Бөлшектердің тұнбаға түсу жылдамдығы Стокс теңдеуімен табылады:
V=2g(р - р0)r2/9 η
Бұл теңдеуден мына салдарлар шығады:
а) егер бөлшек cұйыққа қарағанда жеңіл болса (мысалы судағы май эмульсиясы), онда (р - р0) < о демек ν < о. Басқаша айтсақ, бөлшектер шөгу орнына сұйық бетіне қалқып шығады.
б) егер (р - р0)>0 болса, онда коллоидтық бөлшектер шөгеді.
Коллоидты ерітінділерді тазалау әдістері:
Коллоидты ерітінділерді электролит-терден және төменгі молекулалы қосылыстардан тазалаудың бірнеше тәсілдері бар: диализ, электро-диализ и ультрафильтрация.
Коллоидты ерітіндіні өткінші жарықта қарастырғанда мөлдір сияқты көрінеді.
Егер жарық сәулесі коллоидты ерітіндіге бүйірінен түсірілсе, онда оның жолы қараңғы аймақта жарқыраған конус түрінде байқалады, ол Тиндаль конусы деп аталады.
Тиндаль конусының негізінде коллоидты бөлшектердің өлшемдері мен түскен жарықтың толқын ұзындығына байланысты, коллоидты бөлшектердің көрінетін жарықты шашырату құбылысы жатыр.
Жарық толқындарын (10-4-10-7м) ірі бөлшектер шағылыстырады, мысалы, суспензиялар мен эмульсиялар, өте майда бөлшектер төменгі молекулалық заттардың молекулалары мен иондары (10-10м) жарықты өткізеді, өлшемдері жарықтың жартылай толқын ұзындығына шамалас (10-7-10-9м) бөлшектер, яғни коллоидты бөлшектер жарықты барлық жаққа шашыратады: жарық толқындары осындай бөлшектерге кездесіп, оны орағытып айналып өтеді, және сәуле түзу сызықтан ауытқиды (жарықтың диффракция құбылысы).