Қазақстанның көлдері мен теңіздері. Қазақстан Республикасының территориясында көлдердің жалпы саны ( теңіз, су қоймаларын қоспағанда ) 48 мыңға жетеді, олардың жалпы ауданы 45 мың км² құрайды. Ауданы 1км² болатын шағын көлдердің сандық үлесі 94%, ол ауданы жөнінен 10% құрайды, ал ауданы 100км²-тен асатын ірі көлдердің саны бар жоғы 22. Көл қазаншұңқырларының көпшілігі шөлді аудандарда орналасқан, мысалы, Балқаш, Алакөл, Сасықкөл және т.б.
Қазақстандағы көлдердің орташа тереңдігі 2м, ал ең тереңі 4-8м-45м-ге жетеді де,олардың көбісі 100-350м абсолюттік биіктікте орналасқан (3 кесте).
Қазақстан жеріндегі өзендер орналасу географиясына қарай бірнеше бассейндерге біріккен:
Солтүстік Мұзды мұхит бассейні, оған Ертіс, Есіл және Тобыл өзендері салаларымен, Алтай тауларынан басталатын Уба, Үлбі, Бұқтырма, Күршім, Сілеті, Шідерті, және Үленті жатады.
Каспий теңізінің бассейні. Орал өзені мен оның салалары Ембі, Сағыз, Үлкен және Кіші Өзен және Ембі үстіртінен ағып өтетін бірнеше ұсақ өзендер жатады. Орал өзенінің Қазақстандағы бөлігі Жйық деп аталып, республика жеріндегі ұзындығы 1082 км, арнасының ені 350-500 метрге жетеді. Каспий теңізіне құяр жерінде көптеген тарауларға бөлінеді. Жайық өзенінде тұрақты кеме шаруашылығы ұйымдастырылған.
Арал теңізінің бассейніне Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Қазақстанның оңтүстігіндегі Сырдария (оның салалары Арыс, Шу), Сарысу, Торғай және Ырғыз өзендері жатады.
Балқаш-Алакөл көлдерінің бассейні, оған Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендері жатады. Бұл өзендер Солтүстік Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауларынан басталып, Балқаш көліне құяды.
Теңіз және Қарасор көлдерінің кіші бассейні , оған Орталық Қазақстан- дағы Нұра, Талды, Көк өзендері жатады. Бұл өзендердің суы аз болғандықтан, жазғы маусым кезінде буланудың әсерінен сулары таусылып, кейде құмға сіңіп кетіп, арналары кеуіп қалады.
Қазақстан өзендері қоректену көзіне қарай 3 типке бөлінеді: 1) Қар және жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды-дала және дала зоналарының өзендері жатады. Мысалы, Есіл және Тобыл өзендері сәуір-мамыр айларында тау басындағы қарлардың еруінен өзендердің сулары молайып, арналарында су тасқыны басталады. 2) Еріген қар суымен қоректенетін өзендерге шөл-шөлейттің өзендері жатады. 3) Жерасты суларымен және жаңбыр суымен немесе аралас қоректенетін өзендерге Орал, Ембі, Сағыз, Торғай өзендері жатады.
Ал, таулы аудандарда тау басындағы қарлар шаңқай түсте немесе түстен кейін еруіне байланысты биік таулы өзендерде таңертең су аз болып, түстен кейін ғана судың деңгейі бірден көбейеді.
Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Сауыр-Тарбағатай, Алтай тауларының өзендері тек қана қыстыгүні жерасты суларымен қоректеніп, басқа уақыттарда қар суымен, мұздықтармен қоректенеді (Іленің салалары-Шелек, Шарын, Есік, Қаскелең және Қаратал, Лепсі).
3-кесте. Қазақстандағы ірі көлдердің морфометриялық сипаттамасы
Көлдер
Абсолюттік
биіктігі,м.
Көл ауданы,
км²
Ұзындығы,
км.
Ені, км.
Ең терең
жері, м.
Балқаш
Алакөл
Теңіз
Сілетітеңіз
Сасықкөл
Марқакөл
342
347
304
65
350
1149
18200
2200
1162
777
745
449
605
104
74
65
50
88
74
52
40
22
20
19
26
45
8
3,2
4,7
2,7
Көл қазаншұңқырлары жаратылысын байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: 1) тектоникалық қозғалыстардың әсерінен пайда болған – тектоникалық көлдер; 2) вулканның әсерінен пайда болған – вулкандық көлдер; 3) мұздықты-тектоникалық көлдер; 4) әртүрлі тау жыныстарының шөгуінен пайда болған-суффозиондық көлдер; 5) құмдар мен желдердің әсерінен пайда болған-дефляциялық көлдер.
Тектоникалық көлдердің көпшілігі оңтүстік-шығыстағы таулы аудандар мен Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқыларда орналасқан, оларға Зайсан, Қарасор (Қарқаралыда), Теңіз, Марқакөл, Қорғалжың көлдері жатады. Ал, мұздықты көлдер биік таулардағы мұз басқан жерлерде, яғни Іле Алтауы мен Жоңғар Алатауының солтүстік беткейлерінде пайда болған, оларға Үлкен Алматы көлі мен Жасылкөл жатады.
Қазақстандағы Батыс Сібір ойпатында суффозиондық көлдер орналасса, оңтүстік-батыстағы Үстірт пен Бетпақ Далада дефляциялық көлдер пайда болды.
Қазақстан көлдеріндегі су деңгейінің тербелісі жыл бойына ауытқып отырады. Яғни көктем мен жазда судың толысуы байқалса, жаздың соңына қарай су деңгейі төмендеп отырады. Жазықтықтар мен аласатаулардың көлдері дамудың соңғы сатыларынан өтуде, себебі шөл зонасының көлдері бірден тұзданып, су айдындары сортаңдарға айналуда. Ал, орманды-дала мен дала зоналарында эрозиялық процестің әрекетінен көл қазаншұңқырлары борпылдақ жыныстарға толып, тереңдіктері азайып, бірте-бірте құрып бара жатыр.
Тау жыныстарының құрамы мен жер асты суларының таралуына қарай көл суларының химиялық құрамы да өзгеше болады, яғни гидрокарбонаттық көлдер-Алтай, Сауыр және Тянь-Шаньның таулары мен олардың етектерінде, сульфатты көлдер-Бетпақдала, Мойынқұм, Қызылқұм, хлоридті көлдер Ертістің сол жағалауы мен Қазақтың ұсақ шоқында орналасқан. Қазақстандағы жалпы көлдердің 87%-сульфатты, 10%-гидрокарбонатты, 3%-хлорлы типке жатады.
Каспий маңы ойпатында көптеген ащы және тұзды көлдер пайда болды (Боткөл, Аралсор, Алға және Ақтөбедегі Шалқар).
Көл суларында микроэлементтердің құрамында бром, бор, фтор, йод, молибден, мырыш, марганец, темір, қорғасын, кобальт, мыс және никель. Егер судың тұздылығы артса, онда металдық концентрациялар азайып, керісінше фтор, йод, бром көбейеді.
Қазақстанда көлдермен бірге көптеген жасанды су қоймалары салынған. Мысалы, Бұқтырма, Өскемен, Қапшағай, Шардара және т.б.
Қазақстанның теңіздеріне келсек, екі теңізде (Арал, Каспий) әлемдік мұхиттан шалғай орналасқан. Каспий-дүние жүзіндегі ең ірі тұзды көл, теңіз деңгейінен 28метр төмен орналасқан. Ұзындығы 1200км, ені 300км, жағалық шекарасының ұзындығы 7000км, оның 2340км-Қазақстанда, ең терең жері 1025метр. Теңіз суының орташа тұздылығы 12,7‰.
Арал теңізі-геологиялық жасына қарағанда Каспийден анағұрлым жас, теңіз деңгейінен 53 метр биіктікте жатыр. 1960 жылға дейін теңіздің ауданы 66 мың км², ұзындығы 428 км, ені 235 км,ең терең жері 67 метрге жеткен. Тұздылығы 11-13‰.
Ал қазіргі таңда су деңгейі 14-15 метрге төмендеп, ауданы 25 мың км²-қа қысқарып, су көлемі 2 есе азайса, су тұздылығы 3 есе артты.