Тақырыбы: «Қазақстанның физикалық географиясы» Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиялық орны, ауданы және шекаралары


Тақырыбы: Жер асты суларының таралу ерекшелігі жәнешаруашылықтағы маңызы



бет9/23
Дата07.02.2023
өлшемі77,72 Kb.
#65837
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Қазақстанның физикалық гегр

Тақырыбы: Жер асты суларының таралу ерекшелігі жәнешаруашылықтағы маңызы
Жерасты суы дегеніміз-жер қыртысы жоғары қабаттарындағы тау жыныстарының қуысында кездесетін су. Жерасты суының жер бетіне шыққан жерлері-бұлақтар деп аталады. Жерасты суларындағы физико-химиялық қасиеттері бар сулар-минералдық сулар деп аталады.
Еліміздің территориясында табиғи температурасы мен минералдығы әртүрлі жерасты сулары бар, минералды су көздерінің қалыптасуы негізінен жер қыртысындағы хлорлы, кальцийлі және натрий тұздарының құрамына байланысты, кейбір жерасты суларының табиғи температурасы 32 +50°C-қа жетіп, олар халықтың күнделікті тұрмысы және емдік қасиеттері үшін қолданылады. Мысалы, Бурабай, Арасан, Сары-Ағаш, Жаңақорған курорттарының минералдық сулары ревматизм, асқазан, ішек, бауыр және тері ауруларын емдеу үшін қолданады. Қазақстанның шөлді аудандарында әлі күнге дейін игерілмей келе жатқан минералдық су көздері өте көп шоғырланған.
Жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз. Қоректену көздері белгілі болған жағдайда жер қыртысындағы су көздері негізінен алқаптың геологиялық құрылысымен анықталады. Олар өзен, көл, теңіз және мұхит суларымен бірге Жер шарының гидросфера қабатын құрап, жалпы су айналымына қатысады. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, жер асты сулары жер беті суларымен тікелей байланысты.
Жер асты сулары химиялық құрамына қарай сілтілі, жұмсақ, қатты және қышқыл болып бөлінеді. Орналасуына қарай жер асты сулары: 1) шөгінді тау жыныстарының кеуек-қуыстарында кездескен жағдайда кеуек-қуыс сулары; 2) кристалданған немесе цементтелген тау жыныстарының жарықтары мен жарықшақтарында кездескенде жарықшақ сулары; 3) оңай ерігіш тау жыныстарының құрамында кездессе карст сулары деп бөлінеді.
Тереңдік жағдайларына қарай олар: үстіңгі қалқыма су, грунт суы және артезиан сулары деп бөлінеді. Қалқыма су кішігірім ойыстарда, құмшағылдар арасында атмосфералық жаңбыр мен қар немесе тасыған өзен суларының топырақ қабатына сіңуі нәтижесінде уақытша пайда болған және жер бетіне ең жақын орналасқан сулар. Грунтты топырақ суларының қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты болып келеді. Олар жер бетіне жақын орналасқан жер асты суларынан құралады. Бұл суларды “құдық суы” деп те атайды. Артезиан сулары – терең қабаттарда кездесетін шөгінді жыныстар арасында қалыптасқан жер асты сулары.
Жер асты суларының қозғалысы қалыптасқан және қалыптаспаған, тегеурінді және тегеурінсіз, ламинар және турбулентті болып келеді.
Жер асты суларының маңызы орасан зор және жан-жақты. Олар ағынның ең тұрақты бөлігі болып, өзендер мен көлдерді толықтырады; олардың орын алмасуы арқысында еріген заттар тасымалданады; өсімдіктер ылғал мен қоректік тұздар алады; рельефтің сырғу, суффозия, карст қалыптасуына қатысады.
Жер асты суларының қалыптасуы жөнінде негізінен екі теория қалыптасқан: сорғу (инфильтрация) және конденсациялық. Сорғу теориясы жер асты суларының қалыптасуын атмосфералық жауын-шашындары мен жер үсті суларының жерге сіңуі арқылы түсіндіреді. Конденсациялық теория жер асты суларының қалыптасуын су буларының жер жарықтары мен қуыстары арқылы атмосферадан конденсациялану жолымен түсіндіріледі.
Жер асты сулары инфильтрациялық жолмен атмосфералық сулардың есебінен де көбейіп отырады. Инфильтрациялық және седиментациялық сулар аралас кездеседі. Соның нәтижесінде тұщы және ащы сулар құралады. Жер қыртысының жоғарғы қабаттарында әрі тұщы, әрі жас сулар (атмосфералық), тереңірек – минералды немесе ескі сулар, ал ең төменгі қабаттарда – ащы немесе тұзды сулар түзіледі.
Атмосфералық тұщы сулар төмен қарай сарқылып, жер қыртысының жоғарғы қабаттарына жиналады, ал терең қабаттарда ескі теңіз сулары сақталады. Тұзды сулар мантия қабатынан жоғары көтеріліп пайда болады. Ал кейбір болжамдар бойынша, тұщы сулар тұзды қабаттар арқылы ағып өткенде жолай оларды ерітіп, өзіне қосып алып тұзды суға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет