Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде төмендегідей қарама-қайшылықтар аңықталды: -бастауыш оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, дамыту қажеттілігі мен бастауыш мектепте балалардың танымдық іс-әрекетін дамытудың әдістемелік құралдардың аздығы арасында;
-шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамыту мен педагогтардың дайындық деңгейі жеткіліксіздігі арасында;
-шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамыту проблемасының маңыздылығы мен осы мәселе де әдістемелік тұрғыда аз зерттелгендігі арасында қарама-қайшылық бар екенін көрсетеді.
Бұл қайшылық біздің таңдаған зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін анықтайды: «Шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамыту».
Зерттеудің мақсаты: Шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамытудың тиімділігін теориялық тұрғыдан анықтау, әдістемесін тәжірибеде тексеріп, ұсыныстар беру.
Зерттеу нысаны:Шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамыту үдерісі.
Зерттеудің болжамы: егер шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамытудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздегі педагогикалық ерекшеліктері айқындалса; өзара байланысқан, кіріктірілген сабақтарда жаңа білімдерді оқушыларға меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері, амалдар қолданылып жүзеге асырылса; тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, нәтижесі шығарылса, онда бұл үрдіс бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғалық болмысының дамуындағы әрекеттер арқылы олардың әлемді, қоршаған ортаның біртұтастығын ғылыми-танымдық тұрғыдан меңгеруін жоғары деңгейде қалыптастыруға негіз болар еді.
Зерттеудің міндеттері: -шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамытудың теориялық негіздерін айқындау;
-шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктерін анықтау;
-шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамыту әдістемесін эксперимент арқылы дәлелдеу, ұсыныстар беру.