Өсімдіктерді қорғау.Қазіргі Қазақстанның өте бай, флорасынан көптеген азықтық, техникалық түрге айналдыруда. Республиканың ең байлығы мол аймағы – орман алқабы. Орман – техникалық материалдар құрылысы ғана емес, сонымен бірге тотын, целлюлоза мен қағаз, картон, мебель және фанер шығару үшін қолданылады. Орманды алөқаптарды қорғап, оларды пайдалануды реттеу керек, өйткені ормандар оттегі шығара отырып, топырақты жел және су эрозиясынан қорғайды, ондағы ылғалдылықты сақтайды, сонымен бірге, өзендердей су тасқындары мен сел құбылыстың жылдамдығын баяулатады, жер бетіндекгі тіршілікке қолайлы жағдай туғызады.
Жануарлар дүниесін қорғау
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде фаунасы бай елдердің бірі. Кең байтақ Қазақстан жерінде бағалы теріліде, дәрі-дәрмек, жүн шикізаттарын беретін аңдар мен құстар өте көп. Кәсіптік аңдар ауланатын құстар мен сирек кездесетін және эндемик жануарлардың ғылыми маңызы өте зор. Олар қазақ жерінде мекендейтін қарақұйрық, сусар, құндыз, тырна, безгелдек, дуадақтар жыл сайын азайып барады. Соңғы ғасырларға дейін Қазақстанда тіршілік еткен бұғылар,жабайы түйе, жолбарыс пенг құлан, бұлан жануарлары құрып кетті.
Жабайы аңдарды еспсіз аулауынан олардың саны келіп, тіпті құрып барады. Шығыс Қазақстанда марал шаруашылығының орталықтары қалыптасқан.
Қорықтарды қорғау.Қорық дегеніміз - өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын аймақ. Қазақстанның табиғаты көркем аймақтарына Көкшетаудағы Бурабай, Павлодар, Баянауыл, Тянь-Шань тау тжоталары мен Іле Алатауының бөктерін жатқызуға болады. Қазақстан территориясында Ақсу-Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Наурызым, Марқакөл және Үстірт қоырқтары бар. Оларда өсімдіктер мен жануарлардың жойылып бара жатқан түрлерін сақтап, қорғау жұмыстар ұйымдастырылған.
Тақырыбы: Табиғатты ұтымды пайдалану проблемалары Табиғат ресурстарын үнемі пайдалану және қоршаған табиғат ортаны қорғау проблемаларының көкейкестілігі;
Антропогендік әсер жағдайында геожүйелердің тұрақтылығын сақтау проблемалдары;
Жаңа ғасырдағы географиялық зерттеудегі келелі мәселелердің бірі- табиғат пен қоғамның өзара әсерлесуіндегі географиялық аспектілер болып отыр. Бұл ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму дәуірінде табиғат ресурстарын пайдалану деңгейіне негізделеді. Қоршаған ортаның өндіріс қалдықтарымен ластануы күрделі мәселе болса, ал табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен оларды қорғау - адамзаттың келешек ұрпақ алдындағы басты парызы болып табылады.Осындай мәселелерді шешу үшін физикалық географтардың да орны ерекше болғандықтан, олар қоғам мен табиғаттың өзара әсерлесу проблемаларын шешудің географиялық және экологиялық тәсілдерін анықтады.
Кешенді географиялық тәсіл кеңістіктегі объектілер мен құбылыстардың өзара байланысына негізделген. Оны қолдану табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың аймақтық жүйесі мен олардың өзара әсерлесу, байланыс орнатуда ұтымды қарым-қатынасты реттеуге түрткі болады. Ал, экологиялық тәсіл қоршаған ортаны «табиғат-өз үйіміз» ұстанымы бойынша оның қожайыны ретінде қорғап, сақтау мәсеселерін қарастыруға бағытталған.
Жоғарыда аталған тәсілдерді біріктіре отырып географтар мынадай бағыттарды өз міндетіне алды:
Адам әрекетінен қоршаған табиғат ортасының өзгерісіне бақылау жасау;
Қоршаған ортаға адамның шаруашылық әрекетінің салдарына ғылыми-географиялық болжам жасау;
Табиғи апатты құбылыстардың алдын алу және оларды ескерту;
Адам әрекетінен пайда болған табиғи-техникалық жүйелерді оңтайластыру;
Бұл мәселелерді шешу үшін ТАК-ды терең зерттеп, олар туралы толықтай білімді болу шарт,сонымен бірге табиғатты пайдаланудың тиімді жолдарын нақтылай білу керек.
Табиғат пайдалану- бұл 70-жылдары кең тараған ғылыми ұғым, ол шаруашылық әрекеттің негізгі сферасы ретінде қарастырылып, төмендегідей өзара байланысқан 2 міндетті шешуге бағытталған: 1) шаруашылық пен халықтың табиғат ресурстарына деген сұранысын қамтамасыз ету және 2) адамның өмір сүруі үшін табиғи ортаны сақтау және арттыру, биосфера эволюциясы мен дамуын және оның әртүрлілігі мен біртұтастығын сақтау .