Тақырыбы: «Қазақстанның физикалық географиясы» Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиялық орны, ауданы және шекаралары


Тақырыбы: Қазақстанның тектоникалық –геологиялық құрылымы



бет2/23
Дата07.02.2023
өлшемі77,72 Kb.
#65837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Қазақстанның физикалық гегр

Тақырыбы: Қазақстанның тектоникалық –геологиялық құрылымы
1.Палеозойға дейінгі тау жыныстар;
2.Шөгінді және магмалық тау жыныстардың PZ тобы;
3. Мезозой жыныстар;
4. KZ- эрасаның шөгінділері;
Қазақстан территориясы өзінің қалыптасу тарихында бірнеше геологиялық кезеңдерді басынан өткізді; яғни геолдогиялық дамуы өте күрделі.
Геология дегеніміз- жер қыртысын, оның құрамын, құрылысын, тау жыныстарын, олардың құрам бөліктерін, жер қойнауында химиялық заттардың таралуы мен орын ауыстыруын, ішкі және сыртқы күштердің әсерінен жер қойнауының дамуын және жер бетінде органикалық дүниенің пайда болуы мен дамуын зерттейтін ғылым. Кез-келген аймақтың геологиялық құрылысы мен геологиялық жасы геохронологиялық кесте бойынша есептелінеді. Геохронологиялық кесте дегеніміз- геологияда жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының пайда болған кезі мен ретін білдіретін уақыт бөліктерінің жүйесі.
Қазақстанның кез-келген физика –географиялық аймағы әр түрлі тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде пайда болған, мысалы, Қазапқтың ұсақ шоқысы, Тянь-Шань, Торғай үстірті және Тұран жазықтары тектоникалық көтерілулердің әсерінен пайда болған.
Пайда болған кезеңдеріне қарай Қазақстандағы тау жыныстары әр түрлі топтарға бөлінеді.
Палеозойға дейінгі таужыныстар- бұлар қатпарлы құрылымдардың ішіндегі ең ежелгі шөгінділер болып есептелінеді. Қазақстан территориясында мрамор, кристалл тақтатастар, кварциттер түрінде Іле Алатауында, Талас Алатауында, Қаратау мен Шу-Іле тауаралық ойыстарында көптеп кездеседі. Олардың ең көп қабаттары Көкшетау мен Қазақтың қатпарлы өлкесінде (Сарыарқада) шоғырланған.
Шөгінді және магмалық тау жыныстардың PZ тобы- бұлар көбінесе Мұғалжар, Ұсақ шоқы және Оңтүстік-Шығыс пен Шығыстағы тау жүйелерінде көптеп қалыптасқан. Төменгі PZ-ң жыныстары, яғни кембрий жыныстары (мен силур) әртүрлі әктастар, құмдауыттар және сазды тақтатастар түрінде Бозшакөл, Шыңғыстау, Қаратау мен Талас Алатуында кездессе, силур шөгінділері Орталық Қазақстанда, Мұғалжарда, Балқаш маңы мен Тянь-Шаньда таралған. Төменгі PZ-ң интрузивті жыныстары шоғырланған жерлерде бірте-бірте хромит пен никель сияқты рудалы пайдалы қазбалар қалыптасады. (Мысалы, Мұғалжардың Оңтүстік бөлігі ) Орта PZ жыныстары литологиялық құрамына қарай әртүрлі болып келеді. Тянь- Шаньда, Мұғалжарда, Жоңғар Алатауында дөңбек тастар, қиыршық және малтатас пен әктастар түрінде кездеседі.
Жоғары PZ-ң шөгінділері Орталық Қазақстанда, Оңтүстік Балқаш маңында, Арал маңы мен Зайсан ойыстарында қызғылт түсті құмдар мен тақтатастар түрінде тараған. Карбон дәуірінде Солтүстік Тянь- Шань, Алтай, Тарбағатай, Мұғалжар таулары мен Сарыарқада мыс, қорғасын, темір, марганец, қалайы, вольфрам, сурьма, молибден және алтын рудаларының пайда болып қалыптасқан.
