Бұл екі құбылыстан басқа фазалардың өзара қозғалысы нәтижесінде потенциалдар айырымы түзілетін тағы екі электрокинетикалық қасиеттер бар:
Бұл екі құбылыстан басқа фазалардың өзара қозғалысы нәтижесінде потенциалдар айырымы түзілетін тағы екі электрокинетикалық қасиеттер бар:
1. Сұйықтықты, қысым арқылы түтікшелі жүйеге енгізсек онда оның ұштарында потенциалдар айырымы түзіледі, ол ағу потенциалы деп аталады.
2. Коллоидты бөлшектер сұйық ортада шөккенде сұйықтықтың жоғары және төменгі қабаттары арасында потенциалдар айырымы түзіледі, оны шөгу (седиментация) потенциалы деп атайды.
Ағу потенциалы электроосмосқа, ал шөгу потенциалы электрофорезге кері құбылыс.
5. Коллоидтық жүйелердің тұрақтылығы және коагуляциясы:
Кинетикалық тұрақтылық – бұл дисперсті жүйенің ауырлық күші әсеріне қарсы тұрақтылығы, яғни дисперсті бөлшектердің тұнбаға шөкпей дисперсті ортаның көлемі бойынша біркелкі таралу қасиеті (әсер етуші факторлар:броундық қозғалыс жылдамдығы; дисперстілік дәрежесі; дисперсті ортаның тұтқырлығы; температура т.б.).
Агрегатты тұрақтылық – дегеніміз коллоидты жүйенің өзінің дисперстілік дәрежесін, яғни мицелла құрамындағы дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемін сақтау қасиетін айтады.