130 күн жасайды. Ескірген эритроциттердің біразы бауырда, көпшілігі 
көкбауырда гемолизденеді. Сондықтан көкбауырды эритроциттер «моласы» деп те 
аталады. 
2. Осмостық гемолиз — эритроциттің ішімен сыртындағы осмос-тық қысым 
айырмашылығынан туады. Қанға осмостық кысымы аз (гипотониялық) ерітінді қүйса, 
эритроциттіц ішіне су кіреді де, ол ісінеді, судың кіруі тоқтамаса эритроциттің қабығы жа-
рылып, ішіндегі гемоглобин сыртындағы ерітіндіге шығады. Сөй-тіп кан гемолизге 
ұшырайды. Бір эритроциттің көлемін 100%-ке баласақ, гипотониялық ерітіндіде оның 
көлемі 146%-ке жетісі-мен эритроцит жарылады. 
Қанға ас тұзының сұйықтау (пшотониялық) ерітінділерін косса, олардың сұйықтығы 
изотониялық ерітіндіге жақын болса (0,8, 0,7, 0,6, 0,5) қан гемолизденбейді, бірак эритроцит 
ісініп,көлемі ұлғаяды. Бұл эритроциттің гипотониялық ерітінділерге төзімділігін 
(резистенттілігін) көрсетеді. Жас эритроцит ескі эфи-троцитке қарағанда беріктеу келеді, 
сондықтан оның төзімділігі Де жорарылау. Осыған орай эритроциттердің резистенттігінің 
жо-ғары (максимум) және ең төмен (минимум) резистенттігі (төзім-ділігі) деген ұғымдар 
бар. Олар гипотониялық ерітінді концент-рациясымен белгіленеді. Төзімділігі нашар 
эритроциттін, гемо-лизі басталған ЫаСІ ерітіндісінің концентрациясын еқ төмен (ми-
нимальдык,) резистенттік деп атайды. Адам қанында ол 0,48— 0,46% КаСІ ерітіндісі. 
Эритроциттердің толық гемолизі бастал-ған МаСІ ерітіндісінін концентрациясы еқ 
жоғары. (максималь-ды^) резастенттілік деп аталады (0,32—0,34% МаСІ ерітіндісі). 
3. Химиялық гемолиз — эритроциттің липоид пен белоктан тұратын мембранасын 
ерітетін химиялық заттардың (сірке қыш-қылы, эфир, хлороформ, сілті) әсерінен болады. 
4. Биологиялык; гемолиз — ішек құрттары (гельминттер) мен жануарлар бөліп 
шығаратын не өсімдіктерден альшатын (сапо-нин) улы заттар — гемолизиндердің әсерінен 
болады. Мәселен, жылан, қарақұрт, шаян улары, адамнын, ішегінде тіршілік ететін құрттар 
(гельминттер) бөліп шығаратын зат алмасу өнімдері, қан қүйганда сиыспау салдарынан 
пайда болатын улар эритро-циттердіц қабығын жидітіп, бұзады. Кейбіф бактерияларда 
сірес-пе (столбняк) таяқшасы, стафилакоктар гемолизиндер бөліп шы-ғарады. 
Гемолизденген қанның өзі улы. Сондықтан денедегі қан-ның нобайы гемолизге ұшыраса, 
гемолитикалық шоқ пайда бо-лып, адам өлуі мумкін. 
5. Термиялық гемолиз — қанды біресе жылытып, біресе суы-тудан болады, әсіресе бұл 
мұздаған (тоңазыған) қанды еріткен кезде кездеседі. Кейбір пікірге қарағанда мұз 
кристалдары эритроцит қабығын жарақаттап жыртады. Дене температурасы 42°-тан асса да 
қан гемолизденеді. Үзақ уақыт дене қызуы қа-лыпты болғанымен, кешке қарай 38—39°-қа 
дейін көтеріліп отыр-са, эритроциттер гемолизденеді. 


6. Механикалық гемолиз қанды шайқап араластыру, сілку салдарынан эритроцит 
мембранасы зақымданады (жыртылады). Демек, ыдыстағы қанды бір жерден екінші жерге 
апарғанда оларды шайқамай, абайлап тасу керек. 
7. Электрлік гемолиз — электр тогінің әсерінен болады. Сәуле энергиясы мен 
ультрадыбыс та электр күші сияқты эритроцит кабырын, тканін бұзып жарады 
(строматолиз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет