Тақырыбы: «Логопедия негіздері және логопедия технологиясы» Дефектология – педагогикалық ғылым саласы



бет4/19
Дата09.12.2022
өлшемі75,4 Kb.
#56121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Коррекция (лат. Carrectio - түзету) балалардың психикалық дене кемістіктерін түзетуге немесе азайтуға бағытталған педагогикалық шаралардын жүйесі. Коррекция түсінігіне жеке қеместіктерді түзету мен қатар (мысалы, қөру және тіл мүкісін жөндеу) кемістігі бар баланы оқыту, тәрбиелеу, дамыту барысында қажетті нәтижеге жету мақсатындағы түнкілікті әсер ету де енеді. Баланың танымдық әрекетіндегі және денесіндегі даму кемшіліктерін жою мен түзету «коррекциялық тәрбиелеу жұмысы» ұғымына белгіленеді.
Балаларға жалпы білім беру және еңбек машықтарын қалыптастыру барысында негізгі және қосымша сабақтардың барлық формасы мен түрлері коррекциялық-тәрбиелік мақсатқа бағындырылған.
Компенсация (лат. Comensatio – қалпына келтіру, теңестіру) – организмнің дамымай қалған немесе бұзылған қызметтерін ауыстыру немесе қайта құру. Бұл туа біткен немесе кейіннен пайда болған кемістіктерге организмнің бейімделгіштігіне байланысты құрделі де алуан процесс.
Қөрмейтін болып туылған баланың көру талдауыштарының қызметін қалпына келтіру, көбінесе, түсінушілікті арттыру арқылы, яғни терінің сезіну жүйесі мен кинестатикалық талдауыштарды дамыту арқылы жүзеге асыруға болады.
Компенсация (қалпына келтіру) процесі жоғарғы нерв жүйесі қызметінің едәуір қосымша мүмкіншіліктеріне сүйенеді. Бұл процесс организмнің қайсыбір қызметін жоғалтып алған жануарларға да тән. Бұл организмнің биологиялық бейімделгіштігінің белгісі.
Баланың жан-жақты дамуы компенсация процесінің шарықтау шыңы. Алайда кемістіктің кейбір формалары үшін компенсацияның (калпына келудің) шеңбері шектеулі. Ақыл дамуының терең кемістектері кезінде кемшіліктерді ішінара ғана түзетуге болады, әйткені ақыл-естің терең формадағы кемшіліктері жоғарғы техникалық процестердің дамуына келтіреді. Бірақ бұндай жағдайды ақыл-есі кем балалардың дамуы түпкілікті шектеліп қалады деп түсінбеу керек.
Кемістігі бар балалардағы қалпына келу прөцестерінің өтуі әр түрлі жағдайларға байланысты. Келесі жағдайлар олардың дамуы үшін қолайлы болып табылады:
а) арнайы мекемелер тарабын құруды қарастыратын оқыту мен тәрбиелеу жүйесін дұрыс ұйымдастыру, оқу процесін коррекциялық-тәрбиелеу жұмысының арнайы әдістер пайдаланатындай етіп құру;
б) оқу мен еңбекті балалардың дене және ақыл қабілеттері қалыптастыруда негізгі құрал ретінде біріктіре пайдалану принципті.
в) балалар ұжымыңда, сондай-ақ ұстаздар мен оқушылар арасындағы дұрыс қарым-қатынастар;
г) оқу жұмысы мен балалардың демалыс кестесін артық салма түспейтіндей етіп дұрыс ұйымдастыру;
д) олардың белсенділігін, еркіндігін көтеретін оқытудын әр түрлі әдістерін алмастырып отыру;
е) балалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін арнайы жабдықтар мен оқу құралдар жүйесін, түрлі техникалык құралдарды кеңінен пайдалану;
Кемістігі бар балалардың әр түрлі топтарының ерекшеліктері ескере, сонымен қатар әр баланың ерекшеліктеріне тірек қоқұрастырылған коррекциялық-тәрбиелік жұмыс қалпына келтірудін түзетудін және функциялардың қызметін орнына келтіруді маңызды шарты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет