Қазақстан өзендерінің гидрометриялық сипаттамасы және олардың экологиялық жағдайы. Қазақстандағы өзендердің гидрографиялық жүйесі мен режимі жазықтық аудандарда ендік зоналық, ал таулы аймақтарда биіктік белдеулік бойынша сипатталады. Республика территориясы бойынша ылғалдың жеткіліксіздігі-
нен, әсіресе шөлді аудандарда беттік ағындар сирек, өзендердің суы өте аз болып келеді. Көптеген өзендер құяр сағасына жетпей, арнасы кеуіп кетеді.
Қазақстандағы өзендердің жалпы саны 85мыңға жетеді, олардың 8мыңға жуығы (10%) 10 км-ге созылса, тек 10 өзеннің ұзындығы 800 км-ден асады (2 кесте).
2-кесте. Қазақстандағы ірі өзендердің гидрометриялық сипаттамасы
Өзендер
Ұзындығы, км.
Алабының ауданы, мың км².
Жалпы
Қазақстан территория-
сындағы
Жалпы
Қазастан
территория-
сындағы
Ертіс
Есіл
Тобыл
Урал
Сырдария
Шу
Сарысу
Іле
Нұра
Торғай
4284
2450
1591
2428
3019
1067
671
1384
978
827
1700
1400
800
1082
1400
800
671
815
978
827
1643
177
426
231
462
148
81,6
140
60,8
157
234
123
130
72,5
240
62,5
81,6
68,4
60,8
157
Республика территориясы бойынша өзендер әркелкі таралған. Яғни солтүстіктен оңтүстікке қарай өзендердің орналасу жиілігі азая түседі. Атмосфералық жауын-шашындар көп түсетін орманды дала және дала зоналарының әрбір 100 км² жерінде 4-6 км өзен болса, шөлейт зонасында 2-4км, ол шөл зонасында 0,5км-ден аспайды. Ал,таулы аудандарда жазықтарға қарағанда өзендер анағұрлым көп. Мысалы, Жоңғар Алатауының етегінде 100км²-қа 2-4км, ол орташа биіктіктегі бөліктерінде 12-16км-ге дейін жетеді.
Сонымен бірге, Қазақстан таулы өзендерінің бір ерекшелігі сел процестері жиі болып тұрады. Сел дегеніміз таулы аудандарда жер сілкінуден, нөсерлі жауын-шашынның өтуінен, қар көшкінінен, мұздықтар мен қарлардың мөлшерден көп еруінен немесе тау беткейіндегі борпылдақ жыныстарының өзен арнасына құлауынан басталатын лай балшықты, күшті тау тасқыны.
Қазақстан бойынша селге ең қауіпті аудан- Іле Алатауының солтүстік беткейі. Селден елді мекендерді қорғау үшін каналдар, көпірлер,бөгеттер салынып, ағаштар отырғызылады. Кіші Алматы өзенінің Медеу тұсында биіктігі 112 метрге жететін бөгет салынған.
Жасанды өзендер болып саналатын каналдар егістікті суару үшін, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен халықты сумен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қазақстандағы ең ірі канал Ертіс-Қарағанды-Жезқазған ұзындығы 1000км-ге жетеді,ені жоғарғы ағысында 40км-ге жетсе, тереңдігі 5-7метр. Каналдың бойында 100-ге жуық гидротехникалық құрылғылар салынған. Сонымен бірге, Арыс-Түркістан каналы ұзындығы 200км, Сырдария өзенінің бойында салынған Жаңадария-600км, Орал-Көшім-200км (Б.Қ.О), ол ұсақ каналдарға Шыршық, Чу, Көксу, Үлкен Алматы және т.б.
Қазақстандағы өзендер мен каналдардың көпшілігі шаруашылық мақсатта қолданылып келеді.