Тақырыбы: Дисперсті жүйелер. Заттардың коллоидтық күйі. Коллоидық жүйелердің молекулалық-кинетикалық және оптикалық қасиеттері



бет4/10
Дата16.10.2023
өлшемі3,7 Mb.
#116491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Химиялық әдістер

  • Стабилизаторлардың қатысында қиын еритін заттардың түзілуіне әкелетін әртүрлі химиялық реакцияларға (тотығу, тотықсыздану, гидролиз, алмасу) негізделген. Мысалы,суды тазалауда пайдалынатын темір (ІІІ) және алюминий гидроксидтерінің зольдарын гидролиз арқылы алады:
  • FeCI3+3H2O → Fe(OH)3+3H2O

Тері ауруларын емдеуде қолданылатын күкірттің гидрозольін тотығу реакциялары арқылы алады:

  • Тері ауруларын емдеуде қолданылатын күкірттің гидрозольін тотығу реакциялары арқылы алады:
  • 2H2S+O2 → 2S+2H2O
  • Алтынның және күмістің коллоидты ерітінділерін тотығу-тотықсыздану реак-циялары арқылы алады:
  • 2AgNO3+H2O2 → 2Ag+ O2+2HNO3
  • 2HAuCI4+3H2O2 → 2Au+8HCI+3O2

3. Коллоидтық жүйелердің молекулалық- кинетикалық қасиеттері.

  • Үдемелі және айналмалы броундық қозғалыстың теориясын өзара тәуелсіз А.Эйнштейн және М.Смолуховский (1905-1906ж) жасады. Бұл теорияға сәйкес бөлшектердің жылулық қозғалысының бағыты және жылдамдығы олардың дисперсті орта молекулаларымен соқтығысуымен анықталады. Бөлшек барлық жағынан соққыға жығылады. Әр молекуланың соққысын немесе қозғалысын бақылау мүмкін емес. Бұл жағдайда статистикалық әдістерді қолданады.

Статистикалық заңдар негізінде тәртіпсіз қозғалыс кезінде орташа ығысу шамасының квадратын (∆х2) дәл есептеуге болады. Бұл шама, Эйнштейн көрсеткендей, радиусы r шар тәріздес бөлшек үшін былай анықталады:

  • Статистикалық заңдар негізінде тәртіпсіз қозғалыс кезінде орташа ығысу шамасының квадратын (∆х2) дәл есептеуге болады. Бұл шама, Эйнштейн көрсеткендей, радиусы r шар тәріздес бөлшек үшін былай анықталады:
  • ∆х2= RTt/3πηr NA
  • мұндағы R–универсал газ тұрақтысы, Т-абсолюттік температура, NA - Авогадро тұрақтысы, η- орта тұтқырлығы, r-бөлшектер радиусы.

Броундық қозғалыс кезіндегі бөлшектің қозғалу схемасы:

Диффузия

  • Диффузия
  • Диффузия деп жылулық (немесе броундық) қозғалыс әсерінен ерітінді немесе газдың барлық көлемі бойынша бөлшектер концентрациясының өздігінен теңелу процесін айтады.
  • Егер жүйеде бөлшектер концентрациялары әртүрлі аймақтар болса, онда кез-келген бөлшек концентрациясы және химиялық потенциалы жоғары жүйе бөлігінен көбірек соққылар алып ерітіндінің сұйытылған аймағына үстем түрде жылжиды. Нәтижеде жүйе көлемі бойынша ерітінді концентрациясы мен химиялық потенциалдар теңеседі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет