Зерттеудің әдіснамалық және теориялықнегіздері Шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамытудың тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық аспектілері анықталып, бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуындағы таным теориясы мен оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, дүниені біртұтастық тұрғыдан шынайы қабылдау туралы ой-пікірлердің заңдылықтары жөнінде философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар негізге алынып, олардың қазіргі жағдайдағы қолдану ерекшеліктері, жаңартылған білім бағдарламасының мазмұнында шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамытуды жүзеге асыруға байланысты бөлімдер мен оқулықтардың оқу материалдарын топтастыруға негізделген педагогиканың жаңашылдық әдіс-тәсілдері.
Зерттеудің әдістері -теориялық (талдау және жинақтау, жалпылау және салыстыру, абстрактілеу және нақтылау, зерттеу болжамын модельдеу және нәтижені жобалау);
-эмпирикалық (сауалнама, интервью, әңгімелесу, бақылау, оқу-әдістемелік құжаттарды саралау, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын талдау, тест, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу);
-статистикалық (зерттеу бойынша алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық тұрғыда өңдеу). Зерттеу базасы:Алматы қаласы, №109 орта мектеп, 3 «В» сыныбы.
Зерттеу жұмысының кезеңдері: Зерттеу 2 кезеңде жүргізілді:
Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттер зерттелді және талданады. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, мақсаты, тақырыбы, нысаны анықталады. Эксперименттің анықталған бөлігінің әдістемесін жасауға және оны өткізуге мүмкіндік беретін тапсырмалар жасалады.
Екінші кезеңде эксперименттің түрлендіру бөлігіндегі негізгі қорытындылар мен ережелер тексерілді; Шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамыту негізінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне бағытталған педагогикалық жағдайлардың жиынтығы сыналды; бақылау бөлімдері орындалады, мәліметтері жүйеленіп, жалпыланды; жалпы тұжырымдар жасалып, зерттеу нәтижелері жасалады.