Тақырыбы: «Қазақстанның физикалық географиясы» Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиялық орны, ауданы және шекаралары



бет3/23
Дата07.02.2023
өлшемі77,72 Kb.
#65837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Палеозойға дейінгі кезең. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша Қазақстан территориясында архей және төменгі протерозой құрылымдары кездеспейді. Сондықтан, ежелгі қабаттың төменгі шекарасы жоғарғы протерозой шегінде көрінбейді. Антициклонерилік құрылымдардың осьтік бөлігінде қалыптасқан және кристалл тақтатастар мен гнейстерге айналған ежелгі тау жыныстары Қазақстанның көптеген аудандарында дамыған. Протерозой тау жыныстары көбінесе Мұғалжар тауы мен Торғай ойысының батыс қақпасында тараған. Кембриге дейінгі шөгінді тау жыныстары Көкшетау, Ұлытау, Қарсақпай, Шыңғыстау жоталары мен Атасу – Мойынты су айрығы мен Балқаш маңының шығысында қалыптасқан. Жоғарғы протерозой құрылымдары Ерейментау мен Баянауыл тауларында,ал ежелгі метаморфтықты шөгінділер солтүстік Тянь-Шань антиклинорилерінің осьтік бөліктерінде қалыптасқан.
Палеозой кезеңі. Геологиялық палеозой кезеңінде Қазақстан территориясында құрылымдық- тектоникалық белгілер байқалады. Палеозойдың бас кезінде Қазақстан территориясында теңіздік геосинклинальдық жағдайлар басым болды., яғни жер қабатында шөгінділердің жиналуы мен үгілу процестері жүріп отырса, жер қабығы учаскелерінің шекараларында опырылмалар пайда болып, олар арқылы жер бетіне вулкагндық шөгінділер шығып отырады.
Мезозой кезеңі. Қазақстан жерінің даму тарихындағы мезозой кезеңінде көптеген геологиялық құрылыстар болып өткен., яғни триаста ауданы қысқара түсті. Бірақ Қазақстанның батысындағы Орал-Ембі платформалық аймағы теңіз түбіне батты. Триастағы теңіздік шөгінділер Маңғыстау Қаратауының антиклинорий зонасында, Басқұншақ көлдерінің жағалауында пайда болған.
Кайнозой кезеңі. Кайнозой кезеңінің басты ерекшелігі- оның шөгінділері Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседлі. Олардың литологиялық құрамы күрделі болғандықтан 3 кешенге бөлінеді: палеоген, неоген, және төрттік.
Тақырыбы: Қазақстанның климаты және климат құрушы факторлар

  1. Климат қалыптастырушы факторлар;

  2. Қазақстан климатының жеке элементтерінің режимі;

  3. Қазақстан территориясын климаттық аудандастыру;

