Тақырыбы: Дипломдық жоба жұмысын орындау және рәсімдеу


Зерттеудің теориялық ғылыми жаңалығы



бет5/12
Дата07.03.2023
өлшемі173,02 Kb.
#72431
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
7.Жақсыбек Аружан

Зерттеудің теориялық ғылыми жаңалығы:
-шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамытудың теориялық негіздері ғылыми тұрғыдан дәлелденді. «Танымдық іс-әрекет» ұғымына анықтама беріліп, Шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамытудың қазіргі жағдайы мен ерекшеліктері қарастырылды;
-шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамытудың өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері анықталды;
-шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамытудың тиімділігі тәжірибелік-эксперименттен өткізіліп, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дәлелденді.
Зерттеудің практикалық мәні: шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамыту тексерістен өткізілді, сондықтан, зерттеу жұмысының нәтижесінде алынған теориялық және тәжірибелік білімдер жиынтығын бастауыш сыныптардың педагогикалық үдерісінде және осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады. Өйткені зерттеу жұмысынан жиналған теориялық және тәжірибелік мәліметтер маңызға ие.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі негізделеді, зерттеу мәселесі, мақсат-міндеттері, нысаны, пәні анықталып, болжам ұсынылады. Қолданылатын әдістер мен зерттеу кезеңдері сипатталады; зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі көрсетіледі.
«Шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамыту теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде Шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамытудың теориялық аспектілері психологиялық-педагогикалық шарттары қарастырылады.
«Шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамытудың әдістемесі» атты екінші бөлімде Шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамытудың қазіргі жағдайы мен әдістемесі анықталып, алынған нәтижелер талданып, қорытындыланады.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері, тұжыр ымдалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі. Зерттеу мәселесіне байланысты келешекте қарастырылатын жұмыстардың бағыттары баяндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет