Тақырыбы: «Қазақстанның физикалық географиясы» Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиялық орны, ауданы және шекаралары


Тақырыбы: Сауыр-Тарбағатай таулы аймағы



бет20/23
Дата07.02.2023
өлшемі77,72 Kb.
#65837
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Тақырыбы: Сауыр-Тарбағатай таулы аймағы

  1. Зайсан провинциясы;

  2. Тарбағатай провинциясы;

  3. Сауыр провинциясы;

  4. Майлы-Барлық провинциясы;

  5. Жоңғар Алатауы провинциясы;

Жоңғар-Сауыр- Тарбағатай өлкесінің негізгі бөлігі Қытай территориясында орналасқан. Кең аймақты Жоңғар ойысын жан-жағынан тау жоталары қоршап тұрады. Қазақстан жеріне Жоңғар ойысының батыс бөлігі енеді.
Қазақстандық Жоңғар-Сауыр-Тарбағатай елі бірнеше провинцияға бөлінеді.
Зайсан провинциясы. Алтай және Сауыр-Тарбағатай тау жүйелерін бөліп жатқан Зайсан қазаншұңқырын қамтиды. Мұндағы полезойдың қатпарлық фундаменті 1600-1700 м-ге жетеді (қалыңдығы ) оның бетін бор, полеоген , неоген және төрттік дәуірдің шөгінділері жауып жатыр. Бұл провинцияда шөл және шөлейт ландшафттары басым болып келеді, сондықтан суармалы егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған.
Тарбағатай провинциясы. Ендік бағытта созылып жатқан Тарбағатай жотасын қамтиды және Зайсан қазаншұңқырын Балхаш –Алакөл ойысынан бөліп тұрады. Жотаның орташа биіктігі 2000-2200м , ал ең биік нүктелері болып саналатын Тастау және Жалаулы таулары 3134м-ге көтерілген . Қазіргі кездегі мұз басу процесі байқалмаған , анғұрлым көтеріңкі бөлігі солтүстік – батыс бағытқа ассиметриалы созылған .
Тарбағатайдың қазіргі таулы жер бедері N-Q дәуіріндегі жаңа тектоникалық қозғалыстың нәтижесінде қалыптасқан. Полезойдың әктастарында карсты , ал мезозойда аккумлятивтік шөгінділер пайда болған.
Жер асты сулары кристалл тау жыныстарында пайда болған , олар 10м-ден 50-100м тереңдікте орналасқан. Сол сияқты минералдық су көздері тектоникалық жарылыстардан пайда болған , құрамы сульфатты-хлоридті және натрий – кальцилік болып келеді. Ең ірі минералдық су көздері Айнабұлақ және Талды деп аталады.
Аймақтың климатына келсек, ылғал жеткіліксіз, жазы жылы , қысы қатал болып келеді. Қантардың орташа температурасы - 18 градус С , аьсолютік минимальді теңдігі - 46 грдус С, шілденің орташа температурасы +20 ,+21 грдус С, жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстік беткейде 350-500мм, оңтүстік беткейде 600-1000мм , 2500м.биіктіктен мәңгі тоң басталады. Негізгі өзендері Үржар және Қатынсу.
Тарбағатай провинциясының территориясында қой шаруашылығы мен дәнді және техникалық дақылдар өсіріледі.
Сауыр провинциясы . Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Сауыр жотасын қамтиды , ең биік нүктесі Мұзтау шыңы 3816м . Морфологиялық пішініне қарай Сауырдың солтүстік беткейі Алтайға ұқсас болып келеді. Ал оңтүстік беткейі тік жарлы және құзды болып келеді. 3300м биіктікте қар сызығы орналасқан.
Сауыр тау жүйесі көптеген шөгінді тау жыныстарынан : тақтатастар, әктастар, құмдықтардан тұрады, олардың геологиялық жасы полезойға сай келеді. Бор шөгінділерінде көмірдің кендірлік кен орындары қалыптасқан.Солтүстік тау бөктерлері палеоген мен неогеннің континентік шөгінділерінен тұрады. Сауыр жотасы 7 балдық сейсмикалық зонаға жатады. 
Климатында ылғал жеткіліксіз, қаңтардағы орташа температура теңдігі -17-20 градус С, шілдеде +23градус С. Жауын – шашының жылдық мөлшері 280мм, 2000-2500м –ден мәңгі тоң басталады. Негізгі өзені Кендірлік.
Майлы-Барлық провинциясына – Жоңғар қақпасы жатады, ол тектоникалық жолмен түзілген. Осы өңір арқылы жойқын күшпен «Ебі», «Сайқан»желдері соғып тұрады.
Жоңғар Алатауы провинциясы-бұл Жоңғар Алатауының негізгі тау тізбектерін қамтиды, оның шығыс бөлігі Қазақстан жерінде орналасқан, қалғаны Қытайда. Жоңғар Алатауының биік нүктелері: Сайқан және Теклі (1100 м); Аршалы (2200 м); Шабынды (1450 м); Қарасырық (1600 м); Күнгей, Қарашеку, Ешкіөлмес, Суықтау (2000 м); Тастау (3150 м); Жұмақ (3240м); Суықжайлау (3010м); Алтын-Емел (3200м); Суаттау(3900м); ең биік нүктелері Тышқан(4442м)және Сарқан(4446м).
Жоңғар Алатауының жер бедерінде тегістелген беткейлер қалыптасып, олар сатылы сипатта болады. Тау жүйесі түгелімен 6-8 балдық сейсмикалық зонаға жатады. Жер бетінде эффузивтік және шөгінді жыныстармен бірге, лесс тәрізді құмдауықтар кездеседі. Оңтүстік беткейде борпылдақ тау жыныстарында түзілген. Жоңғар Алатауының қырқалы тізбектері силур, девон,және карбон жыныстарынан тұрады. Таулардың биік шыңдарында гранитті шөгінділерден түзілген. Метоморфты тау жыныстарында полиметалдардың , мыс және сирек кездесетін металдардың, тас көмір мен әктастардың кен орындары пайда болған.
Аймақтың климаты қоңыржай континентік . Қаңтар айының температутасы -19 градус С , шілдеде +16+18 градус С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері тау бөктерлерінде 300-800мм, биік тауларда 1500мм. 2600-2800м биіктіктен мәңгі тоң басталады.
Негізгі өзендері – Ағанақты, Лепсі, Тентек, Тастау,Жамантты, Теректі, Сарыбұлақ, Сарқан,Биен,Ақсу және тағы басқа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет