Тақырыбы: «Логопедия негіздері және логопедия технологиясы» Дефектология – педагогикалық ғылым саласы


-Дефектологияның негізгі принциптері



бет3/19
Дата09.12.2022
өлшемі75,4 Kb.
#56121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
3-Дефектологияның негізгі принциптері.
Педагогикалық ғылым ретінде дефектология педагогиканың негізгі категорияларымен қаруланған.
Кемістігі бар балаларды тәрбиелеу – дефектологияның негізгі түсініктерінің бірі.
Кемістігі бар баланы тәрбиелеудің мақсаты мен мүдделері педагогиканың негізгі принциптерімен айқындалады: белсенді, қиғамдық пайдалы өмірге дайындау, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру. Бұл мақсаттар кемістіктің құрылымы және дәрежесіне сәйкес әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылады. Комістіктің сипатына қарай оның салдарын түзеуге арнайы шарттар жасалынады.
Баланы тәрбиелеу жұмысы оның жеке басының және жас мөлшерінің ерекшеліктеріне қарай, дербестігін, өзіне-өзі қызмет ету машықтарын, мінез-құлқын, көпшілікпен өмір сүріп, еңбек ете білу қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады.
Кемістігі бар балаларды оқыту және дамыту - бұл берудің, шеберлік, дағды, әрекет машықтарын үйретудің мақсатты процесі, өмірге еңбекке дайындаудың негізгі құралы.
Оқыту барысында білім беру мен тәрбиелеудің мақсаты жүзеге асырылады. Дефектология кемістігі бар балаларға білім беру және оқытудың арнайы әдістемелік мәселелерімен айналысады.
Оқу процесінің мақсаты, мазмұны принциптері ұйымдастырылуы кемістіктің сипаты мен ауырлығына қарай әрбір арнайы оқу орнының нақты типіне сәйкестендіріліп жасалады. Осыған байланысты оқыту әдістері, көрнекі және техникалық жабдықтар таңдалып алынады, іріктеп оқытудың мәселелері шешіледі. Бұл мәселе дефектологияда ең негізгі болып табылады, Т.А.Власованың ұғымынша, айтылған ғылымның барлық бөліктерінің мақсаты – кемістігі бар балапың даму ерекшеліктерін ескере оқытып тәрбмелейтін және оның ауытқушылықтарын жеңін шығуға дәрменінше мүмкіндік жасайтын жайттарды анықтау.
Оқыту және тәрбиелеу, дамудың оңтайлы ауқымын ескере отырып, дамыту сипатында болуы керек. Дамудың оңтайлы ауқымы – кемістігі бар баланың өздігінен пайдалана алмайтын ұстаздың көмегімен жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері мен қалыптасып келе жатқан әрекеттері. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша дамудың оңтайлы ауқымы, кемістігі бар баланың кек қазіргі мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар оның келешектегі психикалық дамуын да қамтиды. Оқыту дамудың оңтайлы ауқымынан нақты даму сатысына өтуге септігін тигізуі керек, яғни біртіндеп мұғалімнің жетекшілігінсіз бала өздігінен әрекетке көшуі керек. Бұл оқыту мен дамудың арасындағы ішкі байланысты құрайды. Қалыптасып келе жатқан психикалық қызметтерге сүйене отырып, дұрыс ұйымдастырылған оқыту дамуға әкеліп тіреледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет