Тақырыбы: ҚОЗҒалыс әрекетін оқыту психологиясының негіздері жоспар



бет2/7
Дата20.10.2023
өлшемі32,49 Kb.
#119918
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
17 ЛЕКЦИЯ оқыту психологиясы 2

Оқыту психологиясы – оқытудың жүйелілігі жайындағы танымдық іс -әрекеттің дамуын зерттейтін педагогикалық психологияның бөлімі. Әр түрлі дидактикалық жүйе жағдайындағы танымдық іс -әрекеттің өзгешелігіне себепші болатын сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын анықтайды, оқудың мотивациялық және зияттық жоспарының арақатысын, баланың дамуы мен оқу процесін басқару мүмкіндіктерін оқыту тиімділігінің психологиялық –педагогикалық өлшемдерін зерттейді. [1]
Оқыту психологиясы оқыту мен қатар үйрету, даму, білім беру, білімділік, тәрбие, дамудың жақын арадағы аймағы деген ұғымдарды қарастырады.
Педагогикалық психология балаларыдың оқыту, тәрбиелеу кезіндегі дамуын қарасатырады.
Даму - кейінгі ақыл-ой дамуының пайда болуына үлесі, ойлау формаларының біреуінен екіншісіне ауысуы. Даму сапалық өзгерістермен, жаңа құрылымдардың, жаңа процестердің, жаңа бейнелердің, жаңа механизмдердің пайда болуымен сипатталады.
Дамудың жақын арадағы аймағы - оқушы тапсырманы өз бетінше орындай алмаса да, кішігірім көмек арқылы орындаумен сипатталады. (Выготский)
Үйрету дегеніміз - білімді меңгерудегі қабілеттілік, басқалардың көмегімен қабылдау, жаңа жағдайларға белсенді бейімделу, оқу жұмысының бірінен келесісіне ауысу, жаңа түсініктердің және әрекеттердің пайда болу жылдамдығы, темп, жұмысқа қабілеттілік, шыдамдылық
Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі. Қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Тәрбиелеу- жек тұлғаның дамуы,жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделу белсенділігі, жаңа жағдайлардағы мінез- құлық тәсілдерінің тасымалдануы және икемділігі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет