а) Электростатикалық себеп – бөлшектер бетінде қос электрлік қабаттың түзілуі нәтижесінде электростатикалық тебісу күштері пайда болады, ол фи- және ξ (дзета)– потенциалдар артқан сайын күшейеді.
б) Адсорбциялы – сольватты себеп Гиббстің адсорбция заңына сәйкес дисперсті фаза мен дисперсті орта әрекеттескенде фазааралық керілу күшінің кемуі;
в) Энтропиялық себеп –дисперсті фазаның бүкіл көлем бойынша біркелкі таралуға ұмтылуы.
Бөлшектердің жабысуына қарсылық ететін агрегатты тұрақтылықтың кинетикалық себептеріне мыналар жатады:
Бөлшектердің жабысуына қарсылық ететін агрегатты тұрақтылықтың кинетикалық себептеріне мыналар жатады:
а) Құрылымдық – механикалық себеп - бөлшектер беттерінде белгілі серпімділік пен механикалық беріктілікке ие қабыршықтар болады, оларды жою үшін қандай-да бір энергия шығыны және уақыт қажет.
б) Гидродинамикалық себеп – орта тұтқырлығы мен дисперсті фаза, дисперсті ортаның тығыздығы өзгеруіне байланысты бөлшектердің тұнбаға түсуі азаяды.
в) Аралас себептері: нақты жүйелерге тән. Бұл жоғарыда айтқан себептердің бір мезгілде әсер етуі.
Коагуляция (ұю)
Коагуляция (ұю) – коллоидты бөлшек-тердің бірігу үдерісі, нәтижеде ірі агре-гаттар түзіліп, агрегатты тұрақтылық жоғалады. Коагуляция бөлшектер ара-сындағы тартылу күштері бірдей заряд-талған гранулалардың тебу күштерінен артқан кезде жүреді.
Ең зерттелгені және ең практикалық маңыздысы-коллоидтарды электролиттермен коагуляциялау. Электролиттер, бір жағынан зольдерді тұрақтандырады, екінші жағынан, оларды артық мөлшерде қосу зольдердің коагуляциясына әкеледі.