Атмосфераның төменгі қабаты мен жер бетінің арасында үнемі болып отыратын климаттық ерекшеліктер табиғат жағдайларын қалыптастырушы себептер болып табылады, яғни климат дегеніміз-Күн радиациясы мен атмосфера циркуляциясына байланысты ауа-райының көп жылдық режимі. Ал климаттық жағдай дегеніміз жер бетіндегі ауа массаларының физикалық қасиеттерінің көп жылдық өзгерісі.
Қазақстандағы климаттың ең алғашқы ғылыми деректерін зерттеумен М.Д.Пономарев, А.А.Григорьев, П.Н.Колосков, А.С.Утешов сияқты ғалымдар айналысты.
Климаттық мәліметтер күн радиациясы мен негізгі метеорологиялық элементтерді көпжылдық бақылау нәтижесінде алынған статистикалық деректер бойынша жинақталады.
Жерінің аумағына және орографиялық ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанның климаттық жағдайы өте күрделі қалыптасқан. Территориясының солтүстігінен оңтүстігіне қарай далалық зонаның климатынан шөлдік зона климатына дейін ауытқу байқалады. Сондықтан Қазақстан климатына тән төмендегідей ерекшеліктер анықталған: оның мұхиттардан, әсіресе ылғалды мол әкелетін Атлант мұхитынан алшақ жатуы; биік тау массивтерінің оңтүстік-шығыста орналасуы.
Еліміздің климатын қалыптастырушы көптеген факторлар дәлелденген, атап айтсақ: күн радиациясы, ауа құрамы, атмосфера циркуляциясы және олардың табиғат компоненттерімен өзара байланысы. Сонымен бірге климатты анықтайтын негізгі элементтерге метеорологиялық атмосфералық қысым, желдің жылдамдығы, ауа температурасы мен ылғалдылығы, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашындар жатады.
Климат қалыптастырушы факторларға тоқталамыз:
1. Күн радиациясы-бұл бүкіл географиялық қабыққа келіп түсетін және климат түзуші энеогия көзі болып есептеледі. Географиялық ендікке және Қазақстан территорисының үлкендігіне байланысты Күннің түсуі әркелкі болады. Қазқстан қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде орналасқан, сондықтан күннің түсуі жоғары, орта есеппен алғанда жылына 2000-3000сағат күн сәулесі түсіп отырады, бірақ солтүстіктен оңтүстікке қарай бұл көрсеткіш өзгереді.Яғни Қостанайда 2058сағат, Астанада 2102сағат, Шымкентте 2892сағат, Алматыда 2043сағат, Бетпақ Далада 2936сағат, ал оңтүстік-шығыс таулы аудандарда 2000сағатқа жетеді. Себебі таулы аудандарда күн радиациясының жиынтық мөлшері бұлттылыққа тәуелді болады. «Бұлттылық» дегеніміз атмосферадағы өте ұсақ су тамшылары мен мұз кристалдарының жиынтығы, олар ауа массаларының жоғары көтеріліп, суынуының нәтижесінде пайда болады. Бұлттар күннен келетін тікелей радиацияның үлесін азайтып, олардың шашырап түсуіне ықпал етеді. Яғни қызуды азайтады. Бұлтты күндердің саны орташа есеппен солтүстікте 245 күн, оңтүстікте 105 күнге жетеді. Жаздыгүні Қазақстан бүкіл ТМД елдері бойынша ең бұлтсыз өңір деп есептеліп, «күн шуақты» өлке деп аталады.
Күн радиациясының түсуіне кері әсер ететін келесі фактор-альбедо. Жер бетінің альбедосы дегеніміз- жарықты шағылыстыру қабілеті, оның мөлшері оңтүстікке қарағанда солтүстікте басым болады.
2. Климаттың қалыптастыруын анықтайтын маңызды факторлардың бірі- атмосферадағы циркуляциялық процестер. Циркуляция дегеніміз- жер бетіндегі ауның әртүрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі. Циркуляциялық процестер жоғары және төменгі қысымды аймақтар, мұхит және құрлықтар арасында жүріп отырады.
Қазақстан территориясына жыл бойы ауа массаларының 3 типі ықпал етеді: арктикалық, полярлық, тропиктік. Жазғы маусымда Орта Азия мен Қазақстанның шөлді кеңістіктерінде атмосфераның төменгі қысымдағы облыстары қалыптасып, тропиктік құрғақ ауа массалары пайда болады да бұлтсыз ашық ауа-райы үстемдік етеді, ал Орталық Қазақстанда жоғары жылдамдықтағы желдер пайда болып ауа температурасы 30-35˚С, ал оңтүстікке жақындаған сайын 40-45˚С-қа дейін көтеріледі.
Ал, қыстыгүні арктикалық және полярлық ауа массаларының ықпалынан Қазақстанға Батыс Сібір жазығы арқылы суынған ауа массалары келіп, тауаралық жазықтарда температура -5-15˚С, ал Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньның солтүстік беткейлерінде -20-30˚С-қа төмендейді.
Таулы аудандарда ауа-райының қалыптасу процесіне жергілікті циркуляциялық жағдайлар да әсер етеді, яғни мұнда бұлттар күрт қоюланып, атмосфералық жауын-шашындар мол түседі. Ал ірі су айдындарының жағалауында ауа райын қалыптастыруда бриз желінің ықпалы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет