Дисперсті жүйелердің, оның ішінде коллоидтық ерітінділердің негізгі оптикалық қасиеті – жарықты шашырату құбылысы, бұл дисперсті жүйелердің ерекше белгілері – гетерогенділік пен дисперстілікке байланысты. Жарық энергиясы жылулық формаға өтпей, жан – жақты бағытта бөлшектерден жаңадан шығарылады. Сондықтан шашыраған жарықты қараңғы фон жағынан байқауға болады.

Жарықтың шашырау құбылысын ғалым Брюкке (1852ж.), ғалым Фарадей (1887ж.) және ғалым Тиндаль (1869ж.) зерттеді. Бұл құбылысты осы ғалымдардың есімімен Фарадей–Тиндаль құбылысы деп атайды.
Электрокинетикалық құбылыстар дегеніміз, электр тоғы қатысатын, екі фазаның салыстырмалы қозғалуы кезінде гетерогенді жүйелерде пайда болатын процестерді айтады:
Электроосмос
Электрофорез
1. Электрофорез – сыртқы электр өрісі әсерінен дисперсті фазаның зарядталған бөлшектерінің дисперсті ортаға қатысты қозғалуы.

2. Электроосмос – дисперсті ортаның дисперсті фазаға қатысты сыртқы электр өрісінің әсерінен қозғалуы.