Ал пермь шөгінділеріне келсек, Қазақстан бойынша өте сирек тараған. Олар тек қана Орал-Ембі ауданы мен Маңғышлақ түбегіндегі Қаратау жотасында құмдар мен сазды мергель түрінде таралған. Мергель деп – құрамы саз корбанат қосылысынан тұратын тау жынысы, түсі ақшылдау болып келеді, цемент өндіру үшін шикізат ретінде қолданылады.
Мезозой жыныстары. MZ эрасы триас, юра, бор болып 3 дәуірге бөлінеді. Қазақстанда PZ жыныстарына қарағанда MZ жыныстары сирек тараған. Себебі; мезозой кезеңінде денудация процестері басым болған.
Денудациялық процес деп – тау жыныстарының үгіліп, пайда болған үгінділердің биік жерлерден су, жел, мұздардың әрекетінен сырғып ойыс жерлерге шөгуін айтамыз. Триасс дәуірінің теңіздік шөгінділері Маңғышлақта қалыптасса, юра дәуірінің қызыл түсті құмдары және құрамында көмірі бар тақтатастар Іле ойпатында, Маңғышлақтағы Қаратауда, Торғай ойысында кездеседі. Бор дәуірінің шөгінділері Іле ойпаты мен зайсанда құрғақ құмдар түрінде табылған.
Ал, Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі Қаратау жоталарында бор шөгінділері құмдар мен қиыршық тастар түрінде қалыптасып, сол өңірлерде фосфариттердің кен орындары пайда болған.
KZ эрасының шөгінділері- бұлардың бір ерекшелігі Қазақстанның барлық территориясында кездеседі. Бұл жыныстардың литологиялық құрамы өте болғандықтан 3 кешенге бөлінеді: палеоген, неоген, төрттік шөгінділер.
Палеоген шөгінділері мергельді және гипсті қызыл саздардан, құмдар мен алвриттерден тұрып көбінесе тауаралық Шу, Іле және Зайсан ойыстарында кездеседі. Палеогеннің қызыл түсті балшықтарының қалыңдығы Солтүстік Тянь-Шаньның шығысы мен Жоңғар Алатауының тау бөктерінде 100 м-ден асады.
Неоген шөгінділері палеоген жыныстарының бетінен қалыптасады да, құба түсті болып келеді, құрамында саз, ұсақ тасты конгломераттар, гравелиттер болады. Іле Алатауының шығыс бөлігі мен Кетпен қыраттарында неоген шөгінділерінің қалыңдығы 150-170 м жетеді.
Қазақстан территориясында палеоген және неоген жыныстарымен бірге ең жас төрттік шөгінділерде бар, олар генетикалық құрамдарына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: теңіздік, аллювиалдық, пролювиалдық, көлдік, өзендік, мұздықтық және эолдық.
Теңіздік шөгінділер Каспий мкаңы ойпатында, Қарақұмда және Торғай үстірттерінде жайғасса, пролювиалдық шөгінділер тау беткейінің төменгі бөліктерінде, ал аллювиалдық –көлдік және өзендік шөгінділер Қазақстан территориясындағы барлық ірі қазаншұңқырларда етек жайған.
Мұздық шөгінділер мореналық және мұзды жыныстар түрінде Алтай, Жоңғар Алатауы, Солтүстік Тянь-Шаньның биік беткейлерінде пайда болып механикалық құрамында дөңбек тастар мен малта тастар болады, мысалы, Іле Алатауында 1800м биіктікте мұздық жыныстар кездесіп, олардың қалыңдықтары 25 м-г жетеді.
Ал, эолдық шөгінділер дегеніміз- желдің соғуы нәтижесінде құмдардың бір жерге шоғырлануынан пайда болған жыныстар.
Осындай тау жыныстарының пайда болуы мен таралу ерекшеліктеріне қарай Қазақстан территориясы бірнеше тектоникалық аудандарға бөлінген.
Тектоникалық аудандастыру.
1.Шығыс-Европа платформасы.
2. Орал-Монғол қатпарлы белдеуі.
Палеозойга дейінгі кезең.
Палеозой кезеңі
Мезозой кезеңі
Кайнозой кезеңі.
Шығыс-Европа платформасы – оған Каспий маңы ойпаты кіреді. Бұл аймақ қалыптасуының бастапқы кезеңінде фундаменттің толқу салдарынан бірнеше блоктарға бөлінген. Мұндағы биіктік және PZ жыныстардың қалыңдығы 13 км-ге жетті.
Орал-Монғол қатпарлы белдеуі- Оралдың оңтүстігі, Тянь-Шаньның оңтүстік, Қазақтың қатпарлы өлкесін және Алтай, Саян қатпарлы елдерін қамтиды.
Орал қатпарлы жүйесі Үстіртпен Арал теңізінің солтүстігінде Орыс плитасына ұласып, протерозой мен палеозой шөгінділерінен құралады.
Герциндік қатпарлы белдеудегі Маңғыстау жүйесіне батыстағы Қаратау, Орталық Каспий, Қарабұғаз көтерілімдері жатады. Ал, палеозой қатпарлық құрылымындағы Қазақтың ұсақ шоқысына Торғай, Сарыназ (Орталық Қазақстанда), Ұлытау, Мойынқұм, Ақбастау (Орталықта), Баянауыл,Ерейментау және Шығыс Тарбағатай жатады. Алтай -Саян қатпарлы өлкесіне Кенді Алтай тау жүйесі жатады,ол Ертіс арқалы өтіп, көбінесе ордовик, карбон, силур шөгінділерімен көмкерілген.
Қазақстандағы ең ірі Тұран плитасына Арал және Каспий теңіздеріне іргелес жатқан Үстірт, Маңғыстау Қарақұм, Қызылқұм және оңтүстік Торғай жатады.
Әрбір қатпарлы құрылымдар, облыстар және өлкелер ерекше геологиялық кезеңдерден өтіп, сол кезеңге сай тау жыныстарымен көмкерілген. Атап айтсақ, PZ –ң кембриінде вулканогендік процестер мен базальтты шөгінділердің қалыптасуы болып өтсе, родовикте жаңа көтерілемдер пайда болған граниттер түзілген. Деванда теңіздердің алабтары көмкеріліп, каледондық тауларда бұзылу процестері басым болды.
Ал MZ-да Қазақстанның Шығыс бөлігінің көпшілік жері континеттік массив болып, карбонатты мергелдер түзіледі.
Неогеннің ішінде Қазақстан территориясын құрлыққа айналып, құмды-сазды теңіз шөгінділері тек Каспий маңы ауданы мен шекттеледі. Бұл кезде Сарыарқаның темірлі- марганицті, тұзды жыныстары жинала бастады.
KZ-ң соңғы кезеңдерінде Қазақстанның таулы аудандары күмбезді көтерілімдерге шалынып, тау бөктерлерінде ысырылып конустары пайда болды. Онда лесс тәрізді саздақтар шөккен. Қазақстан территориясында 4 рет теңіз трансгрессия жүріп өтті (Хазар, Хвасин,баку және Каспий). Соның әсерінен Шөлді аудандардың көлдерінде сульфат, сода, ас тұзы тұнған.
Қазақстан Республикасының кең көлемді территориясы дамудың күрделі кезеңінен өтіп, геологиялық құрылысы ұзақ уақыт бойы қалыптасқан. Сондықтан оның геологиясын, тектоникалық құрылысын және пайдлалы қазбалары туралы ғылыми зерттеулер мен көптеген ғалымдар айналысты. Атап айтсақ, А.А. Абдулигн, А.Д. Архангельский, В.Ф. Беспалов, Р.А. Борукаев, Ш.И. Есенов, Н.Г. Кассин, Н.Н. Костенко, Г.Ц.Медоев, К.И. Сатпаев, Е.Д. Шлигин, Б.А. Федорович, А.А. Яншин және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет